lang
stringclasses
3 values
title
stringlengths
3
277
original_text
stringlengths
69
182k
processed_text
stringlengths
42
181k
category
stringlengths
4
50
processed
bool
2 classes
url
stringlengths
33
293
date
stringlengths
10
24
kk
Видеоға баласы түсірген: Қарағанды облысында әйелге шабуыл жасады деп күдіктелген ер адам ұсталды
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында әйелге шабуыл жасады деп күдіктелген ер адам ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "25 тамыз күні түнгі уақытта криминалдық полиция басқармасы, Қарқаралы аудандық полиция бөлімі мен "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлердің Қарағанды қаласында бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарқаралы ауданы тұрғынына шабуыл жасады деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды", - делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, күдікті облыстық полиция департаментіне жеткізілді. Қазір алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде. Еске сала кетейік, бұған дейін Қарқаралыда 51 жастағы әйелге шабуыл жасалғаны туралы жазған едік. Әйелдің баласы күдіктіні видеоға түсіріп үлгерген. Болған жайтқа қатысты Қарағанды облысының полиция департаментінде пікір білдірген болатын.
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында әйелге шабуыл жасады деп күдіктелген ер адам ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "25 тамыз күні түнгі уақытта криминалдық полиция басқармасы, Қарқаралы аудандық полиция бөлімі мен "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлердің Қарағанды қаласында бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарқаралы ауданы тұрғынына шабуыл жасады деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды", - делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, күдікті облыстық полиция департаментіне жеткізілді. Қазір алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде. Еске сала кетейік, бұған дейін Қарқаралыда 51 жастағы әйелге шабуыл жасалғаны туралы жазған едік. Әйелдің баласы күдіктіні видеоға түсіріп үлгерген.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034100-qaragandy-oblysynda-aielge-sabuyl-zasagan-kudikti-ustaldy/
26 тамыз 2023, 13:28
kk
Тоқаев пен Рахмон Астана қаласының бас мешітіне барды (видео)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елорданың бас мешітіне барды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін мәдениет күндері аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келетіні туралы жазған едік. Кеше, 25 тамыз күні жұмыс сапарымен елордаға келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізген болатын. Тоқаев Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияның сәтті жүзеге асырылып жатқанын және биыл 6 айда тауар айналымы 500 миллион доллардан асқанын мәлімдеді. Оған қоса мемлекет басшысы Қазақстанға су мен электр энергиясын жеткізгені үшін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға алғысын білдірді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елорданың бас мешітіне барды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін мәдениет күндері аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келетіні туралы жазған едік. Кеше, 25 тамыз күні жұмыс сапарымен елордаға келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізген болатын. Тоқаев Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияның сәтті жүзеге асырылып жатқанын және биыл 6 айда тауар айналымы 500 миллион доллардан асқанын мәлімдеді.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2034097-toqaev-pen-raxmon-astana-qalasynyn-bas-mesitine-bardy/
26 тамыз 2023, 12:45
kk
Қазақстандық теннисші алғаш рет US Open турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды
Теннистен ерлер арасындағы Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов алғаш рет US Open турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтында хабарланды. Федерация мәліметінше, қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 112-орында тұрған австралиялық Джеймс Даквортпен жолдама үшін сынға түсіп, оны 6:2, 6:2 есебімен жеңген. Осылайша 22 жастағы Скатов спорттық жолында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатында ойнайтын болады. АҚШ ашық чемпионатының негізгі кезеңдегі бірінші раундында Тимофей Скатовқа қарсы ойнайтын теннисшінің есімі іріктеу матчтары аяқталғаннан кейін белгілі болады.
Теннистен ерлер арасындағы Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов алғаш рет US Open турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтында хабарланды. Федерация мәліметінше, қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 112-орында тұрған австралиялық Джеймс Даквортпен жолдама үшін сынға түсіп, оны 6:2, 6:2 есебімен жеңген. Осылайша 22 жастағы Скатов спорттық жолында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатында ойнайтын болады.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2034094-qazaqstandyq-tennisissi-algas-ret-us-open-turnirinin-negizgi-kezenine-zoldama-aldy/
26 тамыз 2023, 12:37
kk
Қазақстанда тасжолдарда қандай жылдамдықта жүруге рұқсат етілген
"ҚазАвтоЖолда" Қазақстандағы тасжолдарда тек рұқсат етілген жылдамдықта жүру керектігін еске салды. Сондай-ақ компанияда жүргізушілерге үндеу жасады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясының ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Компанияда тасжолдағы шектеулі жылдамдықтың мәндерін еске салды: II және III санаттағы жолдарда жылдамдықтың шекті мәні басқа шектеулер болмаған жағдайда 100 км/сағ. құрайды. "Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде ордерге сәйкес арнайы жол белгілері қарастырылған", — делінген компанияның хабарламасында. Сондай-ақ "ҚазАвтоЖол" қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады. "Жылдамдық режимі жол қозғалысы ережелерімен реттеледі. Белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру үлкен қауіп тудырады. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін асырмауға және қауіпті маневрлер жасаумауға шақырамыз", — делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында. Жол қозғалысы ережелерімен толығырақ сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады. Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде қала сыртындағы жолдарда жылдамдықты асырған автокөліктерді тіркейтін аппараттық жүйе іске қосылатыны туралы жазған едік. ІІМ ақпаратынша, бұл жүйені іске қосудағы мақсат — жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бақылауды күшейту. "33 ZEREK-2 бағдарламалық-аппараттық кешені әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған, яғни, нұсқамаларды құқық бұзушыларға жіберу автоматты режимде жүзеге асырылатын болады", - дейді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова. Оның сөзінше, бүгінде ZEREK-2 мынадай автожолдарда жұмыс істеуге дайын: Сондай-ақ ІІМ осындай бағдарламалық кешен Көкшетау – Астана тасжолында бұрын іске қосылғанын атап өткен болатын. Ішкі істер министрлігі дерегінше, жеті мыңға жуық жол-көлік оқиғасының ішінде 730 жол-көлік оқиғасы қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдық режимін сақтамаудан болған. Салдарынан 300-ден астам адам қаза тауып, 1200-ден астам адам зардап шеккен.
"ҚазАвтоЖолда" Қазақстандағы тасжолдарда тек рұқсат етілген жылдамдықта жүру керектігін еске салды. Сондай-ақ компанияда жүргізушілерге үндеу жасады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясының ресми сайтына сілтеме жасаған хабарлайды. Компанияда тасжолдағы шектеулі жылдамдықтың мәндерін еске салды: II және III санаттағы жолдарда жылдамдықтың шекті мәні басқа шектеулер болмаған жағдайда 100 км/сағ. құрайды. "Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде ордерге сәйкес арнайы жол белгілері қарастырылған", — делінген компанияның хабарламасында. Сондай-ақ "ҚазАвтоЖол" қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады. "Жылдамдық режимі жол қозғалысы ережелерімен реттеледі. Белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру үлкен қауіп тудырады. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін асырмауға және қауіпті маневрлер жасаумауға шақырамыз", — делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында. Жол қозғалысы ережелерімен толығырақ сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады. Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде қала сыртындағы жолдарда жылдамдықты асырған автокөліктерді тіркейтін аппараттық жүйе іске қосылатыны туралы жазған едік. ІІМ ақпаратынша, бұл жүйені іске қосудағы мақсат — жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бақылауды күшейту. "33 ZEREK-2 бағдарламалық-аппараттық кешені әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған, яғни, нұсқамаларды құқық бұзушыларға жіберу автоматты режимде жүзеге асырылатын болады", - дейді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова. Оның сөзінше, бүгінде ZEREK-2 мынадай автожолдарда жұмыс істеуге дайын: Сондай-ақ ІІМ осындай бағдарламалық кешен Көкшетау – Астана тасжолында бұрын іске қосылғанын атап өткен болатын. Ішкі істер министрлігі дерегінше, жеті мыңға жуық жол-көлік оқиғасының ішінде 730 жол-көлік оқиғасы қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдық режимін сақтамаудан болған.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034086-qazaqstanda-respublikalyq-taszoldarda-qandai-zyldamdyqta-zuruge-ruqsat-etilgen/
26 тамыз 2023, 12:01
kk
Павлодар қаласының әкімін қызметінен босату туралы шешім қабылданды
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаиповты лауазымынан босату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды. Әкімдік мәліметінше, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының активімен кездесу өткізіп, оның қорытындысы бойынша Ержан Иманзаиповты лауазымынан босату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Әкімдік ақпаратынша, Ержан Иманзаипов қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмаған, сондай-ақ қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуын тиісті түрде қадағаламаған. Оған қоса қала әкімдігінің қала тұрғындарымен қарым-қатынасы әлсіреген. Облыс әкімінің аппаратына президент әкімшілігіне тиісті ұсыныс енгізу тапсырылды.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаиповты лауазымынан босату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды. Әкімдік мәліметінше, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының активімен кездесу өткізіп, оның қорытындысы бойынша Ержан Иманзаиповты лауазымынан босату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Әкімдік ақпаратынша, Ержан Иманзаипов қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмаған, сондай-ақ қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуын тиісті түрде қадағаламаған. Оған қоса қала әкімдігінің қала тұрғындарымен қарым-қатынасы әлсіреген.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2034089-asaiyn-baixanov-pavlodar-akimin-qyzmetinen-bosatu-turaly-sesim-qabyldanganyn-malimdedi/
26 тамыз 2023, 11:43
kk
Қорғаныс министрлігі әскери міндеттілерді әскери жиынға шақыру жұмыстары басталғанын мәлімдеді
Қазақстанда әскери борышын өтеуге міндетті азаматтарды әскери жиынға шақыру жұмыстары басталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі ресми сайтында хабарлады. Министрлік мәліметінше, жоспарға сәйкес әскери міндеттілерді жиынға Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті шақырады. Аталған жиын Гвардейск гарнизонындағы 22326 әскери бөлімінде өтеді. Оған 1500 адам қатысады, оның ішінде 189 офицер, 275 сержант және 1 036 сарбаз бар. "Бұл шара үкіметтің 15.05.2012 жылғы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 65-тармағына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті осы құжатты орындау үшін қорғаныс ведомствосы басшысының биылғы жылғы 28 наурыздағы "2023 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы" бұйрығын дайындады", – делінген хабарламада. Ведомство ақпаратынша, әскери міндеттілерге ұйымдастырылатын әскери жиындардың негізгі мақсаты – практикалық дағдыларға машықтау және оны жетілдіру, талап етілетін әскери даярлықты жақсы деңгейде ұстау және әскери міндеттілерді жауынгерлік әзірлікте болуын қамтамасыз ету.
Қазақстанда әскери борышын өтеуге міндетті азаматтарды әскери жиынға шақыру жұмыстары басталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі ресми сайтында хабарлады. Министрлік мәліметінше, жоспарға сәйкес әскери міндеттілерді жиынға Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті шақырады. Аталған жиын Гвардейск гарнизонындағы 22326 әскери бөлімінде өтеді. Оған 1500 адам қатысады, оның ішінде 189 офицер, 275 сержант және 1 036 сарбаз бар. "Бұл шара үкіметтің 15.05.2012 жылғы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 65-тармағына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті осы құжатты орындау үшін қорғаныс ведомствосы басшысының биылғы жылғы 28 наурыздағы "2023 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы" бұйрығын дайындады", – делінген хабарламада.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034088-qorganys-ministrligi-askeri-mindettilerdi-askeri-ziynga-saqyru-zumystary-bastalganyn-malimdedi/
26 тамыз 2023, 11:25
kk
Қостанайда ТЖД-ның 15 қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
Қостанайда жемқорлыққа қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері сотталды. Бұл туралы "ТоболИнфо" агенттігі хабарлады. Аймақтық басылымның хабарлауынша, айыпталушылардың қатарында кадр бөлімінің басшысы Бауыржан Әлімбаев та бар, оған пара алу және алаяқтық бойынша айып тағылған. Ал Науырзым, Әулиекөл, Ұзынкөл ауданы мен Арқалық қаласының өрт сөндірушілеріне пара алды деген айып тағылды. "Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Әлімбаев әріптестеріне басқа бөлімдерге ауысуға немесе қайта аттестациядан өтуге көмектесуге уәде берген. Бірақ ол үшін ақы сұраған. Бұл ретте жауапкер қызметкерді ауыстыру туралы шешімді жоғары тұрған басшылық шешетінін, ал аттестацияны жалпы комиссия қабылдап, қорытынды шығаратынын алдын ала білген. Сондықтан ол адамдарға көмектесе алмайтынын түсінген", - деп жазылған іс материалдарында. Параның жалпы сомасы іс материалдарында көрсетілгендей, жарты миллионнан астам теңгені құрады. Сот Әлімбаевты алаяқтық (бір эпизод бойынша ақталды) және пара алу бойынша кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте жоғары лауазымдарда жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салды. Сондай-ақ ол азаматтық қорғау подполковнигі атағынан айырылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ал қалған 12 өрт сөндірушіге айыппұл салынып, олар барлық дәрежесінен айырылған. Сотталғандар 1 миллионнан 7 млн теңгеге дейін айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл ретте екі сотталушының кінәсі дәлелденбеген соң, олар ақталып шыққан.
Қостанайда жемқорлыққа қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері сотталды. Бұл туралы "ТоболИнфо" агенттігі хабарлады. Аймақтық басылымның хабарлауынша, айыпталушылардың қатарында кадр бөлімінің басшысы Бауыржан Әлімбаев та бар, оған пара алу және алаяқтық бойынша айып тағылған. Ал Науырзым, Әулиекөл, Ұзынкөл ауданы мен Арқалық қаласының өрт сөндірушілеріне пара алды деген айып тағылды. "Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Әлімбаев әріптестеріне басқа бөлімдерге ауысуға немесе қайта аттестациядан өтуге көмектесуге уәде берген. Бірақ ол үшін ақы сұраған. Бұл ретте жауапкер қызметкерді ауыстыру туралы шешімді жоғары тұрған басшылық шешетінін, ал аттестацияны жалпы комиссия қабылдап, қорытынды шығаратынын алдын ала білген. Сондықтан ол адамдарға көмектесе алмайтынын түсінген", - деп жазылған іс материалдарында. Параның жалпы сомасы іс материалдарында көрсетілгендей, жарты миллионнан астам теңгені құрады. Сот Әлімбаевты алаяқтық (бір эпизод бойынша ақталды) және пара алу бойынша кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте жоғары лауазымдарда жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салды. Сондай-ақ ол азаматтық қорғау подполковнигі атағынан айырылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ал қалған 12 өрт сөндірушіге айыппұл салынып, олар барлық дәрежесінен айырылған. Сотталғандар 1 миллионнан 7 млн теңгеге дейін айыппұл төлеуге міндеттелді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034079-qostanaida-tzd-nyn-15-qyzmetkerine-qatysty-sot-ukimi-syqty/
26 тамыз 2023, 10:37
kk
Тоқаев үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Мемлекет басшысы үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді тапсырды Сондай-ақ тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу мәселесі бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екені атап өтілді", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін 22 тамыз күні Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 400-ден астам жүк көлігі кептелісте тоқтап қалғаны туралы хабарланған болатын. Сонымен қатар оқиғаға қатысты Қаржы министрі Ерұлан Жасаубаев жүк көліктерінің кептелісі есірткі тәркілеу операциясына байланысты болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Мемлекет басшысы үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді тапсырды Сондай-ақ тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу мәселесі бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екені атап өтілді", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін 22 тамыз күні Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 400-ден астам жүк көлігі кептелісте тоқтап қалғаны туралы хабарланған болатын.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2034084-toqaev-ukimetke-qazaq-qyrgyz-sekarasyndagy-zagdaidy-retteudi-tapsyrdy/
26 тамыз 2023, 10:24
kk
"Сеніміне кірген": Жетісу облысында комендант студенттердің атына 24 млн теңгеден астам несие рәсімдеген
Жетісу облысы Талдықорған қаласында жатақхана коменданты студенттердің атына 24 миллион теңгеден астам сомаға несие рәсімдеген. Сотталушы кінәсін мойындағаннан кейін жәбірленушілер оған бас бостандығынан айырмайтын жаза қолдануды сұрады. Бұл туралы Жетісу облыстық соты Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады. Жетісу облыстық сотының Facebook-тегі ақпаратына сәйкес, Жетісу облысында бірнеше рет жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотталушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағына сәйкес қылмыстық іс қаралған. Анықталғандай, сотталушы жоғарғы оқу орнына қарасты жатақхананың коменданты қызметін атқарған. Ол 2021-2022 жылы аралығында студенттер мен жатақхана қызметкерлерінің сеніміне кіріп, студенттердің атына алаяқтық жолмен интернет-банкинг қызметі арқылы тауарлы және ақшалай несие рәсімдеп, 16 жәбірленушіге жалпы көлемі 24 миллионнан астам сомада материалдық шығын келтірген. "Сотталушы С. 2021 жылдың қазан айында жәбірленуші Д. өзіне сенім артатынын біле отырып, құжаттарын жұмыс бабымен деген желеумен сұратқан. (Сотталушы - ред) жәбірленушінің жеке басын куәләндыратын құжаттарды алған соң, ол микроқаржылық ұйымнан 600 мың теңгеге жуық тауарлы кредитті жасырын рәсімдеп, тауарды сатып, өз пайдасына жаратқан. Бұдан соң С. жәбірленушіні (несиені - ред.) толық жауып тастаймын деп алдап, микроқаржылық ұйымнан 560 мың теңге несие алдыртқан. Д.-ның жеке бас мәліметтерін пайдаланған сотталушы әр түрлі микроқаржылық ұйымнан жасырын түрде қосымша байланыс ретінде өзінің ұялы нөмірін көрсете отырып, Д.-ның атынан микронесиелер алып, оған жалпы 2 миллион теңгеден астам шығын келтірген", - делінген сот материалдарында. Облыстық соттың Facebook-те жарияланған дерегіне сай, бұдан бөлек сотталушы осыған ұқсас жағдайларда түрлі сылтау ойлап тауып, 15 студент пен жатақхана қызметкерлерін алдап, оларды 22 миллион теңгеден астам шығынға батырған. "Сот жарыссөзінде прокурор сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, барлық мерзімге пробациялық бақылау орнатуды сұрады. Сотталушы С. тағылған айыпты мойындап, шын ниетпен өкініп, өзіне бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады", - деп жазылған Жетісу облыстық сотының Facebook-тегі хабарламасында. Жәбірленушілер де сотталушыны кешіріп, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған. Сот Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі 4) тармағының санкциясы бойынша сотталушының мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыру жазасын немесе үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратыны хабарланды. "Сот сотталушыға жазаның түрі мен мөлшерін тағайындағанда оның кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінуін, асырауында жас балаларының болуын, қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан келтiрiлген залалды ерікті түрде ішінара өтеуін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды, ал жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайы іс бойынша анықталған жоқ", - делінген хабарламада. Жетісу облыстық сотының Facebook-те жарияланған мәліметі бойынша, сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі 4) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау орнатты. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жетісу облысы Талдықорған қаласында жатақхана коменданты студенттердің атына 24 миллион теңгеден астам сомаға несие рәсімдеген. Сотталушы кінәсін мойындағаннан кейін жәбірленушілер оған бас бостандығынан айырмайтын жаза қолдануды сұрады. Бұл туралы Жетісу облыстық соты Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады. Жетісу облыстық сотының Facebook-тегі ақпаратына сәйкес, Жетісу облысында бірнеше рет жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотталушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағына сәйкес қылмыстық іс қаралған. Анықталғандай, сотталушы жоғарғы оқу орнына қарасты жатақхананың коменданты қызметін атқарған. Ол 2021-2022 жылы аралығында студенттер мен жатақхана қызметкерлерінің сеніміне кіріп, студенттердің атына алаяқтық жолмен интернет-банкинг қызметі арқылы тауарлы және ақшалай несие рәсімдеп, 16 жәбірленушіге жалпы көлемі 24 миллионнан астам сомада материалдық шығын келтірген. "Сотталушы С. 2021 жылдың қазан айында жәбірленуші Д. өзіне сенім артатынын біле отырып, құжаттарын жұмыс бабымен деген желеумен сұратқан. (Сотталушы - ред) жәбірленушінің жеке басын куәләндыратын құжаттарды алған соң, ол микроқаржылық ұйымнан 600 мың теңгеге жуық тауарлы кредитті жасырын рәсімдеп, тауарды сатып, өз пайдасына жаратқан. Бұдан соң С. жәбірленушіні (несиені - ред.) толық жауып тастаймын деп алдап, микроқаржылық ұйымнан 560 мың теңге несие алдыртқан. Д.-ның жеке бас мәліметтерін пайдаланған сотталушы әр түрлі микроқаржылық ұйымнан жасырын түрде қосымша байланыс ретінде өзінің ұялы нөмірін көрсете отырып, Д.-ның атынан микронесиелер алып, оған жалпы 2 миллион теңгеден астам шығын келтірген", - делінген сот материалдарында. Облыстық соттың Facebook-те жарияланған дерегіне сай, бұдан бөлек сотталушы осыған ұқсас жағдайларда түрлі сылтау ойлап тауып, 15 студент пен жатақхана қызметкерлерін алдап, оларды 22 миллион теңгеден астам шығынға батырған. "Сот жарыссөзінде прокурор сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, барлық мерзімге пробациялық бақылау орнатуды сұрады. Сотталушы С. тағылған айыпты мойындап, шын ниетпен өкініп, өзіне бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады", - деп жазылған Жетісу облыстық сотының Facebook-тегі хабарламасында. Жәбірленушілер де сотталушыны кешіріп, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған. Сот Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі 4) тармағының санкциясы бойынша сотталушының мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыру жазасын немесе үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратыны хабарланды. "Сот сотталушыға жазаның түрі мен мөлшерін тағайындағанда оның кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінуін, асырауында жас балаларының болуын, қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан келтiрiлген залалды ерікті түрде ішінара өтеуін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды, ал жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайы іс бойынша анықталған жоқ", - делінген хабарламада. Жетісу облыстық сотының Facebook-те жарияланған мәліметі бойынша, сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі 4) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау орнатты.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034074-senimine-kirgen-zetisu-oblysynda-komendant-studentterdin-atyna-24-mln-tengeden-astam-nesie-rasimdegen/
26 тамыз 2023, 09:32
kk
Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болмақ
Синоптиктер 26 тамыз, сенбі күні Қазақстанның мегаполистерінде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады. Синоптиктердің болжауынша, Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы 31... 33 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Ал түнде ауа температурасы 21... 23 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Астанада да көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы 22... 24 градус болады, түнде 9... 11 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с, түнде 3-8 м/с құрайды. Шымкентте күндіз көшпелі бұлтты, күннің соңында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Ауа температурасы 34... 36 градусқа жетеді. Түнде болса көшпелі бұлтты және жауын-шашын болмайды, ал ауа температурасы 18... 20 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар. Желдің жылдамдығы күндіз 8-13 м/с, түнде 15-20 м/с жетеді. Еске салсақ, бұған дейін бүгін, сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталатыны, жаңбыр жауып, найзағай ойнайтыны, дауыл және желдің күшеюі күтілетіні туралы ақпарат ұсынған едік. Сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында және оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Ал Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында тұман болады, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Синоптиктер 26 тамыз, сенбі күні Қазақстанның мегаполистерінде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады. Синоптиктердің болжауынша, Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы 31... 33 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Ал түнде ауа температурасы 21... 23 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Астанада да көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы 22... 24 градус болады, түнде 9... 11 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с, түнде 3-8 м/с құрайды. Шымкентте күндіз көшпелі бұлтты, күннің соңында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Ауа температурасы 34... 36 градусқа жетеді. Түнде болса көшпелі бұлтты және жауын-шашын болмайды, ал ауа температурасы 18... 20 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар. Желдің жылдамдығы күндіз 8-13 м/с, түнде 15-20 м/с жетеді. Еске салсақ, бұған дейін бүгін, сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталатыны, жаңбыр жауып, найзағай ойнайтыны, дауыл және желдің күшеюі күтілетіні туралы ақпарат ұсынған едік. Сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында және оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034072-bugin-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolmaq/
26 тамыз 2023, 08:31
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 26 тамыз күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Сізге көңілін, уақытын бөліп, қолдау көрсетіп жүрген достарыңызға ашық түрде ризашылығыңызды білдіріңіз, олар сізге әрдайым қолдау көрсетуге міндетті деген ойдан арылыңыз. Кез келген кездесу сізге жақсы көңіл-күй сыйламақ. Достармен араласып, оларға көбірек уақыт арнаңыз, дүкен аралаңыз. Таңертең маңызды мәселелерді талқылаудан аулақ болыңыз, өйткені сіз арандатушылыққа оңай берілесіз. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста ішкі тепе-теңдікті сақтау қиын. Кешке қарай ұсақ-түйекке көп алаңдамайтын боласыз, сондықтан бұл шешім қабылдау үшін ең жақсы уақыт. Бұл күн диетаны бастауға, ораза ұстауға, тазарту процедураларын жасауға қолайлы. Бұл процедуралар физикалық денсаулық пен психологиялық әл-ауқатты жақсартады. Созылмалы ауруларыңыз қайта асқынуы мүмкін. Жағдайыңыз нашарлап кетпес үшін маманға жүгініңіз. Физикалық жүктеме пайдалы болады, бірақ суық тигізіп алмас үшін, ауа райына сәйкес киініңіз. Жоспарланған достық кездесуден бас тарта көрмеңіз, өйткені осылайша уақытты жақсы өткізуге кепілдік бар, ал егер үйде жалғыз қалсаңыз, кейін өкініп қалуыңыз мүмкін. Өзіңізге дос ретінде қарауды үйреніңіз. Жақындарыңызға көрсетіп жүрген қолдауды өзіңізге де көрсетуді ұмытпаңыз, досыңызға қалай ақыл-кеңес беріп, бағалау жасасаңыз, өзіңізге де дәл солай кеңес беріп отырыңыз. Жұмыс поштаңызды тексеруді ұмытпаңыз, әсіресе бүгін: сізге шұғыл жауап беруді қажет ететін маңызды хат келуі мүмкін. Кез келген саладағы сұлулық маманына барар алдында интернетте ол туралы және салон туралы пікірлерді оқыңыз. Бұл көңіліңізді қалдырмауға және ақшаны үнемдеуге көмектеседі. Егер сіз соңғы уақытта бірнеше келі салмақ қосып алсаңыз, уайымдамаңыз, зиянды тағамды рационыңыздан алып тастау арқылы артық салмақты оңай тастауға болады. Егер өз денсаулығыңызға алаңдасаңыз - дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, бүгін - маманның қабылдауына жазылуға қолайлы күн. Бүгін жұмыс бойынша кездесулерді тоқтата тұрған дұрыс, жоспарлар мен тапсырмаларды талқылау өнімді болмайды. Алғаш танысқан кездегі сезімдерді қайтару үшін жылы лебіз танытқан абзал. Сол үшін сыйлық сыйлап, қарым-қатынасыңызда жылылық пайда болуына жағдай жасаңыз. Достардан көмек сұраудан қорықпаңыз, олар сізге көмектесе алады. Өз сезімдеріңізді сараптауды үйреніңіз: сізді шын мәнінде не мазалап жүргенін түсінуге тырысыңыз, бұл өзіңізді жақсы сезінуге септік болады. Аурудың алғашқы белгілерін сезсеңіз, жұмыстан бір күн сұраныңыз, сонда сіз ұзақ ауырмайсыз және тез жазыласыз. Бүгін жеке өміріңізге қатысты маңызды шешімдер қабылдамаңыз, өйткені сіз қателікке ұрынуыңыз мүмкін. Кеңес бермеңіз немесе сыни ескертулер жасамаңыз. Жақындарыңызбен қарым-қатынасқа назар аударыңыз, мәмілеге келетін уақыт жетті. Ірі жеңіске жету үшін ұсақ-түйек дүниелерге көндігуге де болады. Жаңа достарға жақсы әсер қалдырыңыз. Болмысыңызды өзгертпеңіз. Шынайы әрекет етіңіз. Көңіл-күйіңізді көтеру үшін демалыңыз. Бұл түстен кейін жоспар құруға көмектеседі. Сұлулық стандарттарының қалай өзгергені және өзгеріп жатқаны туралы YouTube арнасындағы танымал бейне-роликтердің бірін қараңыз. Бұл олардың қаншалықты жасанды, мағынасыз екенін және ондай стандарттарды қуудың еш мәні жоқ екенін түсінуге, өзіңізге ұнайтын нәрсеге көбірек назар аударға тырысқаныңыз жөн екенін ұғынуға мүмкіндік береді. Күн тыныш өтеді. Демалуға, денсаулығыңызды реттеуге, жаңа жетістіктерге дайындалуға мүмкіндік болады. Адамдармен жиі аралассаңыз, пікірлес адамдар мен одақтастар таба аласыз. Жаңа адамдармен еш қиындықсыз таныса аласыз.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Сізге көңілін, уақытын бөліп, қолдау көрсетіп жүрген достарыңызға ашық түрде ризашылығыңызды білдіріңіз, олар сізге әрдайым қолдау көрсетуге міндетті деген ойдан арылыңыз. Кез келген кездесу сізге жақсы көңіл-күй сыйламақ. Достармен араласып, оларға көбірек уақыт арнаңыз, дүкен аралаңыз. Таңертең маңызды мәселелерді талқылаудан аулақ болыңыз, өйткені сіз арандатушылыққа оңай берілесіз. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста ішкі тепе-теңдікті сақтау қиын. Кешке қарай ұсақ-түйекке көп алаңдамайтын боласыз, сондықтан бұл шешім қабылдау үшін ең жақсы уақыт. Бұл күн диетаны бастауға, ораза ұстауға, тазарту процедураларын жасауға қолайлы. Бұл процедуралар физикалық денсаулық пен психологиялық әл-ауқатты жақсартады. Созылмалы ауруларыңыз қайта асқынуы мүмкін. Жағдайыңыз нашарлап кетпес үшін маманға жүгініңіз. Физикалық жүктеме пайдалы болады, бірақ суық тигізіп алмас үшін, ауа райына сәйкес киініңіз. Жоспарланған достық кездесуден бас тарта көрмеңіз, өйткені осылайша уақытты жақсы өткізуге кепілдік бар, ал егер үйде жалғыз қалсаңыз, кейін өкініп қалуыңыз мүмкін. Өзіңізге дос ретінде қарауды үйреніңіз. Жақындарыңызға көрсетіп жүрген қолдауды өзіңізге де көрсетуді ұмытпаңыз, досыңызға қалай ақыл-кеңес беріп, бағалау жасасаңыз, өзіңізге де дәл солай кеңес беріп отырыңыз. Жұмыс поштаңызды тексеруді ұмытпаңыз, әсіресе бүгін: сізге шұғыл жауап беруді қажет ететін маңызды хат келуі мүмкін. Кез келген саладағы сұлулық маманына барар алдында интернетте ол туралы және салон туралы пікірлерді оқыңыз. Бұл көңіліңізді қалдырмауға және ақшаны үнемдеуге көмектеседі. Егер сіз соңғы уақытта бірнеше келі салмақ қосып алсаңыз, уайымдамаңыз, зиянды тағамды рационыңыздан алып тастау арқылы артық салмақты оңай тастауға болады. Егер өз денсаулығыңызға алаңдасаңыз - дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, бүгін - маманның қабылдауына жазылуға қолайлы күн. Бүгін жұмыс бойынша кездесулерді тоқтата тұрған дұрыс, жоспарлар мен тапсырмаларды талқылау өнімді болмайды. Алғаш танысқан кездегі сезімдерді қайтару үшін жылы лебіз танытқан абзал. Сол үшін сыйлық сыйлап, қарым-қатынасыңызда жылылық пайда болуына жағдай жасаңыз. Достардан көмек сұраудан қорықпаңыз, олар сізге көмектесе алады. Өз сезімдеріңізді сараптауды үйреніңіз: сізді шын мәнінде не мазалап жүргенін түсінуге тырысыңыз, бұл өзіңізді жақсы сезінуге септік болады. Аурудың алғашқы белгілерін сезсеңіз, жұмыстан бір күн сұраныңыз, сонда сіз ұзақ ауырмайсыз және тез жазыласыз. Бүгін жеке өміріңізге қатысты маңызды шешімдер қабылдамаңыз, өйткені сіз қателікке ұрынуыңыз мүмкін. Кеңес бермеңіз немесе сыни ескертулер жасамаңыз. Жақындарыңызбен қарым-қатынасқа назар аударыңыз, мәмілеге келетін уақыт жетті. Ірі жеңіске жету үшін ұсақ-түйек дүниелерге көндігуге де болады. Жаңа достарға жақсы әсер қалдырыңыз. Болмысыңызды өзгертпеңіз. Шынайы әрекет етіңіз. Көңіл-күйіңізді көтеру үшін демалыңыз. Бұл түстен кейін жоспар құруға көмектеседі. Сұлулық стандарттарының қалай өзгергені және өзгеріп жатқаны туралы YouTube арнасындағы танымал бейне-роликтердің бірін қараңыз. Бұл олардың қаншалықты жасанды, мағынасыз екенін және ондай стандарттарды қуудың еш мәні жоқ екенін түсінуге, өзіңізге ұнайтын нәрсеге көбірек назар аударға тырысқаныңыз жөн екенін ұғынуға мүмкіндік береді. Күн тыныш өтеді. Демалуға, денсаулығыңызды реттеуге, жаңа жетістіктерге дайындалуға мүмкіндік болады. Адамдармен жиі аралассаңыз, пікірлес адамдар мен одақтастар таба аласыз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2033929-bugingi-zuldyz-zoramal-26-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
26 тамыз 2023, 00:01
kk
Көкшетауда 26 жастағы азамат өзі жұмыс істейтін автосалонды тонады деген күдікке ілінді
Көкшетауда 26 жастағы азамат 30 млн теңге салынған сейфті өзі жұмыс істейтін автосалоннан көтеріп кетті деген күдікке ілінді. Ол арада бір тәулік өтпестен қолға түскен, деп хабарлайды "КТК" арнасы. "КТК" арнасының мәліметінше, күдікті азамат жұмыстан кейін барлық бейнебақылау камераларын сөндірген. Түнделетіп келіп есепшінің есігін бұзып ашып, шағын сейфті алып кеткен. Үйіне әкелген соң темір сейфті арнайы құрылғымен кесіп, 30 млн теңгені алған. Оның 23 млн-ын өз есепшотына аударып үлгерген. Ал қалғанын үйіндегі бильярд залына жасырып қойған. Арна мәліметінше, бір тәулік ішінде қолға түскен 26 жастағы азамат полицияға ақшаны тыққан жерінен алып берді. Аса ірі көлемде ақша ұрлаған 1997 жылы туған азамат қамауға алынды. "Жедел іздестіруде 26 жастағы салон менеджері қолға түсті. Ұрланған ақша толық тәркіленді. "Ұрлық" бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.Ол істеген қылмысын мойындап отыр", - Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Көкшетауда 26 жастағы азамат 30 млн теңге салынған сейфті өзі жұмыс істейтін автосалоннан көтеріп кетті деген күдікке ілінді. Ол арада бір тәулік өтпестен қолға түскен, деп хабарлайды "КТК" арнасы. "КТК" арнасының мәліметінше, күдікті азамат жұмыстан кейін барлық бейнебақылау камераларын сөндірген. Түнделетіп келіп есепшінің есігін бұзып ашып, шағын сейфті алып кеткен. Үйіне әкелген соң темір сейфті арнайы құрылғымен кесіп, 30 млн теңгені алған. Оның 23 млн-ын өз есепшотына аударып үлгерген. Ал қалғанын үйіндегі бильярд залына жасырып қойған. Арна мәліметінше, бір тәулік ішінде қолға түскен 26 жастағы азамат полицияға ақшаны тыққан жерінен алып берді. Аса ірі көлемде ақша ұрлаған 1997 жылы туған азамат қамауға алынды. "Жедел іздестіруде 26 жастағы салон менеджері қолға түсті. Ұрланған ақша толық тәркіленді. "Ұрлық" бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034067-koksetauda-26-zastagy-azamat-ozi-zumys-isteitin-avtosalondy-tonady-degen-kudikke-ilindi/
25 тамыз 2023, 22:52
kk
Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір көше уақытша жабылады
Алматыда Сәтбаев көшесінің бойындағы жол айрығын орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты алматылықтар көлік қозғалысы шектеулері жайлы ескеруі керектігі айтылды, деп хабарлайды "Алматы" арнасы. Арна мәліметінше, Сәтбаев көшесі мен Байзақов көшесінің қиылысында, 25 тамызда сағат 23-00-ден 26 тамызда сағат 06-00-ге дейін, батыс бағытта Манас көшесіне дейін, Байзақов көшесінің бойымен Құрманғазы көшесінен Жандосов көшесіне дейін жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. 25 тамыз сағат 23-00-ден 26 тамыз сағат 6-00-ге дейін Сәтбаев көшесі-Байзақов көшесі бойымен Мүсірепов көшесінен батыс бағытта, Сәтбаев көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта, Жандосов көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта жүру шектеледі. Әуезов көшесі, Абай даңғылы бойымен Манас көшесі, Бұқар Жырау бульвары бойымен айналма жол тиісті схемамен ұйымдастырылады. Сонымен қатар Байзақов көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі съезд бойынша шығыс бағытта көлік қозғалысы жабылатын кезде штаттық режимде жүзеге асырылатын болады. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2 патрульдік экипаж қызмет етіп, жылдамдықты 40 км\сағ дейін шектеу туралы белгі қойылады.
Алматыда Сәтбаев көшесінің бойындағы жол айрығын орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты алматылықтар көлік қозғалысы шектеулері жайлы ескеруі керектігі айтылды, деп хабарлайды "Алматы" арнасы. Арна мәліметінше, Сәтбаев көшесі мен Байзақов көшесінің қиылысында, 25 тамызда сағат 23-00-ден 26 тамызда сағат 06-00-ге дейін, батыс бағытта Манас көшесіне дейін, Байзақов көшесінің бойымен Құрманғазы көшесінен Жандосов көшесіне дейін жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. 25 тамыз сағат 23-00-ден 26 тамыз сағат 6-00-ге дейін Сәтбаев көшесі-Байзақов көшесі бойымен Мүсірепов көшесінен батыс бағытта, Сәтбаев көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта, Жандосов көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта жүру шектеледі. Әуезов көшесі, Абай даңғылы бойымен Манас көшесі, Бұқар Жырау бульвары бойымен айналма жол тиісті схемамен ұйымдастырылады. Сонымен қатар Байзақов көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі съезд бойынша шығыс бағытта көлік қозғалысы жабылатын кезде штаттық режимде жүзеге асырылатын болады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034065-almatyda-zol-zondeu-zumystaryna-bailanysty-tagy-bir-kose-uaqytsa-zabylady/
25 тамыз 2023, 22:43
kk
Астанада бірнеше көше жаз соңына дейін жабылады
Астана қаласында жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жаз соңына дейін жабылады. Осыған байланысты кей қоғамдық көліктің жол жүру бағыты өзгеріп, шектеулер қойылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Telegram арнасында. "Астана қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сіздерді Достық көшесінен бастап, Сығанақ көшесіне дейінгі учаскедегі Түркістан көшесіндегі жол төсемесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты ағымдағы 26-31 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабық болады", - деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы. Сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы елорда тұрғындары мен қонақтарына өз маршрутын алдын ала жоспарлауды ұсынды. "Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы.
Астана қаласында жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жаз соңына дейін жабылады. Осыған байланысты кей қоғамдық көліктің жол жүру бағыты өзгеріп, шектеулер қойылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Telegram арнасында. "Астана қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сіздерді Достық көшесінен бастап, Сығанақ көшесіне дейінгі учаскедегі Түркістан көшесіндегі жол төсемесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты ағымдағы 26-31 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабық болады", - деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы. Сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы елорда тұрғындары мен қонақтарына өз маршрутын алдын ала жоспарлауды ұсынды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034059-astanada-birnese-kose-zaz-sonyna-deiin-zabylady/
25 тамыз 2023, 22:29
kk
Жаңа оқу жылында Алматыда 133 мың оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі
Жаңа оқу жылында Алматыда бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету жалғасады. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев биыл 133 мың оқушы тегін тамақтанатынын айтты, деп хабарлайды "Алматы" арнасы. Ерболат Досаевтың айтуынша, 2022 жылы Алматы қаласының мектептерінде бастауыш сынып оқушылары мен халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін ыстық тамақты ұйымдастыру қаншалықты маңызды екенін көрсеткен. "Биылғы жылы осы мақсатқа жергілікті бюджетте 20,4 млрд теңге сомасында қаражат көзделген. Тегін тамақтануды болжамды қамту 133 мыңнан астам білім алушыны құрайды", - деді қала басшысы. Сондай-ақ "Алматы" арнасының мәліметінше, биыл Алматы әкімдігі Қазақ тамақтану Академиясымен және Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесе отырып "Оқушылардың денсаулығын басқару" мектеп тағамдарының жаңа моделін пилоттау жобасын әзірлеуде.
Жаңа оқу жылында Алматыда бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету жалғасады. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев биыл 133 мың оқушы тегін тамақтанатынын айтты, деп хабарлайды "Алматы" арнасы. Ерболат Досаевтың айтуынша, 2022 жылы Алматы қаласының мектептерінде бастауыш сынып оқушылары мен халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін ыстық тамақты ұйымдастыру қаншалықты маңызды екенін көрсеткен. "Биылғы жылы осы мақсатқа жергілікті бюджетте 20,4 млрд теңге сомасында қаражат көзделген. Тегін тамақтануды болжамды қамту 133 мыңнан астам білім алушыны құрайды", - деді қала басшысы.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034056-zana-oqu-zylynda-almatyda-133-myn-oqusy-tegin-tamaqpen-qamtamasyz-etiledi/
25 тамыз 2023, 20:17
kk
"Найзағай, дауыл, бұршақ": сенбі күні еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болмақ
Синоптиктер сенбі яғни 26 тамыз күні еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болатынын болжады. "Қазгидромет" мәліметінше, ертең Қазақстанның кей өңірінде жаңбыр жауып, дауыл тұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Мамандардың мәліметінше, елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, дауыл және желдің күшеюі күтіледі. Бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың батысында және оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Ал Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында тұман және оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде және шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Ал Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында және шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қауіпі және облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жетісу облысында жоғары өрт қауіпі және облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ұлытау, Абай облыстарында, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Синоптиктер сенбі яғни 26 тамыз күні еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болатынын болжады. "Қазгидромет" мәліметінше, ертең Қазақстанның кей өңірінде жаңбыр жауып, дауыл тұрады, деп жазады . Мамандардың мәліметінше, елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, дауыл және желдің күшеюі күтіледі. Бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың батысында және оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Ал Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында тұман және оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде және шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Ал Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында және шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қауіпі және облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жетісу облысында жоғары өрт қауіпі және облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034055-naizagai-dauyl-bursaq-senbi-kuni-elimizdin-onirlerinde-aua-raiy-qandai-bolmaq/
25 тамыз 2023, 20:04
kk
Тоқаев Қазақстанға су мен электр энергиясын жеткізгені үшін Рахмонға алғыс айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Тоқаев Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияның сәтті жүзеге асырылып жатқанын және биыл 6 айда тауар айналымы 500 миллион доллардан асқанын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Мемлекет басшысы Қазақстанда Тәжікстанмен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын атап өтті. "Бауырлас тәжік халқына қазақ жерінде айрықша құрметпен қарайды. Отандастарымыз қазіргі Тәжікстан туралы көбірек біліп, тәжік халқының бай мәдениетімен тереңірек танысқысы келеді. Осы орайда Сіздің осындай ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру туралы бастамаңызды Қазақстан халқы мен еліміздің қонақтары ерекше ықыласпен қабыл алды. Бұл айтулы шара екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толған кезеңде өткізілуінің ерекше символдық мәні бар", – деді Тоқаев. Мемлекет басшысы барлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, соның ішінде су және энергетика кешеніндегі өзара іс-әрекеттің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. "Су және энергетика салаларындағы міндеттемелерді орындауға, атап айтқанда, Қазақстанға су және электр энергиясын жеткізуге байланысты шешімді уақтылы қабылдағаныңыз үшін Сізге және барша тәжік тарапына алғысымыз шексіз. Қазақстан өз тарапынан Сіздің алдыңғы сапарыңыз кезінде өзара келіскен барлық міндеттемені орындап жатыр", – деп атап өтті мемлекет басшысы. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның мамыр айында Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияның сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, биыл 6 айда тауар айналымы 500 миллион доллардан асқан. Бұл ретте өзара сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға дейін арттыру жоспарланып отыр. Эмомали Рахмон да екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына жоғары баға берді. "Тәжікстанның мәдениет күндерін және көрмесін, сондай-ақ еліміздің ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп секторы өнімдерінің жәрмеңкесін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өткізуге қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын. Бұл шараларды Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың, стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың үздіксіз дамуының бір белгісі деп бағалаймыз. Бұл шаралар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толған кезеңде өтуінің өзіндік мәні бар. Бүгінде елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың өзара түсіністік, жоғары құрмет пен сенімге негізделгені қуантады. Байланыстарымызды одан әрі нығайту Тәжікстанның сыртқы саясатының негізгі басымдығы болып қала береді", – деді Тәжікстан президенті. Әңгімелесу барысында сауда-экономика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржы және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-әрекетті одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Тоқаев Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияның сәтті жүзеге асырылып жатқанын және биыл 6 айда тауар айналымы 500 миллион доллардан асқанын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Мемлекет басшысы Қазақстанда Тәжікстанмен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын атап өтті. "Бауырлас тәжік халқына қазақ жерінде айрықша құрметпен қарайды. Отандастарымыз қазіргі Тәжікстан туралы көбірек біліп, тәжік халқының бай мәдениетімен тереңірек танысқысы келеді. Осы орайда Сіздің осындай ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру туралы бастамаңызды Қазақстан халқы мен еліміздің қонақтары ерекше ықыласпен қабыл алды. Бұл айтулы шара екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толған кезеңде өткізілуінің ерекше символдық мәні бар", – деді Тоқаев. Мемлекет басшысы барлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, соның ішінде су және энергетика кешеніндегі өзара іс-әрекеттің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. "Су және энергетика салаларындағы міндеттемелерді орындауға, атап айтқанда, Қазақстанға су және электр энергиясын жеткізуге байланысты шешімді уақтылы қабылдағаныңыз үшін Сізге және барша тәжік тарапына алғысымыз шексіз. Қазақстан өз тарапынан Сіздің алдыңғы сапарыңыз кезінде өзара келіскен барлық міндеттемені орындап жатыр", – деп атап өтті мемлекет басшысы. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның мамыр айында Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияның сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, биыл 6 айда тауар айналымы 500 миллион доллардан асқан. Бұл ретте өзара сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға дейін арттыру жоспарланып отыр. Эмомали Рахмон да екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына жоғары баға берді. "Тәжікстанның мәдениет күндерін және көрмесін, сондай-ақ еліміздің ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп секторы өнімдерінің жәрмеңкесін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өткізуге қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын. Бұл шараларды Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың, стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың үздіксіз дамуының бір белгісі деп бағалаймыз. Бұл шаралар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толған кезеңде өтуінің өзіндік мәні бар. Бүгінде елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың өзара түсіністік, жоғары құрмет пен сенімге негізделгені қуантады. Байланыстарымызды одан әрі нығайту Тәжікстанның сыртқы саясатының негізгі басымдығы болып қала береді", – деді Тәжікстан президенті.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2034052-toqaev-qazaqstanga-su-men-elektr-energiyasyn-zetkizgeni-usin-raxmonga-algys-aitty/
25 тамыз 2023, 19:53
kk
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Бүгін, жұма күні Әзербайжан астанасында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Бұл туралы Қазақстанның Спорт комитеті Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Стенд атудың трап бағдарламадасында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов жұбы аралас командалық сында қола жүлдегер атанды. Олар 150 нысананың 141-ін дәл көздеді. Бас жүлдені тең түскен Португалия мен АҚШ құрамасы сарапқа салып жатыр", - делінген хабарламада. Комитет ақпаратынша, бұл ретте сапында Әлішер Айсалбаев пен Айжан Досмағамбетова бар еліміздің тағы бір құрамасы 21-орынға тұрақтады. Барлығы 46 құрама жүлдеге таласқан. "Стенд атудан Ұлттық құрамамыз кейінгі жылдары халықаралық жарыстарда үнемі жүлделі оралдардан көрініп жүр. Биыл көктемде Алматы қаласында лицензиялық Әлем Кубогының кезеңін өткіздік. Бұл осы спорт түрін елімізде насихаттау жолындағы ауқымды жұмыстың бір көрінісі. Ал бүгін біздің құрамамыз әлем чемпионатының жүлдесіне қол жеткізіп, Бакуде дегеніне жетті. Аралас командалық сында ұздік үштікті түйіндеген Мария Дмитриенко мен Даниил Почиваловты құттықтаймын!", - деді Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов. Сондай-ақ стенд атудан жарыстар аяқталғаны атап өтілді. Алдағы күндері жылжымалы нысана көздеуден үздіктер анықталады. Комитет Әлем чемпионаты 1 қыркүйекте мәресіне жететінін еске салды.
Бүгін, жұма күні Әзербайжан астанасында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Бұл туралы Қазақстанның Спорт комитеті Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Стенд атудың трап бағдарламадасында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов жұбы аралас командалық сында қола жүлдегер атанды. Олар 150 нысананың 141-ін дәл көздеді. Бас жүлдені тең түскен Португалия мен АҚШ құрамасы сарапқа салып жатыр", - делінген хабарламада. Комитет ақпаратынша, бұл ретте сапында Әлішер Айсалбаев пен Айжан Досмағамбетова бар еліміздің тағы бір құрамасы 21-орынға тұрақтады. Барлығы 46 құрама жүлдеге таласқан. "Стенд атудан Ұлттық құрамамыз кейінгі жылдары халықаралық жарыстарда үнемі жүлделі оралдардан көрініп жүр. Биыл көктемде Алматы қаласында лицензиялық Әлем Кубогының кезеңін өткіздік. Бұл осы спорт түрін елімізде насихаттау жолындағы ауқымды жұмыстың бір көрінісі. Ал бүгін біздің құрамамыз әлем чемпионатының жүлдесіне қол жеткізіп, Бакуде дегеніне жетті. Аралас командалық сында ұздік үштікті түйіндеген Мария Дмитриенко мен Даниил Почиваловты құттықтаймын!", - деді Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов. Сондай-ақ стенд атудан жарыстар аяқталғаны атап өтілді. Алдағы күндері жылжымалы нысана көздеуден үздіктер анықталады.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2034047-qazaqstan-quramasy-alem-cempionatynda-qola-medal-zenip-aldy/
25 тамыз 2023, 19:33
kk
Түркістанда жұмыс беруші қызметкерінің атына онлайн несие рәсімдеді деген күдікке ілінді
Түркістанда қызметкерінің атына 1,5 млн теңге көлемінде онлайн түрде несие рәсімдеген азамат анықталды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында хабарлады. "Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан онлайн несие рәсімдеп, алаяқтық жасағанын айтқан. Келтірілген шығын көлемі – 1,5 млн теңге", – делінген хабарламада. Полицейлер аталған фактіні Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Ведомство ақпаратынша, тәртіп сақшылары ер адамды алдап, оңай жолмен олжа таппақ болған алаяқты ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Нәтижесінде күдікті тәулік ішінде анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Ол жәбірленуші жұмыс істейтін сауда дүкенінінің иесі екені анықталды және жергілікті тұрғын болып шықты. "Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам қол астындағы жұмыс жасайтын қызметкерінен сауданың кіріс-шығыс есебін тексеремін деген сылтаумен оның телефонынан банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеген. Ал қомақты қаржыны жеке бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда болған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп жазады ведомствода.
Түркістанда қызметкерінің атына 1,5 млн теңге көлемінде онлайн түрде несие рәсімдеген азамат анықталды. Бұл туралы ақпараттық медиа-порталында хабарлады. "Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан онлайн несие рәсімдеп, алаяқтық жасағанын айтқан. Келтірілген шығын көлемі – 1,5 млн теңге", – делінген хабарламада. Полицейлер аталған фактіні Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Ведомство ақпаратынша, тәртіп сақшылары ер адамды алдап, оңай жолмен олжа таппақ болған алаяқты ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Нәтижесінде күдікті тәулік ішінде анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Ол жәбірленуші жұмыс істейтін сауда дүкенінінің иесі екені анықталды және жергілікті тұрғын болып шықты. "Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам қол астындағы жұмыс жасайтын қызметкерінен сауданың кіріс-шығыс есебін тексеремін деген сылтаумен оның телефонынан банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеген. Ал қомақты қаржыны жеке бас пайдасына жаратқан.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034044-turkistanda-zumys-berusi-qyzmetkerinin-atyna-onlain-nesie-rasimdedi-degen-kudikke-ilindi/
25 тамыз 2023, 19:21
kk
Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзиеева әкесінің көмекшісі қызметіне тағайындалды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жеке әкімшілігінің жаңартылған құрамын бекітті. Оның үлкен қызы Саида Мирзиеева президенттің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Өзбекстан басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Telegram арнасында. "Өзбекстан Республикасы президентінің тиісті жарлықтарымен Мирзиеева Саида Шавкатовна Өзбекстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды", – деп жазылған жазбада. Еске салсақ, былтыр қарашада Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевтың үлкен қызы Саида Мирзиеева президент әкімшілігі атқарушы аппаратының коммуникациялар және ақпараттық саясат секторының меңгерушісі қызметіне тағайындалғаны туралы жазған едік. 2020 жылы ол АБКА орынбасары қызметінен кеткен болатын, кейін оның бастығы да қызметінен кеткен. Өзбекстан президентінің үлкен қызы әлемдік экономика және дипломатия университетінің түлегі, Ташкент мемлекеттік заң университетінің және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистрі, экономика ғылымының кандидаты. 2019-2020 жылдары ол президент әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары болған. 2022 жылдан бастап жаңа қызметіне дейін ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау және дамыту қорының қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жеке әкімшілігінің жаңартылған құрамын бекітті. Оның үлкен қызы Саида Мирзиеева президенттің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Өзбекстан басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Telegram арнасында. "Өзбекстан Республикасы президентінің тиісті жарлықтарымен Мирзиеева Саида Шавкатовна Өзбекстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды", – деп жазылған жазбада. Еске салсақ, былтыр қарашада Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевтың үлкен қызы Саида Мирзиеева президент әкімшілігі атқарушы аппаратының коммуникациялар және ақпараттық саясат секторының меңгерушісі қызметіне тағайындалғаны туралы жазған едік. 2020 жылы ол АБКА орынбасары қызметінен кеткен болатын, кейін оның бастығы да қызметінен кеткен. Өзбекстан президентінің үлкен қызы әлемдік экономика және дипломатия университетінің түлегі, Ташкент мемлекеттік заң университетінің және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистрі, экономика ғылымының кандидаты. 2019-2020 жылдары ол президент әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары болған.
Әлемде
false
https://kaz.nur.kz/world/2034042-ozbekstan-prezidentinin-qyzy-saida-mirzieeva-onyn-komeksisi-qyzmetine-tagaiyndaldy/
25 тамыз 2023, 19:08
kk
Тоқаев пен Рахмон шағын құрамда келіссөз жүргізді
Мәдениет күндері аясында жұмыс сапарымен елордаға келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын құрамда келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентінің сапары "бауырлас елдеріміз арасындағы шынайы достық қарым-қатынасты" одан әрі нығайту тұрғысынан зор маңызға ие екенін атап өтті. "Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік, одақтастық қарым-қатынас туралы айтуға толық негіз бар. Астанадағы тәжік мәдениеті күндерінің ашылуына Сіздің арнайы келуіңіздің өзі көп нәрсені аңғартады. Сіздің сапарыңызды жоғары бағалаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл ретте Эмомали Рахмон Қазақстан президентінің шақыртуына алғысын білдірді. "Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, шақыртуыңызға, ілтипатыңызға, қонақжайлық көрсеткеніңізге көп рақмет! Ең алдымен, бүгін сізбен екі ел арасындағы қарым-қатынастың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылағым келеді", - деді Эмомали Рахмон. Еске сала кетейік, бұған дейін мәдениет күндері аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келетіні туралы жазған едік.
Мәдениет күндері аясында жұмыс сапарымен елордаға келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын құрамда келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентінің сапары "бауырлас елдеріміз арасындағы шынайы достық қарым-қатынасты" одан әрі нығайту тұрғысынан зор маңызға ие екенін атап өтті. "Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік, одақтастық қарым-қатынас туралы айтуға толық негіз бар. Астанадағы тәжік мәдениеті күндерінің ашылуына Сіздің арнайы келуіңіздің өзі көп нәрсені аңғартады. Сіздің сапарыңызды жоғары бағалаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл ретте Эмомали Рахмон Қазақстан президентінің шақыртуына алғысын білдірді. "Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, шақыртуыңызға, ілтипатыңызға, қонақжайлық көрсеткеніңізге көп рақмет! Ең алдымен, бүгін сізбен екі ел арасындағы қарым-қатынастың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылағым келеді", - деді Эмомали Рахмон.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2034039-toqaev-pen-raxmon-sagyn-quramda-kelissoz-zurgizdi/
25 тамыз 2023, 18:26
kk
Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюпов 10 жылға сотталды
25 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Рашид Аюповқа қатысті іс қаралды. Оған алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деген айып тағылған. Бұл туралы сот Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Іс алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша қаралған. "2013 жылы А. белгісіз тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы тұлғалар тобында алдау және АҚ компаниясының меншік иесінің сенімін теріс пайдалану арқылы соңғысын Алматы қаласында электр қосалқы станциясын салу тендерінде жеңіске жетуге жәрдемдескені үшін лауазымды тұлғаға 2,8 млн АҚШ доллары мөлшерінде пара беруге итермелеп, соңғысының ақшалай қаражатын делдал арқылы иемденді", - делінген хабарламада. Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және қылмыстық іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденген. Прокурор Аюповты 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал қорғаушы тарап экс-шенеунікті ақтап шығуды сұраған. "Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының 3 кәмелетке толмаған баласының болуын және денсаулық жағдайын таныды. Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", - делінген сот хабарламасында. Нәтижесінде сот үкімімен Рашид Аюпов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылған, бұл ретте қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатылған. Бірақ пара беруге итермелегені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар Рашид Аюповтан мемлекет кірісіне сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасау нәтижесінде алынған 422 млн 800 мың теңге өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
25 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Рашид Аюповқа қатысті іс қаралды. Оған алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деген айып тағылған. Бұл туралы сот Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Іс алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша қаралған. "2013 жылы А. белгісіз тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы тұлғалар тобында алдау және АҚ компаниясының меншік иесінің сенімін теріс пайдалану арқылы соңғысын Алматы қаласында электр қосалқы станциясын салу тендерінде жеңіске жетуге жәрдемдескені үшін лауазымды тұлғаға 2,8 млн АҚШ доллары мөлшерінде пара беруге итермелеп, соңғысының ақшалай қаражатын делдал арқылы иемденді", - делінген хабарламада. Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және қылмыстық іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденген. Прокурор Аюповты 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал қорғаушы тарап экс-шенеунікті ақтап шығуды сұраған. "Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының 3 кәмелетке толмаған баласының болуын және денсаулық жағдайын таныды. Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", - делінген сот хабарламасында. Нәтижесінде сот үкімімен Рашид Аюпов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылған, бұл ретте қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатылған. Бірақ пара беруге итермелегені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар Рашид Аюповтан мемлекет кірісіне сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасау нәтижесінде алынған 422 млн 800 мың теңге өндірілді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034036-kentau-qalasynyn-eks-akimi-rasid-ayupov-10-zylga-sottaldy/
25 тамыз 2023, 18:17
kk
Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: отандық спортшылар жолдамадан құр қалды
Испанияның Валенсия қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жекелей сында Қазақстан құрамасы лицензиясыз қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Жекелей сында Қазақстан намысын Эльжана Таниева мен Эрика Жайлауова қорғаған болатын. Іріктеу нәтижесі бойынша Жайлауова 19, Таниева 26-орын иеленіп, көпсайыс финалына өте алған жоқ. Осылайша, 14 Олимпиада жолдамасына отандық гимнастар қол жеткізе алмады. Ал доп жаттығуында Эльжана Таниева финалға шығып, жетінші орын алды. Енді 2024 жылы өтетін лицензиялық Азия біріншілігі мен Франциядағы әлемдік іріктеу турнирінде спортшылар Париж жолдамасына таласатын болады.
Испанияның Валенсия қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жекелей сында Қазақстан құрамасы лицензиясыз қалды, деп жазады . Жекелей сында Қазақстан намысын Эльжана Таниева мен Эрика Жайлауова қорғаған болатын. Іріктеу нәтижесі бойынша Жайлауова 19, Таниева 26-орын иеленіп, көпсайыс финалына өте алған жоқ. Осылайша, 14 Олимпиада жолдамасына отандық гимнастар қол жеткізе алмады. Ал доп жаттығуында Эльжана Таниева финалға шығып, жетінші орын алды.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2034038-korkem-gimnastikadan-alem-cempionaty-otandyq-sportsylar-zoldamadan-qur-qaldy/
25 тамыз 2023, 18:06
kk
Қазақстан Париж Олимпиадасына жолдама алған 31 елдің қатарына енді
Әзербайжан астанасында нысана көздеуден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін Париж Олимпиадасының 48 жолдамасы толық таратылды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы. Жоғарыда айтылған лицензияларды 31 мемлекет өзара бөлісті. Бұл қатарда Қазақстан құрамасы да бар. Елімізге жалғыз жолдаманы пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеудің финалына шығып, 4-орын алған Ислам Сатбаев алып берді. Айта кетейік, бұл нысана көздеуден біздің мергендер қол жеткізген алғашқы Олимпиада лицензиясы. Осыған дейінгі Токиодағы ойындарда ел намысын Юрий Юрков жалғыз өзі қорғаған. Спорттың бұл түрінде әлем чемпионатының жолдамасы жекелеген атлетке емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Алайда әр мемлекеттің федерациясы күтпеген жағдай болмаса, олимпия ойындарына жолдамаға қол жеткізген спортшыны апарады. Франциядағы ойындарда барлығы 340 мерген жүлдеге таласады деп жоспарланған. Баку төрінде ең көп жолдаманы Қытай жеңіп алды. Олар 12 бағдарламаның жетеуінде қазірден бастап кімді апаратынын ойластыра берсе болады. Сары құрлықтан соңғы болып кеше трап бағдарламасында Кувейт спортшысы жүлдегер атанып, құрамасына жолдама сыйлады. Бүгінгі мәлімет бойынша нысана көздеуден (тапанша, винтовкамен оқ ату және стенд ату) 45 елде жолдама бар. Жарыс қожайыны ретінде Франция бірден 12 лицензияға ие болған. "Келе жатқан Париждегі ойындарда Токиомен салыстырғанда нысана көздеуден аз спортшы қатысады (Жапонияда 360 лицензия болған). Сіздердің спортшыларыңыз әлі құрлық чемпионаты мен әлем кубогының финалды кезеңінде жақсы нәтиже көрсетіп, лицензия жеңіп ала алады. Жалпы Азияда нысана көздеу қарқынды дамыған. Бұған Бакудегі жарыс кезінде тағы куә болдық", - деді ISSF-тің Бас хатшысы Вилли Гриль. Қазір Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова, Наргиза Сарманова, Даниил Почивалов, Әлішер Айсалбаев пен Виктор Хасянов стенд атудың трап бағдарламасында аралас командалық сында өнер көрсетіп жатыр. Ертеңнен бастап жылжымалы нысана көздеуден қазақстандықтардан Бақтияр Ибраев, Андрей Худяков, Асадбек Назиркульев, Илья Зотеев, Фатима Ирназарова, Зухра Ирназарова, Александра Садуакасова жүлдеге таласты бастайды. Әзербайжан астанасындағы дода 1 қыркүйекте мәресіне жетеді. Биылғы додаға 101 мемлекеттен 1250 мерген келді.
Әзербайжан астанасында нысана көздеуден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін Париж Олимпиадасының 48 жолдамасы толық таратылды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы. Жоғарыда айтылған лицензияларды 31 мемлекет өзара бөлісті. Бұл қатарда Қазақстан құрамасы да бар. Елімізге жалғыз жолдаманы пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеудің финалына шығып, 4-орын алған Ислам Сатбаев алып берді. Айта кетейік, бұл нысана көздеуден біздің мергендер қол жеткізген алғашқы Олимпиада лицензиясы. Осыған дейінгі Токиодағы ойындарда ел намысын Юрий Юрков жалғыз өзі қорғаған. Спорттың бұл түрінде әлем чемпионатының жолдамасы жекелеген атлетке емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Алайда әр мемлекеттің федерациясы күтпеген жағдай болмаса, олимпия ойындарына жолдамаға қол жеткізген спортшыны апарады. Франциядағы ойындарда барлығы 340 мерген жүлдеге таласады деп жоспарланған. Баку төрінде ең көп жолдаманы Қытай жеңіп алды. Олар 12 бағдарламаның жетеуінде қазірден бастап кімді апаратынын ойластыра берсе болады. Сары құрлықтан соңғы болып кеше трап бағдарламасында Кувейт спортшысы жүлдегер атанып, құрамасына жолдама сыйлады. Бүгінгі мәлімет бойынша нысана көздеуден (тапанша, винтовкамен оқ ату және стенд ату) 45 елде жолдама бар. Жарыс қожайыны ретінде Франция бірден 12 лицензияға ие болған. "Келе жатқан Париждегі ойындарда Токиомен салыстырғанда нысана көздеуден аз спортшы қатысады (Жапонияда 360 лицензия болған). Сіздердің спортшыларыңыз әлі құрлық чемпионаты мен әлем кубогының финалды кезеңінде жақсы нәтиже көрсетіп, лицензия жеңіп ала алады. Жалпы Азияда нысана көздеу қарқынды дамыған. Бұған Бакудегі жарыс кезінде тағы куә болдық", - деді ISSF-тің Бас хатшысы Вилли Гриль. Қазір Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова, Наргиза Сарманова, Даниил Почивалов, Әлішер Айсалбаев пен Виктор Хасянов стенд атудың трап бағдарламасында аралас командалық сында өнер көрсетіп жатыр. Ертеңнен бастап жылжымалы нысана көздеуден қазақстандықтардан Бақтияр Ибраев, Андрей Худяков, Асадбек Назиркульев, Илья Зотеев, Фатима Ирназарова, Зухра Ирназарова, Александра Садуакасова жүлдеге таласты бастайды. Әзербайжан астанасындағы дода 1 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2034035-qazaqstan-pariz-olimpiadasyna-zoldama-algan-31-eldin-qataryna-endi/
25 тамыз 2023, 17:49
kk
"Көмектесіңдер!": Қарағанды облысында бала анасының соққыға жығылғанын видеоға түсірген
Қарқаралыда 51 жастағы әйелге шабуыл жасалған. Әйелдің баласы күдіктіні видеоға түсіріп үлгерген. Болған жайтқа қатысты Қарағанды облысының полиция департаментінде пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Әлеуметтік желіде әйелге жасалған шабуылдың видеосы пайда болды. Кадрларда ер адам әйелдің үстіне мініп алып, беті мен денесін ұрып жатқанын көруге болады. Ал жәбірленушінің айқайлап көмекке шақырғаны естіледі. Бұл кезде әйелдің баласы да көмекке шақырған. Ол үйдің айналасында жүгіріп жүріп: "анамды ұрып жатыр, көмектесіңдер!" деп айқайлаған. Бейнежазбаға қарағанда есік жабық болғандықтан бала үйден шыға алмаған көрінеді. "Тонағысы келген дейді. Полицейлер күдіктіні табу мақсатында көшелерді аралап жүр", - деп жазылған видеоның сипаттамасында. Болған жайтқа қатысты Қарағанды облысының полиция департаментінде пікір білдірді. Ведомствода шабуыл жасалғаннан кейін Қарқаралыда "Ұстау" операциясы жарияланғанын хабарлады. "51 жастағы Қарқаралы тұрғынына шабуыл жасау фактісі тіркелді. Оқиға орнында Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Гарнизонның барлық жеке құрамы жұмылдырылды, жедел іздестіру шаралары жүргізілуде", - делінген Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Қарқаралыда 51 жастағы әйелге шабуыл жасалған. Әйелдің баласы күдіктіні видеоға түсіріп үлгерген. Болған жайтқа қатысты Қарағанды облысының полиция департаментінде пікір білдірді. Бұл туралы хабарлайды. Әлеуметтік желіде әйелге жасалған шабуылдың видеосы пайда болды. Кадрларда ер адам әйелдің үстіне мініп алып, беті мен денесін ұрып жатқанын көруге болады. Ал жәбірленушінің айқайлап көмекке шақырғаны естіледі. Бұл кезде әйелдің баласы да көмекке шақырған. Ол үйдің айналасында жүгіріп жүріп: "анамды ұрып жатыр, көмектесіңдер!" деп айқайлаған. Бейнежазбаға қарағанда есік жабық болғандықтан бала үйден шыға алмаған көрінеді. "Тонағысы келген дейді. Полицейлер күдіктіні табу мақсатында көшелерді аралап жүр", - деп жазылған видеоның сипаттамасында. Болған жайтқа қатысты Қарағанды облысының полиция департаментінде пікір білдірді. Ведомствода шабуыл жасалғаннан кейін Қарқаралыда "Ұстау" операциясы жарияланғанын хабарлады. "51 жастағы Қарқаралы тұрғынына шабуыл жасау фактісі тіркелді. Оқиға орнында Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034032-komektesinder-qaragandy-oblysynda-bala-anasynyn-soqqyga-zygylganyn-videoga-tusirgen/
25 тамыз 2023, 17:48
kk
Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден әлем чемпионатының финалына шықты
Бүгін Будапешттегі әлем чемпионатында биіктікке секіру бәсекесі басталды. Қазақстанның атынан үш спортшы қатысты, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз-қызметі. Әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде 35 атлет өнер көрсетті. Қазақстанның намызын Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова және Елизавета Матвеева қорғап, финалға Дубовицкая шықты. 2022 жылғы жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері 1.89 метрге секіріп, медаль үшін таласатын 15 үміткердің арасына іріктелді. Финал 27 тамыз күні өтеді. Қалған екі отандасымыз іріктеуден аса алмады. 2023 жылғы Азия чемпионы Кристина Овчинникованың нәтижесі - 1.85 метр, ал Елизавета Матвееванікі - 1.80 метр. Ертең 26 тамыз күні өтетін марафонда Жанна Мамажанова жүгіреді. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 8 миллион 498 мың АҚШ долларын құрайды. Сыйақылар тек жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ғана емес, сонымен қатар үздік сегіздікке енген спортшыларға да беріледі (80, 40, 20, 16, 12, 8, 6 және 4 мың). Әлем рекордын орнатқан спортшылар 100 мың доллармен бөлек марапатталады.
Бүгін Будапешттегі әлем чемпионатында биіктікке секіру бәсекесі басталды. Қазақстанның атынан үш спортшы қатысты, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз-қызметі. Әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде 35 атлет өнер көрсетті. Қазақстанның намызын Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова және Елизавета Матвеева қорғап, финалға Дубовицкая шықты. 2022 жылғы жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері 1.89 метрге секіріп, медаль үшін таласатын 15 үміткердің арасына іріктелді. Финал 27 тамыз күні өтеді. Қалған екі отандасымыз іріктеуден аса алмады. 2023 жылғы Азия чемпионы Кристина Овчинникованың нәтижесі - 1.85 метр, ал Елизавета Матвееванікі - 1.80 метр. Ертең 26 тамыз күні өтетін марафонда Жанна Мамажанова жүгіреді. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 8 миллион 498 мың АҚШ долларын құрайды. Сыйақылар тек жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ғана емес, сонымен қатар үздік сегіздікке енген спортшыларға да беріледі (80, 40, 20, 16, 12, 8, 6 және 4 мың).
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2034025-nadezda-dubovickaya-biiktikke-sekiruden-alem-cempionatynyn-finalyna-syqty/
25 тамыз 2023, 17:43
kk
Қостанай облысында кофе ішкісі келген ер адам көлігінен айырылып қала жаздады
Қостанай облысында Лисаков қаласындағы жанармай құю бекетінде ер адам кофе сатып алуға шыққан кезде біреу көлігін ұрлап кеткен. Бұл туралы ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Ведомство хабарлауынша, Денисов ауданының тұрғыны кофе сатып алу мақсатында жанармай құю бекетіне тоқтаған, бірақ қайтып келген кезде көлігін қалдырған жерінде таппаған. "Жәбірленуші дереу полицияға жүгінді. Лисаков қаласының патрульдік полициясының қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізген", - деп жазылған ІІМ хабарламасында. Ведомство мәліметінше, күдікті бір сағат ішінде ұсталды. Көлік Лисаков қаласынан 10 шақырым қашықтықта табылған. Ол сол ауылдың тұрғыны екені анықталды. "Полиция көлікті заңды иесіне қайтарып берді, ал ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.
Қостанай облысында Лисаков қаласындағы жанармай құю бекетінде ер адам кофе сатып алуға шыққан кезде біреу көлігін ұрлап кеткен. Бұл туралы ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Ведомство хабарлауынша, Денисов ауданының тұрғыны кофе сатып алу мақсатында жанармай құю бекетіне тоқтаған, бірақ қайтып келген кезде көлігін қалдырған жерінде таппаған. "Жәбірленуші дереу полицияға жүгінді. Лисаков қаласының патрульдік полициясының қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізген", - деп жазылған ІІМ хабарламасында. Ведомство мәліметінше, күдікті бір сағат ішінде ұсталды. Көлік Лисаков қаласынан 10 шақырым қашықтықта табылған. Ол сол ауылдың тұрғыны екені анықталды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034026-qostanai-oblysynda-kofe-iskisi-kelgen-er-adam-koliginen-aiyrylyp-qala-zazdady/
25 тамыз 2023, 17:13
kk
Алматы облысында құтқарушылар тауда адасып кеткен екі адамды құтқарып алды
24 тамызда кешкі сағат 20:21-де Талғар ауданы Қотырбұлақ шатқалында екі турист жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Өтініш берушілерде байланыс болып, құтқарушыларды шақыра алған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады. "Оқиға орнына ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шықты. Құтқарушылар адасып кеткен адамдарды 22:14-те Алатау туристік кешенінің Қотырбұлақ шатқалы ауданында тауып алды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Букреев шыңынан Медеуге қарай түсу кезінде туристер көрсеткіштен өтіп кетіп, адасып кеткен", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. Сондай-ақ құтқарушылар тауға шықпас бұрын үнемі жүретін бағытты мұқият зерттеуді сұрады. "Мүмкіндік болған жағдайда офлайн режимде пайдалануға ыңғайлы болатын бағыт картасын жүктеп алған жөн. Күтпеген оқыс оқиға орын алса, көмекке жүгіну үшін 112 немесе 8 (727) 3721560 (Алматы қ. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы) нөміріне қоңырау шалыңыз", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін 23 тамыз күні құтқарушылар Алматы облысындағы Талғар асуында адасып кеткен шетелдік әйелді аман-есен тапқаны туралы жазған едік.
24 тамызда кешкі сағат 20:21-де Талғар ауданы Қотырбұлақ шатқалында екі турист жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Өтініш берушілерде байланыс болып, құтқарушыларды шақыра алған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады. "Оқиға орнына ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шықты. Құтқарушылар адасып кеткен адамдарды 22:14-те Алатау туристік кешенінің Қотырбұлақ шатқалы ауданында тауып алды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Букреев шыңынан Медеуге қарай түсу кезінде туристер көрсеткіштен өтіп кетіп, адасып кеткен", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. Сондай-ақ құтқарушылар тауға шықпас бұрын үнемі жүретін бағытты мұқият зерттеуді сұрады. "Мүмкіндік болған жағдайда офлайн режимде пайдалануға ыңғайлы болатын бағыт картасын жүктеп алған жөн. Күтпеген оқыс оқиға орын алса, көмекке жүгіну үшін 112 немесе (Алматы қ. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы) нөміріне қоңырау шалыңыз", - делінген хабарламада.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034019-almaty-oblysynda-qutqarusylar-tauda-adasyp-ketken-eki-adamdy-qutqaryp-aldy/
25 тамыз 2023, 16:42
kk
Сметов тізімде жоқ: Азия ойындарына қатысатын дзюдодан Қазақстан құрамасы анықталды
Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың есімін атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Азия ойындарында Қазақстан намысын жеті спортшы қорғайды. Олар: 60 келі: Мағжан Шамшадин 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев 73 келі: Данияр Шамшаев 81 келі: Абылайхан Жұбаназар 90 келі: Дидар Хамза -100 келі: Нұрлыхан Шархан 100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай Команда үздігі Елдос Сметов жарақатына байланысты турнирден сырт қалды. Ол 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы.
Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың есімін атанды. Бұл туралы хабарлайды. Азия ойындарында Қазақстан намысын жеті спортшы қорғайды. Олар: 60 келі: Мағжан Шамшадин 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев 73 келі: Данияр Шамшаев 81 келі: Абылайхан Жұбаназар 90 келі: Дидар Хамза -100 келі: Нұрлыхан Шархан 100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай Команда үздігі Елдос Сметов жарақатына байланысты турнирден сырт қалды.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2034017-smetov-tizimde-zoq-aziya-oiyndaryna-qatysatyn-qazaqstan-quramasy-anyqtaldy/
25 тамыз 2023, 16:27
kk
"Құпия ақпаратқа жатады": Ұлттық банк басшысы жалақысын жариялаудан бас тартты
Бүгін Ұлттық банктің басшысы Ғалымжан Пірматов ведомствода өткен брифингте жалақысы туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. БАҚ өкілдері Ғалымжан Пірматовтан ол қанша жалақа алатынын сұраған болатын. "Менің түсінуімше, Ұлттық банктің басқарма мүшелерінің жалақысын президентпен келісе отырып, басқарма белгілейді және ол құпия ақпаратқа жатады. Сондықтан оны жариялауға құқығым жоқ", - деді Ғалымжан Пірматов. Еске сала кетейік, өткен жылдың ақпан айында Ғалымжан Пірматов Ұлттық банктің төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. Сондай-ақ еліміздің Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев алдыңғы жылы маусымда оның жалақысы 1,5 млн теңгені құрайтынын айтқан еді. Кейін ол кейбір қазақстандық министрлердің жалақысы 1,7 млн теңгеге дейін жететінін айтқан. Бұл ретте ол бәрі жұмыс өтіліне және қызмет саласына байланысты екенін мәлімдеген.
Бүгін Ұлттық банктің басшысы Ғалымжан Пірматов ведомствода өткен брифингте жалақысы туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы хабарлайды. БАҚ өкілдері Ғалымжан Пірматовтан ол қанша жалақа алатынын сұраған болатын. "Менің түсінуімше, Ұлттық банктің басқарма мүшелерінің жалақысын президентпен келісе отырып, басқарма белгілейді және ол құпия ақпаратқа жатады. Сондықтан оны жариялауға құқығым жоқ", - деді Ғалымжан Пірматов. Еске сала кетейік, өткен жылдың ақпан айында Ғалымжан Пірматов Ұлттық банктің төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. Сондай-ақ еліміздің Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев алдыңғы жылы маусымда оның жалақысы 1,5 млн теңгені құрайтынын айтқан еді. Кейін ол кейбір қазақстандық министрлердің жалақысы 1,7 млн теңгеге дейін жететінін айтқан.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2034010-qupiya-aqparatqa-zatady-ulttyq-bank-bassysy-zalaqysyn-zariyalaudan-bas-tartty/
25 тамыз 2023, 15:42
kk
Ирак пен Ауғанстанда соғысқан: Мессидің АҚШ-тағы оққағары кім (видео)
АҚШ-тың "Интер Майами" клубында ойнайтын Лионель Мессидің оққағары желіде танымалдыққа ие болды. Бұл туралы rsport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Мессидің жеке оққағары әйгілі футболшыны матч кезінде де торуылдап жүреді. Өйткені ол өз клиентін алаңнан жүгіріп шығатын жанкүйерлерден қорғауы тиіс. Желіде Леоны алаң шетінде аңдып жүрген оққағарының бейнежазбасы жарияланды. Оған Мессиді фанаттардан қорғау үшін жасыл алаңға шығуға да рұқсат етілген. Лионель Мессидің оққағарын әйгілі футболшы Дэвид Бекхэм таңдаған. Бекхэм "Интер Майами" клубының қожайындарының бірі. Ал Мессидің оққағарының аты-жөні - Яссин Чуэко. Ол бұрын АҚШ әскерінің арнайы жасағында қызмет еткен. Сондай-ақ Ирак пен Ауғанстандағы соғысқа қатысқан. Яссин түрлі жекпе-жек өнерін меңгерген. Бокспен шұғылданып, бірнеше рет ММА-де бақ сынады.
АҚШ-тың "Интер Майами" клубында ойнайтын Лионель Мессидің оққағары желіде танымалдыққа ие болды. Бұл туралы сайтына сілтеме жасаған хабарлайды. Мессидің жеке оққағары әйгілі футболшыны матч кезінде де торуылдап жүреді. Өйткені ол өз клиентін алаңнан жүгіріп шығатын жанкүйерлерден қорғауы тиіс. Желіде Леоны алаң шетінде аңдып жүрген оққағарының бейнежазбасы жарияланды. Оған Мессиді фанаттардан қорғау үшін жасыл алаңға шығуға да рұқсат етілген. Лионель Мессидің оққағарын әйгілі футболшы Дэвид Бекхэм таңдаған. Бекхэм "Интер Майами" клубының қожайындарының бірі. Ал Мессидің оққағарының аты-жөні - Яссин Чуэко. Ол бұрын АҚШ әскерінің арнайы жасағында қызмет еткен. Сондай-ақ Ирак пен Ауғанстандағы соғысқа қатысқан. Яссин түрлі жекпе-жек өнерін меңгерген.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2034008-irak-pen-auganstanda-sogysqan-messidin-aqs-tagy-oqqagary-kim-video/
25 тамыз 2023, 15:31
kk
Қарағанды облысында мәслихат төрағасы жол апатына ұшырады
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының төрағасы Қуаныш Жүнісбеков әкімдіктің қызметтік көлігінде жол апатына ұшырап, ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы Нұра ауданы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Оқиға 8 тамызда Осакаровка-Нұра тас жолында болған. Аудандық мәслихат төрағасы Нұра ауданы әкімінің аппаратында тіркелген қызметтік көлікпен Қарағандыдан қайтып келе жатқан. Аудан әкімдігінде мәслихат төрағасы көлікті басқармағанын, жалпы көлікке кездейсоқ отырғанын хабарлады. Көлікті автосервистен қайтып келе жатқан әкімдіктің жүргізушісі басқарған. "Ешкім автокөлікті жеке мақсатта пайдаланған жоқ. Көлік 7 тамызда Қарағандыда қызмет көрсету орталығында болған. Нұра ауылына қайтып келе жатқан кезде жол апаты болған. Көлікте аудандық мәслихаттың төрағасы болды. Ол ауылға жетіп қалу мақсатында көлікке отырған еді. Оқыс оқиға Осакаров ауданының полиция бөлімінде тіркеліп, материалдар сотқа жіберілді. Қазір жол ережесін бұзып, жол апатына кінәлі адамды материалдық шығынды өтеуге міндеттеу жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады Нұра ауданының әкімдігінен. Жол апатына қатысты Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, жол апаты 8 тамыз күні түнгі сағат 02.00 шамасында болған. "Kia Sportage көлігі аударылған. Жол апаты салдарынан 42 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады", - делінген облыстық ПД хабарламасында. Нұра аудандық мәслихат аппаратының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, аудандық маслихаттың төрағасы - Қуаныш Жүнісбеков. Ол 1980 жылы 15 қарашада дүниеге келген. "Қазақстан тарихы" және "құқықтану" мамандығы бойынша жоғары білімі бар.
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының төрағасы Қуаныш Жүнісбеков әкімдіктің қызметтік көлігінде жол апатына ұшырап, ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы Нұра ауданы әкімдігіне сілтеме жасаған хабарлайды. Оқиға 8 тамызда Осакаровка-Нұра тас жолында болған. Аудандық мәслихат төрағасы Нұра ауданы әкімінің аппаратында тіркелген қызметтік көлікпен Қарағандыдан қайтып келе жатқан. Аудан әкімдігінде мәслихат төрағасы көлікті басқармағанын, жалпы көлікке кездейсоқ отырғанын хабарлады. Көлікті автосервистен қайтып келе жатқан әкімдіктің жүргізушісі басқарған. "Ешкім автокөлікті жеке мақсатта пайдаланған жоқ. Көлік 7 тамызда Қарағандыда қызмет көрсету орталығында болған. Нұра ауылына қайтып келе жатқан кезде жол апаты болған. Көлікте аудандық мәслихаттың төрағасы болды. Ол ауылға жетіп қалу мақсатында көлікке отырған еді. Оқыс оқиға Осакаров ауданының полиция бөлімінде тіркеліп, материалдар сотқа жіберілді. Қазір жол ережесін бұзып, жол апатына кінәлі адамды материалдық шығынды өтеуге міндеттеу жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады Нұра ауданының әкімдігінен. Жол апатына қатысты Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, жол апаты 8 тамыз күні түнгі сағат 02.00 шамасында болған. "Kia Sportage көлігі аударылған. Жол апаты салдарынан 42 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады", - делінген облыстық ПД хабарламасында. Нұра аудандық мәслихат аппаратының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, аудандық маслихаттың төрағасы - Қуаныш Жүнісбеков. Ол 1980 жылы 15 қарашада дүниеге келген.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033991-qaragandy-oblysynda-maslixat-toragasy-zol-apatyna-usyrady/
25 тамыз 2023, 15:24
kk
"Жаңа мектептер мен тегін түскі ас: Алматы облысының әкімі жаңа оқу жылындағы жаңашылдық туралы айтты
Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» тақырыбында облыстың педагог қызметкерлерінің өңірлік тамыз конференциясы өтті. Дәстүрлі тамыз конференциясына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, онлайн режимде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директорының орынбасары Ақзира Қасымова, сондай-ақ ғылыми қызметкерлер, педагогика ғылымдарының докторлары, академиктер, аудан, қала әкімдері, республикалық, облыстық департаменттер мен басқармалардың, кәсіподақ, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтары, ата-аналар комитеттерінің төрағалары қатысты. Облыс әкімі өз баяндамасында биылғы білім беру саласының бюджеті 394 млрд теңгені құрағанын және өткен жылмен салыстырғанда 78 млрд теңгеге ұлғайғанын атап өтті. Облыстың өзекті мәселелерінің бірі – үш ауысымды мектептер мәселесі. 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жобалық қуаты 68 200 оқушыға арналған 53 жалпы білім беретін мектеп салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 15 750 орынды 16 мектептің құрылысы жүргізілуде, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл аудандары мен Қонаев қаласында 1 қыркүйекке дейін пайдалануға берілетін 9 мектептің құрылысы аяқталды. 5 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, ал қалған екі мектеп 2024 жылға ауысады. "Бастауыш сыныптардың 113 240 оқушысына тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 4 млрд 529 млн теңге бөлінді. 2023 жылы шалғай елдімекендерден оқушыларды қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру үшін 2 млрд 172 млн теңге бөлінді, «Лизинг» арқылы 36 автобус сатып алынды", - дейді өңір басшысы. Облыс оқушыларының білім сапасын арттыру үшін «Білім-Инновация» қоғамдық қоры 50 мектепті, 66 мың оқушыны және облыстың 2500 мұғалімін қамти отырып, білім беру саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылатын «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу бойынша «Жаңа форматтағы 50 табысты мектеп» жобасын құрды. Мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңа заманауи жабдықтармен жарақтандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 756,0 млн теңге бөлінді. Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева өткен оқу жылын қорытындылап, атқарылған жұмыстарға талдау жүргізді. Тамыз конференциясының қорытындысы бойынша облыс педагогтері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі мен облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үздігі» дипломымен балабақша меңгерушісінің жұмысы атап өтіліп, «Еңбек ардагері» медалімен 11 педагог марапатталды.
Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» тақырыбында облыстың педагог қызметкерлерінің өңірлік тамыз конференциясы өтті. Дәстүрлі тамыз конференциясына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, онлайн режимде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директорының орынбасары Ақзира Қасымова, сондай-ақ ғылыми қызметкерлер, педагогика ғылымдарының докторлары, академиктер, аудан, қала әкімдері, республикалық, облыстық департаменттер мен басқармалардың, кәсіподақ, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтары, ата-аналар комитеттерінің төрағалары қатысты. Облыс әкімі өз баяндамасында биылғы білім беру саласының бюджеті 394 млрд теңгені құрағанын және өткен жылмен салыстырғанда 78 млрд теңгеге ұлғайғанын атап өтті. Облыстың өзекті мәселелерінің бірі – үш ауысымды мектептер мәселесі. 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жобалық қуаты 68 200 оқушыға арналған 53 жалпы білім беретін мектеп салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 15 750 орынды 16 мектептің құрылысы жүргізілуде, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл аудандары мен Қонаев қаласында 1 қыркүйекке дейін пайдалануға берілетін 9 мектептің құрылысы аяқталды. 5 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, ал қалған екі мектеп 2024 жылға ауысады. "Бастауыш сыныптардың 113 240 оқушысына тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 4 млрд 529 млн теңге бөлінді. 2023 жылы шалғай елдімекендерден оқушыларды қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру үшін 2 млрд 172 млн теңге бөлінді, «Лизинг» арқылы 36 автобус сатып алынды", - дейді өңір басшысы. Облыс оқушыларының білім сапасын арттыру үшін «Білім-Инновация» қоғамдық қоры 50 мектепті, 66 мың оқушыны және облыстың 2500 мұғалімін қамти отырып, білім беру саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылатын «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу бойынша «Жаңа форматтағы 50 табысты мектеп» жобасын құрды. Мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңа заманауи жабдықтармен жарақтандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 756,0 млн теңге бөлінді. Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева өткен оқу жылын қорытындылап, атқарылған жұмыстарға талдау жүргізді. Тамыз конференциясының қорытындысы бойынша облыс педагогтері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі мен облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033968-zana-mektepter-men-tegin-tuski-as-almaty-oblysynyn-akimi-zana-oqu-zylyndagy-zanasyldyq-turaly-aitty/
25 тамыз 2023, 15:19
kk
Тоқаев Қазақстанның Беларусь пен Вьетнамдағы елшілерін тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында. Ерлан Байжанов Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Вьетнамдағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды. Қанат Тумыш Қазақстанның Вьетнамдағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Сонымен қатар президент жарлығымен Асқар Бейсенбаев Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында. Ерлан Байжанов Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Вьетнамдағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды. Қанат Тумыш Қазақстанның Вьетнамдағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2034000-toqaev-qazaqstannyn-belarus-pen-vetnamdagy-elsilerin-tagaiyndady/
25 тамыз 2023, 15:00
kk
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді (фото, видео)
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады. Құрметті қонақты елорда әуежайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады. Құрметті қонақты елорда әуежайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033993-tazikstan-prezidenti-emomali-raxmon-astanaga-keldi/
25 тамыз 2023, 14:50
kk
Баскетболдан әлем чемпионаты: АҚШ құрамасы қандай ойын көрсетеді және оның нақты бәсекелестері бар ма
25 тамызда жанкүйерлерді керемет финттер, мықты данктер және қашықтықтан дәл көзделген лақтырулар күтеді. Дәл осы күні баскетболдан әлем чемпионаты басталады, онда әлемнің ең үздік командалары жиналатын болады! Parimatch сарапшылары турнирдің фавориттері туралы айтып берді. АҚШ құрамасы 2017 жылғы әлем біріншілігінде сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, америкалықтар тек 7-ші орынға ие болды, бұл жолы "жұлдызды жолақ" командасы аталған мәселені шешуге бел буды. Бұл чемпионатқа алтынды алуға дайын ҰБА-ның басты жас жұлдыздары АҚШ үшін өнер көрсететін болады. Сарапшылар бұл команданы "Дрим-Тим" атты үшінші шақырылымы деп атайды – алдыңғы екі құрам Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарының басым командалары болды. Стив Керрдің командадағы нөмір бірінші ойыншысына бәсекелестік етуші мықты болып отыр: "Дрим-Тим 3" шабуылдарын басқару "Индиананың" мергені Тайриз Халибертон мен өткен маусымда ҰБА-да "Нью-Йорк Никстың" көшбасшыларының біріне айналған Джейлен Брансонға сеніп тапсырылған. Негізгі шабуылдаушы қорғаушы да олардан қалыс қалар емес: "Миннесота" көшбасшысы Энтони Эдвардс өте жақсы ұпай жинап келеді және шешуші сәт туындағанда, қол қусырып отырып қалмайды. АҚШ-тың шабуыл шебінде де бәрі жақсы: "Бруклинге" айрандай ұйып қосылған Микал Бриджес пен өткен маусымның ең жақсы бастаушысы ойыншы, Паоло Банчеро шабуылда да, қорғаныста да керемет. Америкалықтар сақинаның астындағы қорғанысы үшін де алаңдамаса болады: "Мемфистің" орталық ойыншысы Джарен Джексон – ҰБА-ның 2022/23 маусымындағы ең мықты қорғаушысы және блокшот жасау бойынша үздіктердің бірі болып табылады. Канада құрамасы Хоккей, үйеңкі шәрбаты және төртбұрышты дөңгелектердің отаны да баскетбол мундиалына өте мықты команда шығарып отыр. Қазіргі ҰБА чемпионы Джамал Мюррей чемпионатқа бармаса да, канадалықтардың құрамы қарсыластарына біраз тер төгуге тура келетіндей көрінеді. Джамал құрама сапынан көрінбесе де, соңғы жылдары мықты "Оклахома-Сити Тандердің" көшбасшысы болған Шай Гилджесс-Александр көшбасшылық пен шабуылдарды өзіне алады екен. Оған аталғандарды орындауда "Нью-Йорктің" шабуылшы қорғаушысы АрДжей Барретт пен "Хьюстонның" шабуылшысы Диллон Брукс көмектеседі. "Ютаның" орталық ойыншысы Келли Олийник пен "Даллас" шабуылшысы Дуайт Пауэлл оларға қолғабыс болады. Сербия құрамасы ҰБА маусымының MVP финалының және екі дүркін MVP чемпионы болғанымен, Никола Йожич турнирді өткізіп жіберсе де, балқандықтар әлем чемпионатына шайқасқа өте қабілетті құрамды шығарды. Богдан Богданович және ҰБА "Майами Хит" құрамындағы финалисті Никола Йович - әлем бойынша үздік баскетбол лигасының мықты ойыншылары. Сербия құрамасының негізін белградтық "Партизан" және "Црвена Звезды" ойыншылары құрайды, олар бір-бірін жақсы біледі және бір-бірімен ойын жүргізген екен. Parimatch аналитикасы мен коэффициенттері АҚШ құрамасы ҰБА-ның көптеген жас жұлдыздары есебінен 2023 жылғы Әлем чемпионатының айқын фавориті болып отыр. Осы түйінмен Parimatch сарапшылары да келіседі: олар мундиалды "жұлдызды жолақтардың" жеңісті қанжығасына байлау ықтималдығын 2.00-ге бағалайды. Олар Канада құрамасын екінші ең күшті команда деп санайды – Шэй Гилджесс-Александр командасының коэффициентін 5.00-ке теңестіруде. Аналитиктердің ойынша, мықтылығы жағынан үшінші команда - Сербия құрамасы болып саналады, оның жеңіске жету ықтималдығына 7.00 коэффициентін ұсынуда. Баскетболдан әлем чемпионатына ұтыс тігіп, Parimatch-пен бірге жарқын эмоциялар алыңыз! Жаңа ойыншыларға арнайы бонус қол жетімді – шотты алғашқы рет толықтырғаныңыз үшін 100% бонус. Алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз! *Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.
25 тамызда жанкүйерлерді керемет финттер, мықты данктер және қашықтықтан дәл көзделген лақтырулар күтеді. Дәл осы күні баскетболдан әлем чемпионаты басталады, онда әлемнің ең үздік командалары жиналатын болады! Parimatch сарапшылары турнирдің фавориттері туралы айтып берді. АҚШ құрамасы 2017 жылғы әлем біріншілігінде сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, америкалықтар тек 7-ші орынға ие болды, бұл жолы "жұлдызды жолақ" командасы аталған мәселені шешуге бел буды. Бұл чемпионатқа алтынды алуға дайын ҰБА-ның басты жас жұлдыздары АҚШ үшін өнер көрсететін болады. Сарапшылар бұл команданы "Дрим-Тим" атты үшінші шақырылымы деп атайды – алдыңғы екі құрам Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарының басым командалары болды. Стив Керрдің командадағы нөмір бірінші ойыншысына бәсекелестік етуші мықты болып отыр: "Дрим-Тим 3" шабуылдарын басқару "Индиананың" мергені Тайриз Халибертон мен өткен маусымда ҰБА-да "Нью-Йорк Никстың" көшбасшыларының біріне айналған Джейлен Брансонға сеніп тапсырылған. Негізгі шабуылдаушы қорғаушы да олардан қалыс қалар емес: "Миннесота" көшбасшысы Энтони Эдвардс өте жақсы ұпай жинап келеді және шешуші сәт туындағанда, қол қусырып отырып қалмайды. АҚШ-тың шабуыл шебінде де бәрі жақсы: "Бруклинге" айрандай ұйып қосылған Микал Бриджес пен өткен маусымның ең жақсы бастаушысы ойыншы, Паоло Банчеро шабуылда да, қорғаныста да керемет. Америкалықтар сақинаның астындағы қорғанысы үшін де алаңдамаса болады: "Мемфистің" орталық ойыншысы Джарен Джексон – ҰБА-ның 2022/23 маусымындағы ең мықты қорғаушысы және блокшот жасау бойынша үздіктердің бірі болып табылады. Канада құрамасы Хоккей, үйеңкі шәрбаты және төртбұрышты дөңгелектердің отаны да баскетбол мундиалына өте мықты команда шығарып отыр. Қазіргі ҰБА чемпионы Джамал Мюррей чемпионатқа бармаса да, канадалықтардың құрамы қарсыластарына біраз тер төгуге тура келетіндей көрінеді. Джамал құрама сапынан көрінбесе де, соңғы жылдары мықты "Оклахома-Сити Тандердің" көшбасшысы болған Шай Гилджесс-Александр көшбасшылық пен шабуылдарды өзіне алады екен. Оған аталғандарды орындауда "Нью-Йорктің" шабуылшы қорғаушысы АрДжей Барретт пен "Хьюстонның" шабуылшысы Диллон Брукс көмектеседі. "Ютаның" орталық ойыншысы Келли Олийник пен "Даллас" шабуылшысы Дуайт Пауэлл оларға қолғабыс болады. Сербия құрамасы ҰБА маусымының MVP финалының және екі дүркін MVP чемпионы болғанымен, Никола Йожич турнирді өткізіп жіберсе де, балқандықтар әлем чемпионатына шайқасқа өте қабілетті құрамды шығарды. Богдан Богданович және ҰБА "Майами Хит" құрамындағы финалисті Никола Йович - әлем бойынша үздік баскетбол лигасының мықты ойыншылары. Сербия құрамасының негізін белградтық "Партизан" және "Црвена Звезды" ойыншылары құрайды, олар бір-бірін жақсы біледі және бір-бірімен ойын жүргізген екен. Parimatch аналитикасы мен коэффициенттері АҚШ құрамасы ҰБА-ның көптеген жас жұлдыздары есебінен 2023 жылғы Әлем чемпионатының айқын фавориті болып отыр. Осы түйінмен Parimatch сарапшылары да келіседі: олар мундиалды "жұлдызды жолақтардың" жеңісті қанжығасына байлау ықтималдығын 2.00-ге бағалайды. Олар Канада құрамасын екінші ең күшті команда деп санайды – Шэй Гилджесс-Александр командасының коэффициентін 5.00-ке теңестіруде. Аналитиктердің ойынша, мықтылығы жағынан үшінші команда - Сербия құрамасы болып саналады, оның жеңіске жету ықтималдығына 7.00 коэффициентін ұсынуда. Баскетболдан әлем чемпионатына ұтыс тігіп, Parimatch-пен бірге жарқын эмоциялар алыңыз! Жаңа ойыншыларға арнайы бонус қол жетімді – шотты алғашқы рет толықтырғаныңыз үшін 100% бонус. Алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз! *Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033984-basketboldan-alem-cempionaty-aqs-quramasy-qandai-oiyn-korsetedi-zane-onyn-naqty-basekelesteri-bar-ma/
25 тамыз 2023, 14:36
kk
Қазақстанда демалыс күндері жаңбыр жауып, күн суытады
Алдағы демалыс күндері, яғни 26-28 тамызда Қазақстанда жел күшейіп, жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды. Синоптиктердің дерегінше, алдағы күндері Қазақстанда қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ жел күшейеді деген болжам бар. 26-28 тамыз аралығында еліміздің батыс, шығыс, солтүстік-батыс өңірінде қатты жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар 27-28 тамызда Қазақстанның солтүстік, орталық, оңтүстік өңірінде қатты жаңбыр жауады. Ел бойынша ауа температурасы төмендеуі мүмкін.
Алдағы демалыс күндері, яғни 26-28 тамызда Қазақстанда жел күшейіп, жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды. Синоптиктердің дерегінше, алдағы күндері Қазақстанда қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ жел күшейеді деген болжам бар. 26-28 тамыз аралығында еліміздің батыс, шығыс, солтүстік-батыс өңірінде қатты жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар 27-28 тамызда Қазақстанның солтүстік, орталық, оңтүстік өңірінде қатты жаңбыр жауады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033980-qazaqstanda-demalys-kunderi-zanbyr-zauyp-kun-suytady/
25 тамыз 2023, 14:33
kk
"Гүл сыйлаймын деп ойламадым": жақында шаңырақ көтерген әнші Akha жұбайы жайлы айтты
Отандық әнші, көпшілікке Akha лақап есімімен танымал Ахмет Үсірбек жақында шаңырақ көтерді. REVUE NEWS бағдарламасында өнер иесі жұбайы жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Мен ешқашан бір қыздың соңынан олай жүгіремін деп ойламадым. Осынша гүл сыйлаймын деп ойламадым. Әлеуметтік желіде жігіттерді көргенде таңғалатынмын. Әйелім "Мен гүлді жақсы көремін" деп ашық айттым. Сөйтіп, мені де гүлге ғашық қылды. Ол мені өзінің сүйікті ісіне ғашық қып қойды. Мен оның сезімдеріне, жүзіндегі күлкісіне ғашық болдым. Басында қиын болды. Кейін түсіне бастадым. Қазір көріп тұрғаныңыздай, бақыттымын", - деді әнші. Сонымен қатар Akha үш той жасағандарын да айтып берді. "Үш той жасау отбасымыздың ұсынысы болды. Үлкен кісілер, келе алмайтын адамдар бар, соларға мүмкіндік жасадық. Қарызға батпадым. Аллаға шүкір, бәрі шешілді. Достарым, бауырларым, командам бәрін реттестіріп берді. Ұйымдастыру жұмыстарын енем жасады. Анашым Шымкенттің тойын жеке алып шықты", - деді әнші.
Отандық әнші, көпшілікке Akha лақап есімімен танымал Ахмет Үсірбек жақында шаңырақ көтерді. REVUE NEWS бағдарламасында өнер иесі жұбайы жайлы айтты, деп жазады . "Мен ешқашан бір қыздың соңынан олай жүгіремін деп ойламадым. Осынша гүл сыйлаймын деп ойламадым. Әлеуметтік желіде жігіттерді көргенде таңғалатынмын. Әйелім "Мен гүлді жақсы көремін" деп ашық айттым. Сөйтіп, мені де гүлге ғашық қылды. Ол мені өзінің сүйікті ісіне ғашық қып қойды. Мен оның сезімдеріне, жүзіндегі күлкісіне ғашық болдым. Басында қиын болды. Кейін түсіне бастадым. Қазір көріп тұрғаныңыздай, бақыттымын", - деді әнші. Сонымен қатар Akha үш той жасағандарын да айтып берді. "Үш той жасау отбасымыздың ұсынысы болды. Үлкен кісілер, келе алмайтын адамдар бар, соларға мүмкіндік жасадық. Қарызға батпадым. Аллаға шүкір, бәрі шешілді. Достарым, бауырларым, командам бәрін реттестіріп берді. Ұйымдастыру жұмыстарын енем жасады.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033974-gul-syilaimyn-dep-oilamadym-zaqynda-sanyraq-kotergen-ansi-akha-zubaiy-zaily-aitty/
25 тамыз 2023, 13:57
kk
Дүкенде қыздың кеудесіне қол жүгірткен: Алматы полициясы видеодағы ер адамды анықтады
Алматы полицейлері азық-түлік дүкенінде қыздың кеудесінен ұстап алған ер адамның жеке басын анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. "Бостандық аудандық полиция басқармасының мәліметінше, құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол - Атырау қаласының тұрғыны. ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша іс жүргізу материалы соттың қарауы және әрі қарай шешім қабылдау үшін тұрғылықты жеріне жіберілді", - деп хабарлады қалалық полициядан. Естеріңізе сала кетейік, бұған дейін Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде азық-түлік дүкенінде бейтаныс ер адамның әдепсіз әрекетінің құрбаны болғанын айтқан еді. Бойжеткен полицейлерден ер адамды жауапкершілікке тартуды сұраған болатын.
Алматы полицейлері азық-түлік дүкенінде қыздың кеудесінен ұстап алған ер адамның жеке басын анықтады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. "Бостандық аудандық полиция басқармасының мәліметінше, құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол - Атырау қаласының тұрғыны. ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша іс жүргізу материалы соттың қарауы және әрі қарай шешім қабылдау үшін тұрғылықты жеріне жіберілді", - деп хабарлады қалалық полициядан. Естеріңізе сала кетейік, бұған дейін Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде азық-түлік дүкенінде бейтаныс ер адамның әдепсіз әрекетінің құрбаны болғанын айтқан еді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033971-dukende-qyzdyn-keudesine-qol-zugirtken-almaty-policiyasy-videodagy-er-adamdy-anyqtady/
25 тамыз 2023, 13:55
kk
"Сатқындық жасады": әнші Ayree екі жыл кездескен сүйіктісі жайлы айтты
Отандық әнші Ayree ер адаммен кездеспес бұрын оған тағдыры жайлы, ұлы жайлы жасырмай айтатынын баяндап берді. Динара Сәтжанға сұхбат берген әнші көңілін тапқысы келетін жігіттердің көп екенін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Әншінің айтуынша, ол екі жыл бойы өнер адамымен кездескен. Ер адам сатқындық жасап, жүрегін жаралағаннан кейін Ayree екі жыл күйзелісте жүргенін жеткізді. "Мен біреумен кездеспес бұрын барлығын ашық айтамын. Ол адамның менің тағдырым жайлы білгенін қалаймын. Уақытты құр өткізгім келмейді. Одан "Жауапкершілік алуға дайынсың ба?" деп млн рет сұрадым. Маған қолдау білдіретін, отбасы болатын адам керек. Шынымды айтсам, менің көңілімді тапқысы келетін жігіттер көп. Әйгеріммен емес, Ayree-мен кездескісі келетіндер көп. Менің сезімдерімді талқандап кеткен қарым-қатынасты бастан өткердім. Ол менің өзім жайлы көпшілікке айтқанымды қаламады. Ол мені ұнатқанымен, басқа дүниелерді қабылдай алмады. Мен мұны кеш түсіндім. Мұны маған сатқындық жасап, қорлап, жүрегімді жаралағаннан кейін ғана түсіндім. Осыдан соң екі жыл күйзелісте жүрдім", - деді Ayree. Сонымен қатар әнші ұлы үшін ешқашан ұялмағанын жеткізді. "Ұлым үшін, оның ерекше бала болғаны үшін ешқашан ұялған емеспін. Тек отбасыма ешкім тіл тигізбесе екен дедім. Осыдан біраз уақыт бұрын берген сұхбатымда отбасым жайлы бар шындықты айтқым келген. Ал сол кезде кездескен азаматым рұқсат бермеді. "Әлі уақыты келмеді" деді. Алайда сол уақытта түсінбеппін. Біз екі жыл кездестік. Ол да шоу-бизнес адамы. Бұл жағдай мен үшін сабақ болды. Жанымда болатын, мені түсінетін адамды әлі таппадым", - деді жан сырын ақтарған Ayree. Айта кетейік, осыған дейін Ayree 18 жасында тұрмысқа шыққанын және бүгінгі таңда 12 жастағы ерекше баласы барын мәлім етті.
Отандық әнші Ayree ер адаммен кездеспес бұрын оған тағдыры жайлы, ұлы жайлы жасырмай айтатынын баяндап берді. Динара Сәтжанға сұхбат берген әнші көңілін тапқысы келетін жігіттердің көп екенін мәлім етті, деп жазады . Әншінің айтуынша, ол екі жыл бойы өнер адамымен кездескен. Ер адам сатқындық жасап, жүрегін жаралағаннан кейін Ayree екі жыл күйзелісте жүргенін жеткізді. "Мен біреумен кездеспес бұрын барлығын ашық айтамын. Ол адамның менің тағдырым жайлы білгенін қалаймын. Уақытты құр өткізгім келмейді. Одан "Жауапкершілік алуға дайынсың ба?" деп млн рет сұрадым. Маған қолдау білдіретін, отбасы болатын адам керек. Шынымды айтсам, менің көңілімді тапқысы келетін жігіттер көп. Әйгеріммен емес, Ayree-мен кездескісі келетіндер көп. Менің сезімдерімді талқандап кеткен қарым-қатынасты бастан өткердім. Ол менің өзім жайлы көпшілікке айтқанымды қаламады. Ол мені ұнатқанымен, басқа дүниелерді қабылдай алмады. Мен мұны кеш түсіндім. Мұны маған сатқындық жасап, қорлап, жүрегімді жаралағаннан кейін ғана түсіндім. Осыдан соң екі жыл күйзелісте жүрдім", - деді Ayree. Сонымен қатар әнші ұлы үшін ешқашан ұялмағанын жеткізді. "Ұлым үшін, оның ерекше бала болғаны үшін ешқашан ұялған емеспін. Тек отбасыма ешкім тіл тигізбесе екен дедім. Осыдан біраз уақыт бұрын берген сұхбатымда отбасым жайлы бар шындықты айтқым келген. Ал сол кезде кездескен азаматым рұқсат бермеді. "Әлі уақыты келмеді" деді. Алайда сол уақытта түсінбеппін. Біз екі жыл кездестік. Ол да шоу-бизнес адамы. Бұл жағдай мен үшін сабақ болды. Жанымда болатын, мені түсінетін адамды әлі таппадым", - деді жан сырын ақтарған Ayree.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033967-satqyndyq-zasady-ansi-ayree-eki-zyl-kezdesken-suiiktisi-zaily-aitty/
25 тамыз 2023, 13:16
kk
Бокстан Азия ойындарына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасының тізімі белгілі болды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын бокстан Қазақстан ерлер құрамасының тізімі жарияланды. Бұл туралы федерация Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады. Бокс федерациясының мәліметінше, жазғы Азия ойындарында ел намысын жеті боксшы қорғайды. Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы тізімі: "Мырзағали Айтжановтың бапкерлер штабы Қытай рингіне мықтының мықтысын алып шығады. Олардың кейбіреулері Ташкентте өткен біз үшін тарихи әлем чемпионатынан кейін, басқалары Астана-2023 халықаралық Elorda Cup турнирінің қорытындысы бойынша бәсекеге қатысуға мүмкіндік алды", - делінген федерация хабарламасында. Айта кетейік, Азия ойындары биыл 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Қазақстан туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Надежда Дубовицкая алып шығады. Бұл додада жалпы жиынтығы 40 медаль сарапқа салынады.
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын бокстан Қазақстан ерлер құрамасының тізімі жарияланды. Бұл туралы федерация Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады. Бокс федерациясының мәліметінше, жазғы Азия ойындарында ел намысын жеті боксшы қорғайды. Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы тізімі: "Мырзағали Айтжановтың бапкерлер штабы Қытай рингіне мықтының мықтысын алып шығады. Олардың кейбіреулері Ташкентте өткен біз үшін тарихи әлем чемпионатынан кейін, басқалары Астана-2023 халықаралық Elorda Cup турнирінің қорытындысы бойынша бәсекеге қатысуға мүмкіндік алды", - делінген федерация хабарламасында. Айта кетейік, Азия ойындары биыл 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Қазақстан туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Надежда Дубовицкая алып шығады.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033969-bokstan-aziya-oiyndaryna-qatysatyn-qazaqstan-erler-quramasynyn-tizimi-belgili-boldy/
25 тамыз 2023, 13:04
kk
"Отбасым - байлығым": Толқын Забирова жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады (фото)
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Толқын Забирова жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады. Өнер иесі күйеуі екеуінің суретін Instagram парақшасында жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Қосағыммен қоса ағаруды нәсіп етсін. Бақытты болғаныма рахмет айтамын. Туған күніңмен, отбасым - байлығым", - деп жазды Толқын Забирова. Желі қолданушылары да әншінің отбасына бақыт тілеп, жылы лебізін білдірген. "Бақытты болыңыздар", "Бақытты ғұмыр кешіңіздер", "Үбірлі-шүбірлі болыңыздар", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, осыған дейін Толқын Забирова үш баласы мен жолдасы жайлы құпиясын бөліскен болатын. "Шынында, менің жолдасым Сафар сондай адам. 25 жыл бірге өмір сүріп келеміз. Үш баламыз бар. Шүкір, әрқайсысы өз жолын іздеуде", - деген еді Толқын Забирова.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Толқын Забирова жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады. Өнер иесі күйеуі екеуінің суретін Instagram парақшасында жариялаған, деп жазады . "Қосағыммен қоса ағаруды нәсіп етсін. Бақытты болғаныма рахмет айтамын. Туған күніңмен, отбасым - байлығым", - деп жазды Толқын Забирова. Желі қолданушылары да әншінің отбасына бақыт тілеп, жылы лебізін білдірген. "Бақытты болыңыздар", "Бақытты ғұмыр кешіңіздер", "Үбірлі-шүбірлі болыңыздар", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, осыған дейін Толқын Забирова үш баласы мен жолдасы жайлы құпиясын бөліскен болатын. "Шынында, менің жолдасым Сафар сондай адам. 25 жыл бірге өмір сүріп келеміз. Үш баламыз бар.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033948-otbasym-bailygym-tolqyn-zabirova-zubaiyn-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-foto/
25 тамыз 2023, 12:38
kk
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75 пайыздан 16,5 пайызға дейін төмендетті. Бұл туралы Ұлттық банк ресми сайтында хабарлады. "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Шешім Ұлттық банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау және инфляция тәуекелдерінің теңгерімін бағалау негізінде қабылданды", - делінген хабарламада. Ұлттық банк мәліметінше, сыртқы ортада инфляциялық қысым біртіндеп әлсіреп келеді. "Көптеген елде орталық банктердің баға тұрақтылығын қамтамасыз ету саясаты нәтиже беріп, инфляция баяулай бастады. Алайда инфляцияның орнықты болып қалу себебінен мөлшерлемені төмендету мерзімі дамыған елдерде кейінге қалды. Әлемнің азық-түлік нарықтарында баға мен логистикалық шығындар төмендеп келеді", - делінген хабарламада. Ұлттық банк дегенмен, экономика ішінде кеңейіп келе жатқан фискалдық ынталандыру, орнықты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер, сондай-ақ өндіріс шығындарының өсуі жағынан проинфляциялық қысым сақталып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар Ұлттық банк жанар-жағармай құнын өсіруден орын алған жанама әсер байыпты көрініс алып отырғанын, бұл теңге бағамы динамикасының ішінара өтелуімен байланысты екенін айта кетті. "Осылайша сыртқы факторлар тарапынан қысымның біршама әлсіреуі есебінен тәуекелдердің жиынтық балансы әлсіз дезинфляциялық аймақта қалып отыр. Нақты инфляция мен оның орнықты бөлігі одан әрі бәсеңдеген сайын базалық мөлшерлемені біртіндеп және байыпты төмендету саясаты жалғасады. Төмендету мүмкіндігі екінші жартыжылдықта фискалдық ынталандырудың ықтималды жеделдеу тәуекелдерімен шектелуде", - дейді Ұлттық банк өкілдері.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75 пайыздан 16,5 пайызға дейін төмендетті. Бұл туралы Ұлттық банк ресми сайтында хабарлады. "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Шешім Ұлттық банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау және инфляция тәуекелдерінің теңгерімін бағалау негізінде қабылданды", - делінген хабарламада. Ұлттық банк мәліметінше, сыртқы ортада инфляциялық қысым біртіндеп әлсіреп келеді. "Көптеген елде орталық банктердің баға тұрақтылығын қамтамасыз ету саясаты нәтиже беріп, инфляция баяулай бастады. Алайда инфляцияның орнықты болып қалу себебінен мөлшерлемені төмендету мерзімі дамыған елдерде кейінге қалды. Әлемнің азық-түлік нарықтарында баға мен логистикалық шығындар төмендеп келеді", - делінген хабарламада. Ұлттық банк дегенмен, экономика ішінде кеңейіп келе жатқан фискалдық ынталандыру, орнықты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер, сондай-ақ өндіріс шығындарының өсуі жағынан проинфляциялық қысым сақталып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар Ұлттық банк жанар-жағармай құнын өсіруден орын алған жанама әсер байыпты көрініс алып отырғанын, бұл теңге бағамы динамикасының ішінара өтелуімен байланысты екенін айта кетті. "Осылайша сыртқы факторлар тарапынан қысымның біршама әлсіреуі есебінен тәуекелдердің жиынтық балансы әлсіз дезинфляциялық аймақта қалып отыр. Нақты инфляция мен оның орнықты бөлігі одан әрі бәсеңдеген сайын базалық мөлшерлемені біртіндеп және байыпты төмендету саясаты жалғасады.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2033956-ulttyq-bank-bazalyq-molserlemeni-1675-paiyzdan-165-paiyzga-deiin-tomendetti/
25 тамыз 2023, 12:17
kk
"Қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар": Қостанай облысында шағын автобус пен бульдозер соқтығысты
Қостанай облысында Toyota шағын автобусы мен бульдозер соқтығысып, салдарынан 4 адам оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары ресми арнасы хабарлады. ІІМ мәліметінше, жол апаты 24 тамызда Қарабұтақ-Қостанай тасжолының 495-шақырымында болған. Анықталғандай, Toyota шағын автобусы Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан. Жолда оның жүргізушісі бульдозермен соқтығысқан. Салдарынан шағын автобус жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болған. Үш жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылған. Сондай-ақ полиция қызметкерлері жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын, бірқатар жол белгісін елемегенін, сонымен қатар жол қозғалысы жабық технологиялық учаскеге өткенін анықтаған. ІІМ аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Қостанай облысында Toyota шағын автобусы мен бульдозер соқтығысып, салдарынан 4 адам оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары ресми арнасы хабарлады. ІІМ мәліметінше, жол апаты 24 тамызда Қарабұтақ-Қостанай тасжолының 495-шақырымында болған. Анықталғандай, Toyota шағын автобусы Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан. Жолда оның жүргізушісі бульдозермен соқтығысқан. Салдарынан шағын автобус жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болған. Үш жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылған. Сондай-ақ полиция қызметкерлері жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын, бірқатар жол белгісін елемегенін, сонымен қатар жол қозғалысы жабық технологиялық учаскеге өткенін анықтаған.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033946-qostanai-oblysyndagy-tas-zolda-zol-apatynan-4-adam-qaitys-boldy/
25 тамыз 2023, 11:49
kk
"Гинеколог көрмегендер бар": Ләйлә Сұлтанқызы денсаулығына мән бермейтін әйелдерге кеңес берді
Ләйлә Сұлтанқызы денсаулығына салғырт қарайтын әйелдер туралы айтты. Тележүргізуші Instagram парақшасында нәзік жандыларға кеңес берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Келетін хаттардың құрылымы әртүрлі болғанымен, мазмұны бір. "Мен күйзелістен қалай шықсам болады", "шаршап жүрмін" деген сарында… Ал жүйкеңді ауыртып, іштей аяйтын хаттың көбі денсаулыққа қатысты. Ауырса, бірден ауруханаға бармайды. Болмаса, арамызда ауруханаға қолхат жазып кететінін мақтанышпен айтатындар да бар. Өйткені, баланы қарайтын, үйдегілерге шай беретін адам керек. Денсаулығы нашарлады, арықтау керек. Бірақ үстелде қалған тамақты "ысырап болмасын" деп жеп қояды. Өзін жайсыз сезінсе де соңына дейін шыдайтын, гинеколог дегенді жылдар бойы көрмегендер бар. Бірақ, бақыттың да, байлықтың да, жетістіктің де, білімнің де түбірі бір - денсаулық", - деді Ләйлә Сұлтанқызы. Сонымен қатар тележүргізуші адамдарды денсаулығын басқадан биік қоюға шақырды. "Айтқым келгені, мені көптеген ірі-ірі форумға, бизнес-форумға, шараға спикер ретінде шақырып жатады. Бірақ, қандай сахнада тұрсам да, кімнің алдында сөйлесем де, үнемі бірінші денсаулық жайлы сөз етемін. Әсіресе, әйелдің денсаулығы жайлы. Бойында жаны бар, еті тірі әр адам өзінің саулығын басқасынан биік қою керектігін айтқым келеді, жеткізгім келеді. Құрметті құрбым, құрдасым, сырласым, сіңлім, әпкем, жеңгем! Басыңыз "жәй ғана" ауырса да, аяғыңыз тоңса да, бүйрегіңіз маза бермесе де дәрігерге асығыңыз. Ағзаңыздағы кез келген ыңғайсыздықтың арты жақсылыққа апармайды", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Ләйлә Сұлтанқызы денсаулығына салғырт қарайтын әйелдер туралы айтты. Тележүргізуші Instagram парақшасында нәзік жандыларға кеңес берді, деп жазады . "Келетін хаттардың құрылымы әртүрлі болғанымен, мазмұны бір. "Мен күйзелістен қалай шықсам болады", "шаршап жүрмін" деген сарында… Ал жүйкеңді ауыртып, іштей аяйтын хаттың көбі денсаулыққа қатысты. Ауырса, бірден ауруханаға бармайды. Болмаса, арамызда ауруханаға қолхат жазып кететінін мақтанышпен айтатындар да бар. Өйткені, баланы қарайтын, үйдегілерге шай беретін адам керек. Денсаулығы нашарлады, арықтау керек. Бірақ үстелде қалған тамақты "ысырап болмасын" деп жеп қояды. Өзін жайсыз сезінсе де соңына дейін шыдайтын, гинеколог дегенді жылдар бойы көрмегендер бар. Бірақ, бақыттың да, байлықтың да, жетістіктің де, білімнің де түбірі бір - денсаулық", - деді Ләйлә Сұлтанқызы. Сонымен қатар тележүргізуші адамдарды денсаулығын басқадан биік қоюға шақырды. "Айтқым келгені, мені көптеген ірі-ірі форумға, бизнес-форумға, шараға спикер ретінде шақырып жатады. Бірақ, қандай сахнада тұрсам да, кімнің алдында сөйлесем де, үнемі бірінші денсаулық жайлы сөз етемін. Әсіресе, әйелдің денсаулығы жайлы. Бойында жаны бар, еті тірі әр адам өзінің саулығын басқасынан биік қою керектігін айтқым келеді, жеткізгім келеді. Құрметті құрбым, құрдасым, сырласым, сіңлім, әпкем, жеңгем! Басыңыз "жәй ғана" ауырса да, аяғыңыз тоңса да, бүйрегіңіз маза бермесе де дәрігерге асығыңыз.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033940-ginekolog-kormegender-bar-laila-sultanqyzy-densaulygyna-man-bermeitin-aielderge-kenes-berdi/
25 тамыз 2023, 11:36
kk
Қазақстанда мектеп оқушылары қайтадан 25 мамырға дейін оқитын болды
Қазақстанда мектеп оқушылары қайтадан 25 мамырға дейін оқитын болды. Бұл туралы бүгін тамыз конференциясында премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Тамара Дүйсенованың айтуынша, оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту дұрыс, алайда асығыс шешім болған. "Оқу жылын 36 аптаға дейін ұзарту туралы өз пікірімді айтқым келеді. Бұл мәселе бойынша қоғамда шағым өте көп. Мұны мойындау керек. Бұл – әлемдік тәжірибе екенін де мойындауымыз керек, алайда мұндай жаңашылдықтарды енгізу әрқашан тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Министрліктің шешімі орынды болғанымен, бірақ асығыс болды деп ойлаймын. Осыған байланысты биылғы оқу жылында 34 апталық оқу мерзіміне оралып, оқу жылын 25 мамырда аяқтаған дұрыс деп санаймын", - дейді премьер-министрдің орынбасары. Сонымен қатар Тамара Дүйсенова үкімет оқу жылын 36 аптаға дейін ұзарту мәселесіне 2025 жылдан кейін қайта оралатынын атап өтті.
Қазақстанда мектеп оқушылары қайтадан 25 мамырға дейін оқитын болды. Бұл туралы бүгін тамыз конференциясында премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды . Тамара Дүйсенованың айтуынша, оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту дұрыс, алайда асығыс шешім болған. "Оқу жылын 36 аптаға дейін ұзарту туралы өз пікірімді айтқым келеді. Бұл мәселе бойынша қоғамда шағым өте көп. Мұны мойындау керек. Бұл – әлемдік тәжірибе екенін де мойындауымыз керек, алайда мұндай жаңашылдықтарды енгізу әрқашан тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Министрліктің шешімі орынды болғанымен, бірақ асығыс болды деп ойлаймын. Осыған байланысты биылғы оқу жылында 34 апталық оқу мерзіміне оралып, оқу жылын 25 мамырда аяқтаған дұрыс деп санаймын", - дейді премьер-министрдің орынбасары.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033938-qazaqstandyq-mektep-oqusylary-25-mamyrga-deiin-oqidy/
25 тамыз 2023, 10:50
kk
"Аман-есен бауырыңа ал": Ләйлә Сұлтанқызы Ерке Есмахан мен Раимды құттықтады (фото)
Әнші Ерке Есмахан күні кеше сүйінші сұрап, көпшілікке бейнебаяны арқылы аяғы ауыр екенін жеткізген болатын. Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында жұлдызды жұпқа тілегін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Ерке, аман-есен аяқ-қолыңды бауырыңа ал. Өздеріңе шығармашылық табыс тілеймін", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. Айта кетейік, ерлі-зайыпты Раим мен Ерке Есмахан көпшілікке алғашқы бірге орындаған әндерін ұсынды. "Бұл махаббат" деп аталатын әннің бейнебаянынан Ерке Есмаханның аяғы ауыр екенін көруге болады. "Сүйінші", - деп жазды Ерке Есмахан. Ал Youtube желісінде бейнебаянды көргендер бұл жаңалыққа қуанышты екендерін жеткізді. "Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт", "Керемет, сіздерді жақсы көремін", "Жарайсыздар", "Бөпеңізді аман-есен қолыңызға алыңыз", "Еркеге аяғы ауыр болған күшті жарасады, көзімнен жас шығып кетті", - деп жазуда желідегілер.
Әнші Ерке Есмахан күні кеше сүйінші сұрап, көпшілікке бейнебаяны арқылы аяғы ауыр екенін жеткізген болатын. Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында жұлдызды жұпқа тілегін білдірді, деп жазады . "Ерке, аман-есен аяқ-қолыңды бауырыңа ал. Өздеріңе шығармашылық табыс тілеймін", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. Айта кетейік, ерлі-зайыпты Раим мен Ерке Есмахан көпшілікке алғашқы бірге орындаған әндерін ұсынды. "Бұл махаббат" деп аталатын әннің бейнебаянынан Ерке Есмаханның аяғы ауыр екенін көруге болады. "Сүйінші", - деп жазды Ерке Есмахан. Ал Youtube желісінде бейнебаянды көргендер бұл жаңалыққа қуанышты екендерін жеткізді.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033921-aman-esen-bauyryna-al-laila-sultanqyzy-erke-esmaxan-men-raimdy-quttyqtady-foto/
25 тамыз 2023, 10:32
kk
"Үйіміз өртеніп жатыр деп ойладық": Алматылықтар түтін мен күйік иісіне шағымданды
Бүгін таңертең алматылықтар әлеуметтік желіде күйік пен түтіннің иісіне шағымданды. Тұрғындардың шағымына қатысты жауап берген Алматы қалалық ТЖД Жетісу ауданындағы қоймада ірі өрт болғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Байзақов пен Төле би көшелерінің маңында тұратын алматылық Владимир таңертең күйік иісін сезгенін айтады. "Күн ыстық болған соң үйдің терезелері ашық тұрған, иіс шыққанда үйіміз өртеніп жатыр деп ойладық. Сосын иіс сейілді", - дейді ол. Қалалық ТЖД мәліметінше, Жетісу ауданындағы қоймадан өрт шыққан. Оқыс оқиға түнгі уақытта сағат 01:36-да болған. Өрт 295 шаршы метр аумақты шарпыған. "Жоғары қызу әсерінен қойманың металл қаптамасы майысып, өрттің көрші қоймаларға таралу қаупі туындады. Оқиға болған жерде өртті сөндіру үшін екі учаске құрылды, көршілес қоймаларды салқындату және қорғау үшін, өртті сөндіру үшін қол және лафет оқпандар қолданылды. Қызып кеткен конструкцияларды кесу үшін бензорез пайдаланылды. Өртті сөндіруге ангарда жанып жатқан заттың (онда құрылыс материалдары – ламинат, т.б болған) көп болуы кедергі келтірді", - дейді ведомство өкілдері. Сондай-ақ ТЖД жоғары кернеулі электр сымдарының болуына байланысты өрт сөндірушілерге тоқ соғу қаупі төнгенін атап өтті. Алайда оқиға орнына жергілікті электр желісінен мамандар келіп, нысанды электр қуатынан ажыратқан. Нәтижесінде өрт сағат түнгі 02:21-де оқшауланып, сағат 04:40-та толықтай сөндірілген.
Бүгін таңертең алматылықтар әлеуметтік желіде күйік пен түтіннің иісіне шағымданды. Тұрғындардың шағымына қатысты жауап берген Алматы қалалық ТЖД Жетісу ауданындағы қоймада ірі өрт болғанын хабарлады, деп жазады . Байзақов пен Төле би көшелерінің маңында тұратын алматылық Владимир таңертең күйік иісін сезгенін айтады. "Күн ыстық болған соң үйдің терезелері ашық тұрған, иіс шыққанда үйіміз өртеніп жатыр деп ойладық. Сосын иіс сейілді", - дейді ол. Қалалық ТЖД мәліметінше, Жетісу ауданындағы қоймадан өрт шыққан. Оқыс оқиға түнгі уақытта сағат 01:36-да болған. Өрт 295 шаршы метр аумақты шарпыған. "Жоғары қызу әсерінен қойманың металл қаптамасы майысып, өрттің көрші қоймаларға таралу қаупі туындады. Оқиға болған жерде өртті сөндіру үшін екі учаске құрылды, көршілес қоймаларды салқындату және қорғау үшін, өртті сөндіру үшін қол және лафет оқпандар қолданылды. Қызып кеткен конструкцияларды кесу үшін бензорез пайдаланылды. Өртті сөндіруге ангарда жанып жатқан заттың (онда құрылыс материалдары – ламинат, т.б болған) көп болуы кедергі келтірді", - дейді ведомство өкілдері. Сондай-ақ ТЖД жоғары кернеулі электр сымдарының болуына байланысты өрт сөндірушілерге тоқ соғу қаупі төнгенін атап өтті. Алайда оқиға орнына жергілікті электр желісінен мамандар келіп, нысанды электр қуатынан ажыратқан.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033919-uiimiz-ortenip-zatyr-dep-oiladyq-almatylyqtar-tutin-men-kuiik-iisine-sagymdandy/
25 тамыз 2023, 10:23
kk
2023 жылғы 25 тамыз: Криптовалюталардың долларға шаққандағы бағамы
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 25 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $332.02-ға төмендеді. Бүгін актив $26,214.75998971* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00133-ға төмендеді. TRX бағамы 2023 жылғы 25 тамыз күні $0.07701836*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $20.03-ға төмендеді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,656.40266501*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.012-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.30607637* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде өзгеріссіз қалды. TUSD бағамы 2023 жылғы 25 тамыз күні $0.99963883*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $1.53-ға әлсіреді. Актив $64.84344545* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.23-ға төмендеді. Криптовалютаның өзекті құны – $15.98303052*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0114-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.52066981*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00144-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.06296841* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. Бағамдарға қатысты ақпарат мақала жарияланған сәтте өзекті.
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 25 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $332.02-ға төмендеді. Бүгін актив $26,214.75998971* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00133-ға төмендеді. TRX бағамы 2023 жылғы 25 тамыз күні $0.07701836*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $20.03-ға төмендеді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,656.40266501*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.012-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.30607637* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде өзгеріссіз қалды. TUSD бағамы 2023 жылғы 25 тамыз күні $0.99963883*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $1.53-ға әлсіреді. Актив $64.84344545* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.23-ға төмендеді. Криптовалютаның өзекті құны – $15.98303052*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0114-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.52066981*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00144-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.06296841* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2033925-2023-zylgy-25-tamyz-kriptovalyutalardyn-dollarga-saqqandagy-bagamy/
25 тамыз 2023, 10:12
kk
Хиджабын шешуден бас тартқан ирандық дзюдошы қыз жарыстан шеттетілді
Ресейідң Екатеринбург қаласында өтіп жатқан халықаралық жарыстан ирандық спортшы қыз шеттетілді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Ирандық дзюдошы қыз Сабзкар Марзие 78 келіден жоғары салмақта сынға түсуі тиіс еді. Алайда ол татамиге шығарда хиджабын шешуден бас тартқан. "Ирандық спортшы хиджабын шешуден бас тартқаны үшін жарыстан аластатылды. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесі бойынша, хиджабпен татамиге шығуға тыйым салынады. Хиджабпен күрескенде жарақат алу қаупі жоғары", - деп хабарлады турнирді ұйымдастырушылар. Бір қызығы, Марзие аталған турнирде мүлде күреспесе де, қола жүлдегер атанды. Себебі аталған салмақта небары төрт спортшы бақ сынаған. Дзюдо ережесі бойынша, қола жүлде екі споршыға беріледі.
Ресейідң Екатеринбург қаласында өтіп жатқан халықаралық жарыстан ирандық спортшы қыз шеттетілді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған хабарлайды. Ирандық дзюдошы қыз Сабзкар Марзие 78 келіден жоғары салмақта сынға түсуі тиіс еді. Алайда ол татамиге шығарда хиджабын шешуден бас тартқан. "Ирандық спортшы хиджабын шешуден бас тартқаны үшін жарыстан аластатылды. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесі бойынша, хиджабпен татамиге шығуға тыйым салынады. Хиджабпен күрескенде жарақат алу қаупі жоғары", - деп хабарлады турнирді ұйымдастырушылар. Бір қызығы, Марзие аталған турнирде мүлде күреспесе де, қола жүлдегер атанды. Себебі аталған салмақта небары төрт спортшы бақ сынаған.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033890-xidzabyn-sesuden-bas-tartqan-irandyq-dzyudosy-qyz-zarystan-settetildi/
25 тамыз 2023, 10:06
kk
Полиция қызметкеріне қарсы күш қолданғаны үшін қандай жаза қарастырылған
ІІМ полицейлерге тіл тигізіп, олардың заңды әрекеттеріне кедергі келтіретін қазақстандықтарды қандай жаза күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы. Медиа-порталды мәліметінше, жыл басынан бері билік өкіліне қарсы күш қолданудың 146 фактісі тіркеліп, 109 адам түрлі жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 19-ы бас бостандығынан айырылған. Сот шешімімен құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 1699 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 792 құқық бұзушы қамауға алынған. "Ішкі істер органдары қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, яғни сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін өз өмірлерін қауіпке тігіп, аянбай қызмет етеді. Осыған байланысты полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, оларға жұмыс барысында кедергі келтірмеуді сұраймыз. Бұндай әрекеттерге жол берген жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Жаза ірі айыппұлдан 7 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің іс әрекетінде заң бұзушылық орын алған болса, азаматтар шағымдануға құқылы", - дейді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев. Басылым жазуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу мақсатында мемлекет басшысы жазаны қатаңдатуды тапсырған. "Қазір мұндай құқық бұзушылықтар жәбірленушінің арыз-шағымынсыз тіркеледі. Енді агрессор арыз түссе де, түспесе де, жауапқа тартылады. Кейде жәбірленушіні “үй агрессорынан” құтқарамын деп, қызметкерлер өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді", - дейді Азамат Құрымбаев.
ІІМ полицейлерге тіл тигізіп, олардың заңды әрекеттеріне кедергі келтіретін қазақстандықтарды қандай жаза күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды ақпараттық медиа-порталы. Медиа-порталды мәліметінше, жыл басынан бері билік өкіліне қарсы күш қолданудың 146 фактісі тіркеліп, 109 адам түрлі жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 19-ы бас бостандығынан айырылған. Сот шешімімен құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 1699 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 792 құқық бұзушы қамауға алынған. "Ішкі істер органдары қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, яғни сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін өз өмірлерін қауіпке тігіп, аянбай қызмет етеді. Осыған байланысты полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, оларға жұмыс барысында кедергі келтірмеуді сұраймыз. Бұндай әрекеттерге жол берген жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Жаза ірі айыппұлдан 7 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің іс әрекетінде заң бұзушылық орын алған болса, азаматтар шағымдануға құқылы", - дейді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев. Басылым жазуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу мақсатында мемлекет басшысы жазаны қатаңдатуды тапсырған. "Қазір мұндай құқық бұзушылықтар жәбірленушінің арыз-шағымынсыз тіркеледі. Енді агрессор арыз түссе де, түспесе де, жауапқа тартылады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033913-policiya-qyzmetkerine-qarsy-kus-qoldangany-usin-qandai-zaza-qarastyrylgan/
25 тамыз 2023, 10:06
kk
"Тарихи сәт": Бактиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапындағы алғашқы ойынын өткізіп, жеңіс голын соқты (видео)
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов Түркияның "Бешикташ" командасы сапындағы алғашқы ойынын өткізіп, бірінші голын соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттік жазуынша, бұл тарихи сәт түркиялық клубтың Конференция лигасы плей-офф сатысында Украинаның "Динамо Киев" клубына қарсы кездесуде тіркелген. Қазақстандық футболшы екінші кезеңнің 46-минутында командаласы Артур Масуакуды алмастырған. Конго Демократиялық Республикасының футболшысы бірінші кезеңде алған жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмаған. Кездесудің 95-минутында Бактиер Зайнутдинов қарсылас команда қақпасын дәл көздеп, жеңіс голын соққан. Осылайша, кездесу 3:2 есебімен "Бешикташтың" жеңісімен аяқталған. Қарымта кездесу 31 тамызда болады. Айта кетсек, Бактиер Зайнутдинов стамбұлдық клубпен осы жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойды. Ол 2027 жылдың 30 маусымына дейін жаңа команданың құрамында өнер көрсетеді.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов Түркияның "Бешикташ" командасы сапындағы алғашқы ойынын өткізіп, бірінші голын соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттік жазуынша, бұл тарихи сәт түркиялық клубтың Конференция лигасы плей-офф сатысында Украинаның "Динамо Киев" клубына қарсы кездесуде тіркелген. Қазақстандық футболшы екінші кезеңнің 46-минутында командаласы Артур Масуакуды алмастырған. Конго Демократиялық Республикасының футболшысы бірінші кезеңде алған жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмаған. Кездесудің 95-минутында Бактиер Зайнутдинов қарсылас команда қақпасын дәл көздеп, жеңіс голын соққан. Осылайша, кездесу 3:2 есебімен "Бешикташтың" жеңісімен аяқталған. Қарымта кездесу 31 тамызда болады. Айта кетсек, Бактиер Зайнутдинов стамбұлдық клубпен осы жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойды.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033920-tarixi-sat-baktier-zainutdinov-besiktas-sapyndagy-algasqy-oiynyn-otkizip-zenis-golyn-soqty/
25 тамыз 2023, 09:49
kk
Абылай ханның ең маңызды ерліктері: көпке белгісіз деректер
Абылай хан қазақ тарихында дипломат атанған әрі үш жүздің басын біріктірген әйгілі хан ретінде қалды. Тарихшылар Абылайдың ел басына күн туған сәтте өшпес ерлік көрсетіп, қазақ халқын жоңғар басқыншылығынан талай мәрте аман алып қалғанын айтады. Осы орайда Абылай ханның ерліктері жайлы мақаланы назарға ұсынамыз. Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ресми сайтында, тарих ғылымдарының докторы З. Е. Кабульдиновтың "Абылай хан" атты мақаласында Абылай хан Қазақ хандығының қалыптасуына ерекше ықпалы тиген, дара хандардың бірі болғаны жазылады. Оның азан шақырып қойылған есімі – Әбілмансұр, 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Өзімен аттас атасы - Ташкент, Түркістан қалаларын басқарып, ел арасында "қанішер Абылай" деп танылып кеткен. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ұсынған деректерге сәйкес, Әбілмансұр "Ақтабан шұбырынды" заманында ерте жетім қалып, Төле бидің қолына жіберіледі. Оның азып-арып, күтілмегендігін көріп, Төле би оған Сабалақ деген есім береді. Осылайша ол бидің малын бағып, күнін көреді. Ш.Уәлихановтың жазбаларында: "Сол жылдары Сабалақтың жасы небәрі 13-те еді, бірақ Төле би өз тәрбиесін беріп үлгерген. Төле бидің тәрбиесі мен берген кеңестерінің арқасында Абылай мықты қолбасшы бола білді", - делінген. Сонымен қатар, Төле би: "Кез келген жауды жеңуге болады, тек ел ішінде бірлік керек", - деп үйреткен екен. Хан Абылай мұсылмандық білім алып, шығыстың бірнеше тілін жетік меңгерген, домбыраның құлағында ойнап, бірнеше күйлердің авторы болып танылған. Шамамен 15 жастан бастап жоңғарларға қарсы күресте ат салысып, өзінің жауынгерлік жағын шыңдай бастайды. Дене бітімі ірі, орташа бойлы Абылай өзінің мықтылығымен, батырлығымен, шымырлығымен көзге түсіп, елінің танымал батырына айналады. Өмірінің соңына дейін, ол жауынгерлерінің жанында болып, елі үшін күресті. Тарихшы осы мақаласында Абылайдың тапқырлығы, ақылы мен әділдігі, шынайлығы үшін халық арасында ерекше беделге ие болған да жазған. Сонымен бірге, аталған зерттеу жұмысында оның керемет оратор, шежіреші, өз маңайына адал, еліне жаны ашитын адамдардың басын біріктіріп, адал қолбасшы бола білгені айтылады. Абылай 20 жасқа келгенде, Әбілмәмбеттің бастауымен өткен шайқаста ерекше көзге түсіп, таныла бастайды. 1733 жылы өткен жекпе-жекте бала Абылай жоңғардың танымал қолбасшысы Шарышты жеңіп, ел алдындағы беделін көтереді. Бұл жеңістен соң оған Арғынның ішіндегі атығай руын басқару сеніп тапсырылды. Уақыт өте келе, 1749 жылы Абылайға бүкіл Арғын руларын, сонымен бірге Керей, Уақ , Қыпшақтардың бір бөлігін басқару сеніп тапсырылған. Өз билігін күшейту, жерін үлкейту, дипломатиялық ара-қатынасты сақтау мақсатында Абылай көрші елдің қыздарын өзіне әйел етіп алып отырған. Тарихшы жоғарыдағы мақалада танымал қазақтың ағартушысы Шоқан Уәлихановтың айтуынша, Абылайда: 12 әйел, және олардан 40 қыз бен 30 ұл тарағанын айтқан. Абылай билік құрған жылдар - ішкі саяси жағдайды реттеп, тәуелсіздікке қол жеткізуге жасалған қадамдармен дараланады. Ол ел алдында сыйлы, сөзінде тұратын хандардың қатарынан болған. Тарихшы Ирина Ерофееваның "Казахтанская правда" газетінде жарыққа шыққан "Абылай хан" атты мақаласында Абылай ханның 1743 жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болғаны жазылады. Зерттеушінің айтуынша, дәл сол жылы ол үш жүздің басы қосылып, Қазақ Хандығының бас қолбасшысы болып сайланады. Қолбасшы ретіндегі оның негізгі стратегиялық мақсаты Қазақ хандығын дамытып, оның тәуелсіздігін одан әрі нығайту болып табылды. "Барлық қиыншылықтарға қарамастан, бұл міндеттен ешқашан бас тартқан емес. Халық басын қосқаннан кейінгі, оның келесі мақсаты көрші елдермен екі жаққа да тиімді байланыс орнату, қауіпсіздікті нығайту болып табылды. Бұл мақсатты орындау жолында, хан тіпті қалмақтарда тұтқында бола тұра, қазақ пен қалмақ арасында, көптен күткен бейбітшілік орнатуға қол жеткізеді", - дейді автор өз мақаласында. Сонымен бірге Абылай хан Ресей және Қытай елдерімен ұзақ экономикалық байланыс туралы келісімшартқа отырады. Жоңғарлармен соғыста қазақтардың ойсырай ұтылуын күткен бұл мемлекеттермен жасалған келісімшарт, қазақ елі үшін өте тиімді болып саналды. 1755 жылы, екі жүз жылдық тарихы бар қазақтар мен ойраттар арасындағы соғыс, дәл осы Абылай ханның тұсында жеңіске жетіп, тоқтатылады. Бұл жеңіс Қытай мен Ресей елдерінде алаңдаушылық туғызып, 1756 жылы Қытай елі Қазақ хандығына шабуыл жасайды. Бірақ Абылайдың дипломатиялық тәжірибесінің арқасында, соғыс 1757 жылы тоқтатылды. Автор жоғарыдағы мақаласында 1765, 1770 жылдары Абылайдың бастауымен Қырғыз ұлысына шабуылдар жасалып, нәтижесінде Қазақ елінің шекарасы ұлғайтылғанын айтады. 1771 жылы ол, Еділ қалмақтарын ойрандай жеңеді. Абылайдың ел шекарасын ұлғайтуда, қосқан үлесі зор. Сонымен бірге, дәл сол тұста қазақ халқының психологиялық, патриоттық жағдайы да әлдеқайда мықты еді. Абылай билікке келген жылдары, ел территориясының басым бөлігі жоңғарлармен басып алынған еді. Ханның салиқалы саясатының арқасында, көп жерлер елге қайтарылды. Жоңғарларға қарсы бірге шыққан, Қанжығалы Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары батырлардың көптеген жазбаларында Абылайдың алатын орны ерекше. Тарих жазбаларында Абылай жоңғарларда тұтқында бола тұра, өзінің ақылымен, дипломатиялық ара-қатынасымен ұнағандығы соншалық, жоңғарлар оған өз қыздарын тұрмысқа берген екен, деген жазбалар бар. E-history.kz сайты ұсынған мәліметтерге сәйкес, 1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болған. Орнатылған ереже бойынша оның орнына хан ретінде бауырлары немесе үлкен ұлы Әбілпайыз тағайындалуы керек еді. Бірақ жергілікті сұлтандардың, сонымен бірге Әбілпайыздың рұқсатымен хан болып Абылай сайланады. Бүкіл Қазақ хандығының ханы деп жарияланса да, Қытай императоры, Жоңғар қоңтайшысы, Орта Азия елдерінің басшылары, орыс императрицасы Екатерина II, Абылайдың тәжірибесінен қорыққаннан, оны мойындамай, тек Орта жүздің ханы деп қабылдаған екен. Қазақ елінің территориясы геосаяси қауіпті аймақта болса да, Абылай Қытай, Ресей еліменде тығыз байланыс орнатып, ел шекарасын қалыптастыра білді. Абылайдың дипломатиялық, қолбасшылық, ел билеу сияқты қасиеттерінен бөлек, ол мықты күйші ретінде де танымал. Оның: "Ақ толқын", "Бұлан жігіт", "Дүние қалды", "Жетім торы", "Қайран елім", "Қара жорға" т.б сияқты күйлері бар. Бүкіл өмірін жорықта, ел үшін күресте өткізген Абылай 1781 жылы Арыс өзенінің бойында көз жұмады. Оның денесі Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.
Абылай хан қазақ тарихында дипломат атанған әрі үш жүздің басын біріктірген әйгілі хан ретінде қалды. Тарихшылар Абылайдың ел басына күн туған сәтте өшпес ерлік көрсетіп, қазақ халқын жоңғар басқыншылығынан талай мәрте аман алып қалғанын айтады. Осы орайда Абылай ханның ерліктері жайлы мақаланы назарға ұсынамыз. Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ресми сайтында, тарих ғылымдарының докторы З. Е. Кабульдиновтың "Абылай хан" атты мақаласында Абылай хан Қазақ хандығының қалыптасуына ерекше ықпалы тиген, дара хандардың бірі болғаны жазылады. Оның азан шақырып қойылған есімі – Әбілмансұр, 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Өзімен аттас атасы - Ташкент, Түркістан қалаларын басқарып, ел арасында "қанішер Абылай" деп танылып кеткен. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ұсынған деректерге сәйкес, Әбілмансұр "Ақтабан шұбырынды" заманында ерте жетім қалып, Төле бидің қолына жіберіледі. Оның азып-арып, күтілмегендігін көріп, Төле би оған Сабалақ деген есім береді. Осылайша ол бидің малын бағып, күнін көреді. Ш.Уәлихановтың жазбаларында: "Сол жылдары Сабалақтың жасы небәрі 13-те еді, бірақ Төле би өз тәрбиесін беріп үлгерген. Төле бидің тәрбиесі мен берген кеңестерінің арқасында Абылай мықты қолбасшы бола білді", - делінген. Сонымен қатар, Төле би: "Кез келген жауды жеңуге болады, тек ел ішінде бірлік керек", - деп үйреткен екен. Хан Абылай мұсылмандық білім алып, шығыстың бірнеше тілін жетік меңгерген, домбыраның құлағында ойнап, бірнеше күйлердің авторы болып танылған. Шамамен 15 жастан бастап жоңғарларға қарсы күресте ат салысып, өзінің жауынгерлік жағын шыңдай бастайды. Дене бітімі ірі, орташа бойлы Абылай өзінің мықтылығымен, батырлығымен, шымырлығымен көзге түсіп, елінің танымал батырына айналады. Өмірінің соңына дейін, ол жауынгерлерінің жанында болып, елі үшін күресті. Тарихшы осы мақаласында Абылайдың тапқырлығы, ақылы мен әділдігі, шынайлығы үшін халық арасында ерекше беделге ие болған да жазған. Сонымен бірге, аталған зерттеу жұмысында оның керемет оратор, шежіреші, өз маңайына адал, еліне жаны ашитын адамдардың басын біріктіріп, адал қолбасшы бола білгені айтылады. Абылай 20 жасқа келгенде, Әбілмәмбеттің бастауымен өткен шайқаста ерекше көзге түсіп, таныла бастайды. 1733 жылы өткен жекпе-жекте бала Абылай жоңғардың танымал қолбасшысы Шарышты жеңіп, ел алдындағы беделін көтереді. Бұл жеңістен соң оған Арғынның ішіндегі атығай руын басқару сеніп тапсырылды. Уақыт өте келе, 1749 жылы Абылайға бүкіл Арғын руларын, сонымен бірге Керей, Уақ , Қыпшақтардың бір бөлігін басқару сеніп тапсырылған. Өз билігін күшейту, жерін үлкейту, дипломатиялық ара-қатынасты сақтау мақсатында Абылай көрші елдің қыздарын өзіне әйел етіп алып отырған. Тарихшы жоғарыдағы мақалада танымал қазақтың ағартушысы Шоқан Уәлихановтың айтуынша, Абылайда: 12 әйел, және олардан 40 қыз бен 30 ұл тарағанын айтқан. Абылай билік құрған жылдар - ішкі саяси жағдайды реттеп, тәуелсіздікке қол жеткізуге жасалған қадамдармен дараланады. Ол ел алдында сыйлы, сөзінде тұратын хандардың қатарынан болған. Тарихшы Ирина Ерофееваның "Казахтанская правда" газетінде жарыққа шыққан "Абылай хан" атты мақаласында Абылай ханның 1743 жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болғаны жазылады. Зерттеушінің айтуынша, дәл сол жылы ол үш жүздің басы қосылып, Қазақ Хандығының бас қолбасшысы болып сайланады. Қолбасшы ретіндегі оның негізгі стратегиялық мақсаты Қазақ хандығын дамытып, оның тәуелсіздігін одан әрі нығайту болып табылды. "Барлық қиыншылықтарға қарамастан, бұл міндеттен ешқашан бас тартқан емес. Халық басын қосқаннан кейінгі, оның келесі мақсаты көрші елдермен екі жаққа да тиімді байланыс орнату, қауіпсіздікті нығайту болып табылды. Бұл мақсатты орындау жолында, хан тіпті қалмақтарда тұтқында бола тұра, қазақ пен қалмақ арасында, көптен күткен бейбітшілік орнатуға қол жеткізеді", - дейді автор өз мақаласында. Сонымен бірге Абылай хан Ресей және Қытай елдерімен ұзақ экономикалық байланыс туралы келісімшартқа отырады. Жоңғарлармен соғыста қазақтардың ойсырай ұтылуын күткен бұл мемлекеттермен жасалған келісімшарт, қазақ елі үшін өте тиімді болып саналды. 1755 жылы, екі жүз жылдық тарихы бар қазақтар мен ойраттар арасындағы соғыс, дәл осы Абылай ханның тұсында жеңіске жетіп, тоқтатылады. Бұл жеңіс Қытай мен Ресей елдерінде алаңдаушылық туғызып, 1756 жылы Қытай елі Қазақ хандығына шабуыл жасайды. Бірақ Абылайдың дипломатиялық тәжірибесінің арқасында, соғыс 1757 жылы тоқтатылды. Автор жоғарыдағы мақаласында 1765, 1770 жылдары Абылайдың бастауымен Қырғыз ұлысына шабуылдар жасалып, нәтижесінде Қазақ елінің шекарасы ұлғайтылғанын айтады. 1771 жылы ол, Еділ қалмақтарын ойрандай жеңеді. Абылайдың ел шекарасын ұлғайтуда, қосқан үлесі зор. Сонымен бірге, дәл сол тұста қазақ халқының психологиялық, патриоттық жағдайы да әлдеқайда мықты еді. Абылай билікке келген жылдары, ел территориясының басым бөлігі жоңғарлармен басып алынған еді. Ханның салиқалы саясатының арқасында, көп жерлер елге қайтарылды. Жоңғарларға қарсы бірге шыққан, Қанжығалы Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары батырлардың көптеген жазбаларында Абылайдың алатын орны ерекше. Тарих жазбаларында Абылай жоңғарларда тұтқында бола тұра, өзінің ақылымен, дипломатиялық ара-қатынасымен ұнағандығы соншалық, жоңғарлар оған өз қыздарын тұрмысқа берген екен, деген жазбалар бар. сайты ұсынған мәліметтерге сәйкес, 1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болған. Орнатылған ереже бойынша оның орнына хан ретінде бауырлары немесе үлкен ұлы Әбілпайыз тағайындалуы керек еді. Бірақ жергілікті сұлтандардың, сонымен бірге Әбілпайыздың рұқсатымен хан болып Абылай сайланады. Бүкіл Қазақ хандығының ханы деп жарияланса да, Қытай императоры, Жоңғар қоңтайшысы, Орта Азия елдерінің басшылары, орыс императрицасы Екатерина II, Абылайдың тәжірибесінен қорыққаннан, оны мойындамай, тек Орта жүздің ханы деп қабылдаған екен. Қазақ елінің территориясы геосаяси қауіпті аймақта болса да, Абылай Қытай, Ресей еліменде тығыз байланыс орнатып, ел шекарасын қалыптастыра білді. Абылайдың дипломатиялық, қолбасшылық, ел билеу сияқты қасиеттерінен бөлек, ол мықты күйші ретінде де танымал. Оның: "Ақ толқын", "Бұлан жігіт", "Дүние қалды", "Жетім торы", "Қайран елім", "Қара жорға" т.б сияқты күйлері бар. Бүкіл өмірін жорықта, ел үшін күресте өткізген Абылай 1781 жылы Арыс өзенінің бойында көз жұмады.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2032956-abylai-xannyn-en-manyzdy-erlikteri-kopke-belgisiz-derekter/
25 тамыз 2023, 09:19
kk
"Балалық шаққа саяхат": Бербідек Соқпақбаев әйгілі шығармаларын қалай жазды
Бердібек Соқпақбаев – қазақ прозасына ерекше леп әкелген қаламгер. Жазушы қаламынан шыққан кез келген туынды оқырманды баурап алады. Бұл жазбамызда қазақ балалар әдебиетінің классигі атанған жазушы Бердібек Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат", "Менің атым– Қожа" шығармалары туралы айтамыз. Бердібек Соқпақбаев – өзі өмір сүрген кезеңнің келбетін боямасыз суреттеген қаламгер. Ашаршылық пен жетімдіктің зардабын тартқан жазушы "Балалық шаққа саяхат" повесінде балғын балалығының қиындыққа толы болғанын жеткізген. Анасы ұзақ уақыт науқастанып, көз алдында өмірден өтеді. Бұл шығармада сегіз жастағы бұғанасы қатпаған бала Бердібектің бір үзім нан үшін ауыр жұмысқа жегілгені, емшектегі інісі Тұрдыбектің тоқтаусыз жылағаны, жетімдіктің зардабын шеккен қиын күндері бейнеленген. "Дүниеде мен үшін одан асқан жексұрын сөз жоқ. Тақиясын қорыған тазшадай осы сөз қай жағымнан сарп ете қалады деп зәрем ұшып, үрейленіп тұрамын. Балалар, менің қымбатты жан достарым! "Жетім" деген тажалдай суық сөзді айтпаңдар, айналайындар! Ұр, соқ, төбелес! Тіпті етінен ет кесіп ал, бірақ әлгідей деп тілдеме. Аяңдар!" Жазушы өз естелігінде балалық шағының ауыр күндерін былай жеткізген еді: "Сегіз жасымда шешем өліп, жетім қалдым. Колхоздастырудың алғашқы жылдары, ең бір қиын кез. Осы күннің өзінде жүрегім қарс айырыла жаздайды. Япыр-ау, қалай тірі қалдым? Осы күнге қалай жеттім? Нағыз итжандының өзі екенмін-ау деп таңданамын". "Балалық шаққа саяхат" повесіндегі кейіпкерлердің есімдері өзгертілмеген. Жүсіпбек Қорғасбектің "Өзгеше ойлы қаламгер" мақаласында көркем шығармада өзінің, аға-інілерінің, әке-шешесінің атын өзгертпей берген басқа ешкім жоқ екені жазылған. 1960 жылы кітап болып басылып шыққан "Балалық шаққа саяхат" туындысы бойынша 1965 жылы фильм түсірілді. Режиссері қазақ кино өнерінің классигі – Абдолла Қарсақбаев. Бердібек Соқпақбаевтың әрбір шығармасы боямасыз, шынайы суреттелген. Жазушының кейіпкерлерін ешқашан көтермелеп, әсірелеп жазбағанын Жүсіпбек Қорғасбек "Өзгеше ойлы қаламгер" жазбасында былай баяндайды: "Жазушы жанына ең жақын адамның бейнесін: "Әкем Ыдырыс кең өңеш, қомағай адам. Қасық оның қолына тиген кезде тостағандағы талқанның бір жамбасы үңірейіп қалады" деп келтіреді. Оның алды-артындағылар "әкем менің" деп жазғанда үстіне бір түйір тозаң қон­дырмайтын. Әдеби кейіпкер болған соң әжуалап жазғаны ма дейін десең, өмірбаянында да әкесінің есімі Ыдырыс екені тайға таңба басқандай көрсетіліп тұр. Ол аздай келесі бір бетінде: "Әкемнің бойы ортадан төмен, иықты. Өзі құсап селбіретіп қияқ мұрт қояды. Уайымсыз адам, күйіп-піскенді білмейді, жайбарақат. Мезгілсіз тозып, шаршамайды. Аш болса да, тоқ болса да екі беті қып-қызыл. Тамақ таңдамайды, өңешінен өткеннің бәрін ішіп-жейді. Ауырмайды" - дейді. "Осы кісі өз әкесін жазып отыр ма?" деп, өмірбаянына ұрланып тағы қарайсың. Осыдан соң жаңа бір әзірде атүсті сыдыртып шыққан бір-екі эпизодты тауып алып, қайта шұқшиясың. Жазушы: "Шешем Әсбет – тілді де отты адам еді. Тек ауру иектеп алған да қор қылған. Әкемнің ынжықтығын бетіне басып, қай­рап айтып отыратын. Бірақ әкем ағаш пышақ тәрізді, қанша қайраса да өтпейді", - деп тағы бір түйіп қояды". Оқытушы Ермек Адаеваның "Бердібек Соқпақбаев шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктері" атты мақаласында жазушының әдебиетке әуел баста ақын ретінде келгені айтылады. Бердібек Соқпақбаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы 1950 жылы “Бұлақ” деген атпен жарық көрген. "Жинақтағы тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін өлең-тақпақтарда орнымен ойнақы қозғалған тақырып, ой, өнегелік сөз бала ұғымына қона кетеді. Тілінің жеңілдігі мен әуенділігі, оқиғаларының өмірден алынып, аса ықшам болып келуі балаларды қызықтырады", - дейді мақала авторы. Жазушының суреткерлік қарымы проза әлемінде танымал болды. Бердібек Соқпақбаевтың қаламынан қандай туындылар шыққан? Жазушының мына шығармалары жас пен қарияның сүйіп оқитын туындыларына айналды. Бердібек Соқпақбаев қазақ әдебиетіне екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары қосылды. Жазушы шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалардың өмірі, тылдағы еңбек жағдайы әсерлі етіп суреттелген. Сонымен қатар достық, махаббат және спорт тақырыптарын ерекше жеткізе білген. Жазушының “Он алты жасар чемпион” повесі 1951 жылы жарық көрді. Автор еңбек еткен адамның қай кезде де арман-мақсатына жететінін, қиындыққа мойымау керегін шығарма кейіпкері Мұрат бейнесі арқылы көрсетеді. Бұл повесть 1957 жылы "Чемпион" деген атпен шығады. Ал 1962 жылы "Жекпе-жек" деген атаумен тағы да өңделіп шығарылған еді. 1957 жылы жазушының "Өзім туралы повесть" деп аталатын шығармасы жарыққа шықты. Осы тұста әдебиетшілер арасында талас туған деседі. "Менің атым – Қожа" повесі неліктен бірінші қазақ тілінде шықпады? Ол кезде әдебиет тәрбие құралы болған. Ал жазушылар бұл туындыдағы бас кейіпкердің қыңыр, шәлкес мінез-құлқы балалардың ой-санасына әсер етеді деп қорыққан. Дегенмен повесть орыс тіліне аударылғаннан кейін өзбек, молдаван, украин, латыш, француз, литван тілдерінде басылып шықты. Повесть желісі бойынша режиссер Абдолла Қарсақбаевтың "Менің атым – Қожа" кинотуындысы 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткен балалар мен жасөспірімдер көркем фильмдерінің дүниежүзілік фестивалінде жүлделі орынға лайық деп танылды. Оқытушы Ермек Сабырбайқызы "Бердібек Соқпақбаев шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктері" мақаласында Бердібек Соқпақбаев туындыдағы көркем бейненің кілең ұнамды сипаттардан тұрмайтынын, өмірдің өзі сияқты оның да табиғаты күрделі екенін көрсететін, әрқилы сәттерде сынап-талдап, оның да өзіндік бітім-болмысы бар “адам-азамат” екенін кестелегенін жазған. "Қожа өмірден үйренеді, қате басады, сабақ алады. Образ диалектикасы дегеніміз – осы", - дейді автор. Қожа мінезінің даралануына септігін тигізген жазушының түрлі ұтымды, психологиялық ситуацияларды молынан пайдалануы болса керек. Балалар мен жасөспірімдерге арнап жиырмадан аса туынды жазған Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым – Қожа повесі бастапқыда протестік шығарма деп танылған. Сондықтан бұл туынды ұзақ уақыт қолжазба күйінде жатты. Повесть ең алдымен орыс тіліне аударылып, Мәскеудегі "Детская литература" баспасынан жарық көрді. Содан кейін француз тіліне аударылды. Көптің көңілінен шыққан туынды артынша әлемнің 30 тіліне аударылып шықты. Бердібек Соқпақбаевтың кез келген шығармасын оқи отырып, бүкпесіз суреттелген қоғам шындығын көруге болады. Жазушының әдебиетке деген шынайылығының көрінісі де осы болса керек.
Бердібек Соқпақбаев – қазақ прозасына ерекше леп әкелген қаламгер. Жазушы қаламынан шыққан кез келген туынды оқырманды баурап алады. Бұл жазбамызда қазақ балалар әдебиетінің классигі атанған жазушы Бердібек Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат", "Менің атым– Қожа" шығармалары туралы айтамыз. Бердібек Соқпақбаев – өзі өмір сүрген кезеңнің келбетін боямасыз суреттеген қаламгер. Ашаршылық пен жетімдіктің зардабын тартқан жазушы "Балалық шаққа саяхат" повесінде балғын балалығының қиындыққа толы болғанын жеткізген. Анасы ұзақ уақыт науқастанып, көз алдында өмірден өтеді. Бұл шығармада сегіз жастағы бұғанасы қатпаған бала Бердібектің бір үзім нан үшін ауыр жұмысқа жегілгені, емшектегі інісі Тұрдыбектің тоқтаусыз жылағаны, жетімдіктің зардабын шеккен қиын күндері бейнеленген. "Дүниеде мен үшін одан асқан жексұрын сөз жоқ. Тақиясын қорыған тазшадай осы сөз қай жағымнан сарп ете қалады деп зәрем ұшып, үрейленіп тұрамын. Балалар, менің қымбатты жан достарым! "Жетім" деген тажалдай суық сөзді айтпаңдар, айналайындар! Ұр, соқ, төбелес! Тіпті етінен ет кесіп ал, бірақ әлгідей деп тілдеме. Аяңдар!" Жазушы өз естелігінде балалық шағының ауыр күндерін былай жеткізген еді: "Сегіз жасымда шешем өліп, жетім қалдым. Колхоздастырудың алғашқы жылдары, ең бір қиын кез. Осы күннің өзінде жүрегім қарс айырыла жаздайды. Япыр-ау, қалай тірі қалдым? Осы күнге қалай жеттім? Нағыз итжандының өзі екенмін-ау деп таңданамын". "Балалық шаққа саяхат" повесіндегі кейіпкерлердің есімдері өзгертілмеген. Жүсіпбек Қорғасбектің "Өзгеше ойлы қаламгер" мақаласында көркем шығармада өзінің, аға-інілерінің, әке-шешесінің атын өзгертпей берген басқа ешкім жоқ екені жазылған. 1960 жылы кітап болып басылып шыққан "Балалық шаққа саяхат" туындысы бойынша 1965 жылы фильм түсірілді. Режиссері қазақ кино өнерінің классигі – Абдолла Қарсақбаев. Бердібек Соқпақбаевтың әрбір шығармасы боямасыз, шынайы суреттелген. Жазушының кейіпкерлерін ешқашан көтермелеп, әсірелеп жазбағанын Жүсіпбек Қорғасбек "Өзгеше ойлы қаламгер" жазбасында былай баяндайды: "Жазушы жанына ең жақын адамның бейнесін: "Әкем Ыдырыс кең өңеш, қомағай адам. Қасық оның қолына тиген кезде тостағандағы талқанның бір жамбасы үңірейіп қалады" деп келтіреді. Оның алды-артындағылар "әкем менің" деп жазғанда үстіне бір түйір тозаң қондырмайтын. Әдеби кейіпкер болған соң әжуалап жазғаны ма дейін десең, өмірбаянында да әкесінің есімі Ыдырыс екені тайға таңба басқандай көрсетіліп тұр. Ол аздай келесі бір бетінде: "Әкемнің бойы ортадан төмен, иықты. Өзі құсап селбіретіп қияқ мұрт қояды. Уайымсыз адам, күйіп-піскенді білмейді, жайбарақат. Мезгілсіз тозып, шаршамайды. Аш болса да, тоқ болса да екі беті қып-қызыл. Тамақ таңдамайды, өңешінен өткеннің бәрін ішіп-жейді. Ауырмайды" - дейді. "Осы кісі өз әкесін жазып отыр ма?" деп, өмірбаянына ұрланып тағы қарайсың. Осыдан соң жаңа бір әзірде атүсті сыдыртып шыққан бір-екі эпизодты тауып алып, қайта шұқшиясың. Жазушы: "Шешем Әсбет – тілді де отты адам еді. Тек ауру иектеп алған да қор қылған. Әкемнің ынжықтығын бетіне басып, қайрап айтып отыратын. Бірақ әкем ағаш пышақ тәрізді, қанша қайраса да өтпейді", - деп тағы бір түйіп қояды". Оқытушы Ермек Адаеваның "Бердібек Соқпақбаев шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктері" атты мақаласында жазушының әдебиетке әуел баста ақын ретінде келгені айтылады. Бердібек Соқпақбаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы 1950 жылы “Бұлақ” деген атпен жарық көрген. "Жинақтағы тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін өлең-тақпақтарда орнымен ойнақы қозғалған тақырып, ой, өнегелік сөз бала ұғымына қона кетеді. Тілінің жеңілдігі мен әуенділігі, оқиғаларының өмірден алынып, аса ықшам болып келуі балаларды қызықтырады", - дейді мақала авторы. Жазушының суреткерлік қарымы проза әлемінде танымал болды. Бердібек Соқпақбаевтың қаламынан қандай туындылар шыққан? Жазушының мына шығармалары жас пен қарияның сүйіп оқитын туындыларына айналды. Бердібек Соқпақбаев қазақ әдебиетіне екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары қосылды. Жазушы шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалардың өмірі, тылдағы еңбек жағдайы әсерлі етіп суреттелген. Сонымен қатар достық, махаббат және спорт тақырыптарын ерекше жеткізе білген. Жазушының “Он алты жасар чемпион” повесі 1951 жылы жарық көрді. Автор еңбек еткен адамның қай кезде де арман-мақсатына жететінін, қиындыққа мойымау керегін шығарма кейіпкері Мұрат бейнесі арқылы көрсетеді. Бұл повесть 1957 жылы "Чемпион" деген атпен шығады. Ал 1962 жылы "Жекпе-жек" деген атаумен тағы да өңделіп шығарылған еді. 1957 жылы жазушының "Өзім туралы повесть" деп аталатын шығармасы жарыққа шықты. Осы тұста әдебиетшілер арасында талас туған деседі. "Менің атым – Қожа" повесі неліктен бірінші қазақ тілінде шықпады? Ол кезде әдебиет тәрбие құралы болған. Ал жазушылар бұл туындыдағы бас кейіпкердің қыңыр, шәлкес мінез-құлқы балалардың ой-санасына әсер етеді деп қорыққан. Дегенмен повесть орыс тіліне аударылғаннан кейін өзбек, молдаван, украин, латыш, француз, литван тілдерінде басылып шықты. Повесть желісі бойынша режиссер Абдолла Қарсақбаевтың "Менің атым – Қожа" кинотуындысы 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткен балалар мен жасөспірімдер көркем фильмдерінің дүниежүзілік фестивалінде жүлделі орынға лайық деп танылды. Оқытушы Ермек Сабырбайқызы "Бердібек Соқпақбаев шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктері" мақаласында Бердібек Соқпақбаев туындыдағы көркем бейненің кілең ұнамды сипаттардан тұрмайтынын, өмірдің өзі сияқты оның да табиғаты күрделі екенін көрсететін, әрқилы сәттерде сынап-талдап, оның да өзіндік бітім-болмысы бар “адам-азамат” екенін кестелегенін жазған. "Қожа өмірден үйренеді, қате басады, сабақ алады. Образ диалектикасы дегеніміз – осы", - дейді автор. Қожа мінезінің даралануына септігін тигізген жазушының түрлі ұтымды, психологиялық ситуацияларды молынан пайдалануы болса керек. Балалар мен жасөспірімдерге арнап жиырмадан аса туынды жазған Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым – Қожа повесі бастапқыда протестік шығарма деп танылған. Сондықтан бұл туынды ұзақ уақыт қолжазба күйінде жатты. Повесть ең алдымен орыс тіліне аударылып, Мәскеудегі "Детская литература" баспасынан жарық көрді. Содан кейін француз тіліне аударылды. Көптің көңілінен шыққан туынды артынша әлемнің 30 тіліне аударылып шықты. Бердібек Соқпақбаевтың кез келген шығармасын оқи отырып, бүкпесіз суреттелген қоғам шындығын көруге болады.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2033212-balalyq-saqqa-sayaxat-berbidek-soqpaqbaev-aigili-sygarmalaryn-qalai-zazdy/
25 тамыз 2023, 09:17
kk
Конституция күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады
Қазақстандықтар 30 тамызда Конституция күнін атап өтеді. Бұл күн - мемлекеттік мереке. Мерекеге байланысты ел тұрғындары неше күн демалатынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыз. "Электрондық үкіметтің" ресми сайтындағы күнтізбеге сәйкес, 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні биыл сәрсенбіге сәйкес келіп тұр. Осы орайда мерекенің құрметіне қазақстандықтар 1 күн демалады. Мереке күні жұмыс күніне тұспа-тұс келіп тұрғындақтан, бұл жолы жұмыс күндері мен демалыс күндерінің ауысуы жоспарланып отырған жоқ. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, Конституция күні мемлекеттік мереке болып саналады. Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін. Айта кетейік, 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған болатын. Бұл күні еліміздің облыстары мен қалаларында дәстүрлі түрде жаппай мерекелік шаралар мен концерттер өтеді.
Қазақстандықтар 30 тамызда Конституция күнін атап өтеді. Бұл күн - мемлекеттік мереке. Мерекеге байланысты ел тұрғындары неше күн демалатынын материалынан оқи аласыз. "Электрондық үкіметтің" ресми сайтындағы күнтізбеге сәйкес, 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні биыл сәрсенбіге сәйкес келіп тұр. Осы орайда мерекенің құрметіне қазақстандықтар 1 күн демалады. Мереке күні жұмыс күніне тұспа-тұс келіп тұрғындақтан, бұл жолы жұмыс күндері мен демалыс күндерінің ауысуы жоспарланып отырған жоқ. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, Конституция күні мемлекеттік мереке болып саналады. Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін. Айта кетейік, 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған болатын.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033910-konstituciya-kunine-orai-qazaqstandyqtar-nese-kun-demalady/
25 тамыз 2023, 09:12
kk
"Макдоналдс" наггетстері: сүйікті тағамыңызды жасаудың ең оңай әдісі
Наггетс ең танымал фастфуд тағамдарының біріне айналды. Сырты қытырлақ, іші шырынды болып келетін тауық етін бүгінде бүкіл әлем халқы сүйсініп жейді. Енді сіз де мұндай тағамды үйіңізде қалай дайындау керегін білесіз. Америка асханасы наггетстерді жасаған ғалым Роберт Бейкерге қарыздар. 1950 жылы ол сырты жұқа, қытырлақ тауық етін пісіру әдісін ойлап тапты. Сыртқы түріне байланысты тағам атауы "nugget" деп аталды, бұл "тума алтын" деген мағынаны білдіреді. Бейкер тағамға қосатын өнімдерді еріткен кезде құрамы өзгермейтіндей әрі мұздату әдісі мен тауық етін нанмен қаптауға арналған машинаны әзірледі. McDonald's мейрамханаларына арналған наггетс рецебін кейінірек, яғни 1979 жылы Tyson Foods компаниясы дайындады, ал 1980 жылы өнім тұтынушыларға ұсынылды. Асханасы: Америкалық Санаты: Бас тағам Дайындау уақыты: 5 минут Пісетін уақыты: 30 минут Мөлшерлік калориясы: 295 ккал. Тауық етін жуып, құрғатыңыз. Бірнеше бөліктерге кесіңіз. Тауық етін ет тартқыштан өткізіңіз немесе блендер пайдаланыңыз. Наггетстерді дайындау үшін дайын тартылған ет сатып алуға а болады, бірақ оның сапасы жақсы екеніне көз жеткізген абзал. Ет тартқыштан өткізілген тауық етіне дәміне қарай тұз және ұнтақталған қара бұрыш қосыңыз. Дәмдеуіштерді біркелкі етіп мұқият араластырыңыз. Үстіне бір ас қасық ұн қосыңыз. Барлығын араластырып, наггетстердің пішінін жасаңыз. Дайындап жатқан наггетстің кішкене бөлігін тартылған еттен бөліп алып, оны төртбұрыш немесе үшбұрыш пішінінде жасаңыз. Қалған ұнды жалпақ табаққа салыңыз. Оның жанына пергамент қағазы төселген табаны қойыңыз. Әрбір бөлікті ұнға молынан батырыңыз. Бұл ет тартқыштан өткен еттің пішінін жақсы сақтауға көмектеседі. Дайын пішіндерді пергамент үстіне қойыңыз. Қалған ұнға жүгері крахмалы, қант, 1 шай тұз және қара ұнтақталған бұрыш, кептірілген сарымсақ, пияз қосыңыз. Құрғақ қоспаға минералды суды құйып, оны араластырғышпен илеңіз. Минералды су нанды қытырлақ етеді. Бөлме температурасында кәдімгі қайнаған суға құйып, массаны тегіс болғанша араластырыңыз. Қуыруға арналған табаны өсімдік майын құйып, қыздырыңыз. Әрбір наггетсты ұнға былғап алып, қызып тұрған майға салыңыз. Наггетстерді шамамен 7-10 минут алтын қоңыр түске айналғанша қуырыңыз. Қуырып тұрып екінші жағын аударыңыз, сонда екі жағы да біркелкі піседі. Артық майды сіңіріп алу үшін наггетстерді қағаз майлық төселген табаққа салыңыз. Ыстық әрі қытырлақ наггетстерді ұнататын соустарыңызбен бірге дастарқанға ұсыныңыз. Рецепт видеосы
Наггетс ең танымал фастфуд тағамдарының біріне айналды. Сырты қытырлақ, іші шырынды болып келетін тауық етін бүгінде бүкіл әлем халқы сүйсініп жейді. Енді сіз де мұндай тағамды үйіңізде қалай дайындау керегін білесіз. Америка асханасы наггетстерді жасаған ғалым Роберт Бейкерге қарыздар. 1950 жылы ол сырты жұқа, қытырлақ тауық етін пісіру әдісін ойлап тапты. Сыртқы түріне байланысты тағам атауы "nugget" деп аталды, бұл "тума алтын" деген мағынаны білдіреді. Бейкер тағамға қосатын өнімдерді еріткен кезде құрамы өзгермейтіндей әрі мұздату әдісі мен тауық етін нанмен қаптауға арналған машинаны әзірледі. McDonald's мейрамханаларына арналған наггетс рецебін кейінірек, яғни 1979 жылы Tyson Foods компаниясы дайындады, ал 1980 жылы өнім тұтынушыларға ұсынылды. Асханасы: Америкалық Санаты: Бас тағам Дайындау уақыты: 5 минут Пісетін уақыты: 30 минут Мөлшерлік калориясы: 295 ккал. Тауық етін жуып, құрғатыңыз. Бірнеше бөліктерге кесіңіз. Тауық етін ет тартқыштан өткізіңіз немесе блендер пайдаланыңыз. Наггетстерді дайындау үшін дайын тартылған ет сатып алуға а болады, бірақ оның сапасы жақсы екеніне көз жеткізген абзал. Ет тартқыштан өткізілген тауық етіне дәміне қарай тұз және ұнтақталған қара бұрыш қосыңыз. Дәмдеуіштерді біркелкі етіп мұқият араластырыңыз. Үстіне бір ас қасық ұн қосыңыз. Барлығын араластырып, наггетстердің пішінін жасаңыз. Дайындап жатқан наггетстің кішкене бөлігін тартылған еттен бөліп алып, оны төртбұрыш немесе үшбұрыш пішінінде жасаңыз. Қалған ұнды жалпақ табаққа салыңыз. Оның жанына пергамент қағазы төселген табаны қойыңыз. Әрбір бөлікті ұнға молынан батырыңыз. Бұл ет тартқыштан өткен еттің пішінін жақсы сақтауға көмектеседі. Дайын пішіндерді пергамент үстіне қойыңыз. Қалған ұнға жүгері крахмалы, қант, 1 шай тұз және қара ұнтақталған бұрыш, кептірілген сарымсақ, пияз қосыңыз. Құрғақ қоспаға минералды суды құйып, оны араластырғышпен илеңіз. Минералды су нанды қытырлақ етеді. Бөлме температурасында кәдімгі қайнаған суға құйып, массаны тегіс болғанша араластырыңыз. Қуыруға арналған табаны өсімдік майын құйып, қыздырыңыз. Әрбір наггетсты ұнға былғап алып, қызып тұрған майға салыңыз. Наггетстерді шамамен 7-10 минут алтын қоңыр түске айналғанша қуырыңыз. Қуырып тұрып екінші жағын аударыңыз, сонда екі жағы да біркелкі піседі. Артық майды сіңіріп алу үшін наггетстерді қағаз майлық төселген табаққа салыңыз.
Ханшайым
true
https://kaz.nur.kz/lady/2033550-makdonalds-naggetsteri-suiikti-tagamynyzdy-zasaudyn-en-onai-adisi/
25 тамыз 2023, 09:07
kk
2023 жылғы 25 тамыз: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 25 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 462.04 (+3.91), еуроға шаққандағы бағамы – 501.22 (+6.07) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.89 (+0.03). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 458.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 461.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 496.50 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 501.50 (МиГ).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.78 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (МиГ).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 458.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 461.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 495.06 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 501.56 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.78 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.05 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 458.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 461.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 495.06 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 501.56 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.78 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.05 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 25 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 462.04 (+3.91), еуроға шаққандағы бағамы – 501.22 (+6.07) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.89 (+0.03). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 458.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 461.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 496.50 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 501.50 (МиГ).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.78 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (МиГ).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 458.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 461.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 495.06 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 501.56 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.78 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.05 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 458.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 461.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 495.06 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 501.56 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.78 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.05 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2033912-2023-zylgy-25-tamyz-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/
25 тамыз 2023, 09:02
kk
US Open-2023: Рыбакина мен Путинцеваның алғашқы қарсыластары анықталды
Теннистен 2023 жылғы АҚШ ашық біріншілігі - US Open турнирінің жеребесі тартылды. Қазақстандықтар спортшылар алғашқы қарсыластарын білді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина украиналық Марта Костюкке қарсы ойнайды. Костюк WTA рейтингінде 37-орында тұр. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның алғашқы қарсыласы - италиялық Мартина Тревезан. Теннистен АҚШ ашық біріншілігі 28 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында өтеді. Аталған сынға әлемнің ең үздік теннисшілері түгел жиналмақ.
Теннистен 2023 жылғы АҚШ ашық біріншілігі - US Open турнирінің жеребесі тартылды. Қазақстандықтар спортшылар алғашқы қарсыластарын білді, деп хабарлайды . Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина украиналық Марта Костюкке қарсы ойнайды. Костюк WTA рейтингінде 37-орында тұр. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның алғашқы қарсыласы - италиялық Мартина Тревезан. Теннистен АҚШ ашық біріншілігі 28 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында өтеді.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033893-us-open-2023-rybakina-men-putincevanyn-algasqy-qarsylastary-anyqtaldy/
25 тамыз 2023, 09:00
kk
Әнші Еркеш Хасен қызының 1 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті (видео)
Отандық әнші Еркеш Хасеннің қызы бір жасқа толды. Өнер иесі шоу-бизнес өкілдері мен жақындарының басын қосып, қызының тұсаукесер тойын өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Еркеш Хасеннің қызы Мединаның тұсауын продюсер Ғалия Байбосынова мен әнші Жазира Байырбекова кескен. Продюсер Ғалия Байбосынова тұсау кескен сәтті Instagram парақшасында бөлісті. Видеодан тұсауы кесілген әншінің қызын Жазира Байырбекова мен Ғалия Байбосынованың ақ жолдың үстімен тәй-тәй жүргізгенін көруге болады. Сонымен қатар Мединаның алдына кітап, микрофон, ақша секілді бірнеше затты таңдауға қойды. Әншінің қызы микрофонды таңдаған.
Отандық әнші Еркеш Хасеннің қызы бір жасқа толды. Өнер иесі шоу-бизнес өкілдері мен жақындарының басын қосып, қызының тұсаукесер тойын өткізді, деп жазады . Еркеш Хасеннің қызы Мединаның тұсауын продюсер Ғалия Байбосынова мен әнші Жазира Байырбекова кескен. Продюсер Ғалия Байбосынова тұсау кескен сәтті Instagram парақшасында бөлісті. Видеодан тұсауы кесілген әншінің қызын Жазира Байырбекова мен Ғалия Байбосынованың ақ жолдың үстімен тәй-тәй жүргізгенін көруге болады. Сонымен қатар Мединаның алдына кітап, микрофон, ақша секілді бірнеше затты таңдауға қойды.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033827-ansi-erkes-xasen-qyzynyn-1-zasqa-tolgan-tugan-kunin-durkiretip-atap-otti-video/
25 тамыз 2023, 08:50
kk
Жүсіп Баласағұн: балалық шағы, жастығы және өмірбаяны
Танымал түрік ойшылы, философ, ақын Жүсіп Баласағұнның өмірбаяны туралы деректер аз болғанымен, тарихшылардың ол жайлы аз да болса еңбектері бар. Бүгін назарларыңызға ғалымның өмірі жайлы құнды мәліметтерді ұсынбақпыз. Философ, ойшыл Жүсіп Баласағұн шамамен 1016-1018 жылдары, Қарахан мемелекетінде, Баласағұн қаласында, қазіргі Шу облысы, Тоқмоқ қаласында дүниеге келген. Дәулетті отбасында дүниеге келген ол, Фараби, Қашғар, Бұқара қалаларындағы мәдени орталықтарда білім алады. Кейбір деректерде оның ата-анасы саудагерлер болуы мүмкін деп жазылған. Баласағұн араб және парсы тілдерін еркін меңгерген. Жастайынан философияға, ғылыми мақалаларға қызығушылығы ерекше болып өседі. Кішкентайынан әкесі өнерге, білімге құштар қылып тәрбиелейді. Баласағұнның балалық шағы, өмірбаяны жайлы мәліметтер өте аз сақталған. Десе де солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ресми сайтында жарияланған, PhD докторы Т. Ә. Әпендиевтің "Жүсіп хас хажиб Баласағұн" мақаласында оның Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеден XI ғасырда, әйгілі музыканттар отбасында дүниеге келгені айтылады. Тарихшылар ғалымның туған жылын күні бүгінге дейін нақты дәлелдей алмауда. Зерттеушінің айтуынша, кей ғалымдар 1015, 1017 жылдарды туғанын айтса, енді бірі 1020 жылдүниеге келген деп көрсетеді екен. Мақала авторы онда Ж. Баласағұнның шыққан тегі және ортасы туралы Х. Сүйіншәлиевтің мынадай мәліметін келтірген: ол Жүсіптің әкесі де өнер иесі, күйші-музыкант болғанын айтқан. Замамында ол да Қарахан мемлекетінің билеушісі Сатух Боғраханға қызмет еткен. Сонымен бірге зерттеуші бұл мақаласында Жүсіптің талантты өнерпаз әкесінің тәлімін алып өскені айтылады. Жасынан зерделілігімен көзге түскен ол сарай қожаларының назарына түскен көрінеді. Шығыс Түркістан, Қашқар, Баласағұн, Жетісу өлкелерін билеп тұрған Боғрахан (1012 ж. өлген) Жүсіптен үлкен үмітті боп, оны ғылым мен білімге баулыған. Бұл туралы автор өз еңбегінде былай дейді: "Жүсіп кезіндегі атақты білім ордаларында болып, көп тілдерді үйреніп, тез жетілген. Әділет жолын іздеп, алас ұрған жігерлі жас әдебиет пен ғылым салаларын жете меңгерген. Жүсіп өз кезінің білімді адамы саналған. Ол жасынан оқып, түркі тілдеріне қоса парсы, араб, қытай тілдерін жақсы білген. Сол кез әдебиетінен, тарихынан, астрономиясынан, геометриясынан, тағы басқа ғылымдарынан мағлұмат алған", - деп жазған автор. Kazislam.kz сайты ұсынған мәліметтерге сәйкес, Жүсіп Баласағұн әлемге “Құтадғу білік” (“Құтты білік”) дастаны арқылы танылған. Жүсіп Баласағұн бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды “хандардың ханы” – Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 – 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 – 955) тарту еткен екен. Ғалымдар аталған дастанның қай тілде жазылғаны туралы әлі де пікір талас жүргізуде. Мысалы, Massaget.kz сайтында жарыққа шыққан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті, 1-курс магистранты Әмзе Нұрмұқасан зерттеуші С.Маслов "Құтты білік" көне ұйғыр тілінде жазылған десе, А.Щербак қарлұқ тілінде, Г.Благова дастандағы сөздердің талдану сипатына қарап, бұл шығарма қарлұқ-қыпшақ тілінде жазылған деген қорытынды жасайтынын айтқан. Автор сондай-ақ аталған зерттеу мақаласында "Құтты білікте" не жазылғаны туралы да сөз қозғайды. "Құтты білік" дастанының мән-мағынасы бұл қарапайым сюжетінде емес. Мұндай сюжет дидактикалық шығармаларда көмекші қызмет атқарады. Басқаша айтқанда, бұл дастанда көтерілген басты мәселе шығарма қаһармандарының басынан өткізген оқиғаларында емес, сол қаһармандар арқылы айтылатын автордың өсиет-уағыздары мен ғибрат сөздерінде, сұрақ-жауаптарында жатыр. Шығарманың негізгі тематикалық бағыт-бағдарын автор дастанның басты қаһармандарымен оқушысын таныстыру арқылы аңғартады. Сонымен, «Құтты білік» дастанының сюжеттік бөлімі негізінен шығарманың бас қаһармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, олардың бір-біріне жазған хаттарынан тұрады", - деп жазады авторы. Одан бөлек, e-history.kz сайты ұсынған мәліметке сәйкес, Жүсіп Баласағұн дастанды "хандардың ханы" -Қарахандар әулетімемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға тарту еткендіктен, хан оны өз жарлығымен "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген екен. Сол сияқты деректерде ғалым аталған шығармасын 54 жасында жазып бітіргені жайлы айтылады. Сол сияқты El.kz сайты ұсынған мәліметтерге сәйкес, дастанның көне қолжазбасы табылғанын әлемге тұңғыш рет хабарлап, 1823 жылы "Азия" журналында (Париж) Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес екен. Ал Венгер ғалымы Германи Вамбери (1832 – 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарған. Жалпы бұл шығарманы көп зерттеп, ғылыми мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен айналысқандар арасында В.В. Радлов (жиырма жыл бойы (1890 – 1910) үзбей айналысқан) та бар. Одани бөлек түрік ғалымдары да "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарған. Дастанды зерттеу ісіне, әсіресе, түрік ғалымдары Р.Р. Арат (1900 – 1964), М.Ф. Кепрюлд (1890 – 1960) және А.Дильгар (1897 – 1979), т.б. көп еңбек сіңірген. Деректерде Жүсіп Баласағұн осы еңбегін жазып бітірген соң, шамамен бір жылдан соң 1074-1075 жылдары қайтыс болған деп жазылады. Оның денесі Қашғар қаласында жерленген.
Танымал түрік ойшылы, философ, ақын Жүсіп Баласағұнның өмірбаяны туралы деректер аз болғанымен, тарихшылардың ол жайлы аз да болса еңбектері бар. Бүгін назарларыңызға ғалымның өмірі жайлы құнды мәліметтерді ұсынбақпыз. Философ, ойшыл Жүсіп Баласағұн шамамен 1016-1018 жылдары, Қарахан мемелекетінде, Баласағұн қаласында, қазіргі Шу облысы, Тоқмоқ қаласында дүниеге келген. Дәулетті отбасында дүниеге келген ол, Фараби, Қашғар, Бұқара қалаларындағы мәдени орталықтарда білім алады. Кейбір деректерде оның ата-анасы саудагерлер болуы мүмкін деп жазылған. Баласағұн араб және парсы тілдерін еркін меңгерген. Жастайынан философияға, ғылыми мақалаларға қызығушылығы ерекше болып өседі. Кішкентайынан әкесі өнерге, білімге құштар қылып тәрбиелейді. Баласағұнның балалық шағы, өмірбаяны жайлы мәліметтер өте аз сақталған. Десе де солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ресми сайтында жарияланған, PhD докторы Т. Ә. Әпендиевтің "Жүсіп хас хажиб Баласағұн" мақаласында оның Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеден XI ғасырда, әйгілі музыканттар отбасында дүниеге келгені айтылады. Тарихшылар ғалымның туған жылын күні бүгінге дейін нақты дәлелдей алмауда. Зерттеушінің айтуынша, кей ғалымдар 1015, 1017 жылдарды туғанын айтса, енді бірі 1020 жылдүниеге келген деп көрсетеді екен. Мақала авторы онда Ж. Баласағұнның шыққан тегі және ортасы туралы Х. Сүйіншәлиевтің мынадай мәліметін келтірген: ол Жүсіптің әкесі де өнер иесі, күйші-музыкант болғанын айтқан. Замамында ол да Қарахан мемлекетінің билеушісі Сатух Боғраханға қызмет еткен. Сонымен бірге зерттеуші бұл мақаласында Жүсіптің талантты өнерпаз әкесінің тәлімін алып өскені айтылады. Жасынан зерделілігімен көзге түскен ол сарай қожаларының назарына түскен көрінеді. Шығыс Түркістан, Қашқар, Баласағұн, Жетісу өлкелерін билеп тұрған Боғрахан (1012 ж. өлген) Жүсіптен үлкен үмітті боп, оны ғылым мен білімге баулыған. Бұл туралы автор өз еңбегінде былай дейді: "Жүсіп кезіндегі атақты білім ордаларында болып, көп тілдерді үйреніп, тез жетілген. Әділет жолын іздеп, алас ұрған жігерлі жас әдебиет пен ғылым салаларын жете меңгерген. Жүсіп өз кезінің білімді адамы саналған. Ол жасынан оқып, түркі тілдеріне қоса парсы, араб, қытай тілдерін жақсы білген. Сол кез әдебиетінен, тарихынан, астрономиясынан, геометриясынан, тағы басқа ғылымдарынан мағлұмат алған", - деп жазған автор. сайты ұсынған мәліметтерге сәйкес, Жүсіп Баласағұн әлемге “Құтадғу білік” (“Құтты білік”) дастаны арқылы танылған. Жүсіп Баласағұн бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды “хандардың ханы” – Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 – 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 – 955) тарту еткен екен. Ғалымдар аталған дастанның қай тілде жазылғаны туралы әлі де пікір талас жүргізуде. Мысалы, сайтында жарыққа шыққан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті, 1-курс магистранты Әмзе Нұрмұқасан зерттеуші С.Маслов "Құтты білік" көне ұйғыр тілінде жазылған десе, А.Щербак қарлұқ тілінде, Г.Благова дастандағы сөздердің талдану сипатына қарап, бұл шығарма қарлұқ-қыпшақ тілінде жазылған деген қорытынды жасайтынын айтқан. Автор сондай-ақ аталған зерттеу мақаласында "Құтты білікте" не жазылғаны туралы да сөз қозғайды. "Құтты білік" дастанының мән-мағынасы бұл қарапайым сюжетінде емес. Мұндай сюжет дидактикалық шығармаларда көмекші қызмет атқарады. Басқаша айтқанда, бұл дастанда көтерілген басты мәселе шығарма қаһармандарының басынан өткізген оқиғаларында емес, сол қаһармандар арқылы айтылатын автордың өсиет-уағыздары мен ғибрат сөздерінде, сұрақ-жауаптарында жатыр. Шығарманың негізгі тематикалық бағыт-бағдарын автор дастанның басты қаһармандарымен оқушысын таныстыру арқылы аңғартады. Сонымен, «Құтты білік» дастанының сюжеттік бөлімі негізінен шығарманың бас қаһармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, олардың бір-біріне жазған хаттарынан тұрады", - деп жазады авторы. Одан бөлек, сайты ұсынған мәліметке сәйкес, Жүсіп Баласағұн дастанды "хандардың ханы" -Қарахандар әулетімемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға тарту еткендіктен, хан оны өз жарлығымен "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген екен. Сол сияқты деректерде ғалым аталған шығармасын 54 жасында жазып бітіргені жайлы айтылады. Сол сияқты сайты ұсынған мәліметтерге сәйкес, дастанның көне қолжазбасы табылғанын әлемге тұңғыш рет хабарлап, 1823 жылы "Азия" журналында (Париж) Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес екен. Ал Венгер ғалымы Германи Вамбери (1832 – 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарған. Жалпы бұл шығарманы көп зерттеп, ғылыми мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен айналысқандар арасында В.В. Радлов (жиырма жыл бойы (1890 – 1910) үзбей айналысқан) та бар. Одани бөлек түрік ғалымдары да "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарған. Дастанды зерттеу ісіне, әсіресе, түрік ғалымдары Р.Р. Арат (1900 – 1964), М.Ф. Кепрюлд (1890 – 1960) және А.Дильгар (1897 – 1979), т.б. көп еңбек сіңірген. Деректерде Жүсіп Баласағұн осы еңбегін жазып бітірген соң, шамамен бір жылдан соң 1074-1075 жылдары қайтыс болған деп жазылады.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2033211-zusip-balasagun-balalyq-sagy-zastygy-zane-omirbayany/
25 тамыз 2023, 08:49
kk
Атырауда 81 педагог жалған дипломмен жұмыс істеген
Антикор Атырау облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 51 қызметкері мен орта білім беру ұйымдарының 30 қызметкері жалған дипломмен жұмыс істегенін анықтады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті ресми сайтында хабарлады. Антикордың өңірлік департаментінің мәліметінше, Қоғамдық кеңес отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері талқыланған. Отырыс барысында Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов кеңес мүшелерін білім беру саласындағы өзекті мәселелер туралы хабардар еткен. "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында департаментпен көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды, мысалы, мектептерде "өлі жандардың" болуы, қызметкерлер мен оқушылар саны бірдей мектептерді әр түрлі қаржыландыру, бір адамның бір уақытта 4-5 мекемеде жұмыс істеуі, кейбір білім беру ұйымдарының басшыларының өздерінің лауазымдық жалақыларынан басқа үстеме жалақыларын аударуы және тағы басқа", - дейді Жәнібек Қаражанов. Құзырлы орган ақпаратынша, мониторинг нәтижесінде облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 51 қызметкері мен орта білім беру ұйымдарының 30 қызметкерінің жалған дипломдарды пайдалану фактілері анықталған. Жоғарыда аталған фактілерді жою үшін облыстық білім басқармасына департамент әзірлеген 26 ұсыныс жолданған. Мысалы, қызметкерлердің контингенті бойынша деректерді автоматты түрде салыстыру үшін интеграцияны қамтамасыз ете отырып, ЖАО деңгейінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және бекіту процестерін автоматтандыру, мекемеге кіру және шығу уақытын форматты-логистикалық бақылауды белгілеу мүмкіндігі бойынша білім беру мекемелері қызметкерлерінің қатысуын бақылау және тағы басқа да ұсыныстар айтылған.
Антикор Атырау облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 51 қызметкері мен орта білім беру ұйымдарының 30 қызметкері жалған дипломмен жұмыс істегенін анықтады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті ресми сайтында хабарлады. Антикордың өңірлік департаментінің мәліметінше, Қоғамдық кеңес отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері талқыланған. Отырыс барысында Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов кеңес мүшелерін білім беру саласындағы өзекті мәселелер туралы хабардар еткен. "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында департаментпен көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды, мысалы, мектептерде "өлі жандардың" болуы, қызметкерлер мен оқушылар саны бірдей мектептерді әр түрлі қаржыландыру, бір адамның бір уақытта 4-5 мекемеде жұмыс істеуі, кейбір білім беру ұйымдарының басшыларының өздерінің лауазымдық жалақыларынан басқа үстеме жалақыларын аударуы және тағы басқа", - дейді Жәнібек Қаражанов. Құзырлы орган ақпаратынша, мониторинг нәтижесінде облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 51 қызметкері мен орта білім беру ұйымдарының 30 қызметкерінің жалған дипломдарды пайдалану фактілері анықталған. Жоғарыда аталған фактілерді жою үшін облыстық білім басқармасына департамент әзірлеген 26 ұсыныс жолданған.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033906-atyrauda-zalgan-diplommen-81-pedagog-zumys-istegen/
25 тамыз 2023, 08:48
kk
Чемпиондар лигасы: Криштиану Роналду тәжікстандық командаға қарсы ойнайды
Футболдан Азия Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Криштиану Роналду ойнайтын "Әл-Наср" клубының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Роналду доп тебетін "Әл-Наср" клубы тәжікстандық "Истиклол", ирандық "Персеполим" және катарлық "Әл-Духаилмен" бір топқа түсті. Командалар Е тобында бақ сынайды. Ал Неймар ойнайтын "Әл-Хилал" D тобында өзбекстандық "Навбахор", ирандық "Нассаджи Мазандаран" және үндістандық "Мумбаи Ситимен" қарсылас атанды. Кәрім Бензема намысын қорғайтын "Әл-Иттихад" өзбекстандық АГМК, ирандық "Сепахан" және ирактық "Әл-Кувамен" ойнайды. Чемпиондар лигасының топтық кезеңі 18-20 қыркүйекте басталады.
Футболдан Азия Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Криштиану Роналду ойнайтын "Әл-Наср" клубының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды . Роналду доп тебетін "Әл-Наср" клубы тәжікстандық "Истиклол", ирандық "Персеполим" және катарлық "Әл-Духаилмен" бір топқа түсті. Командалар Е тобында бақ сынайды. Ал Неймар ойнайтын "Әл-Хилал" D тобында өзбекстандық "Навбахор", ирандық "Нассаджи Мазандаран" және үндістандық "Мумбаи Ситимен" қарсылас атанды. Кәрім Бензема намысын қорғайтын "Әл-Иттихад" өзбекстандық АГМК, ирандық "Сепахан" және ирактық "Әл-Кувамен" ойнайды.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033891-cempiondar-ligasy-kristianu-ronaldu-tazikstandyq-komandaga-qarsy-oinaidy/
25 тамыз 2023, 08:06
kk
"7 миллион теңге бермесек, орнымыздан айырыламыз": "Алтын орда" базарында тағы шу шықты
Алматыдағы "Алтын орда" базарының бір топ саудагері жанайқайын жеткізді. Олар базар әкімшілігі шатырлардың орнына жаңа дүңгіршектер қоятынын, сауда нүктесінен айырылғысы келмейтіндерге "7 миллион теңге төлеңдер" деп талап қойғанын айтады, деп хабарлайды КТК арнасы. Телеарна ақпаратынша, базар басшылығы саудагерлердің тұрған жері заңсыз екенін, үш метр бері жылжытатынын атап өткен. "Біз күнделікті екі мың теңгеден беріп тұрамыз, екі метр жерге. Мына жерде 7 миллионның да тауары жоқ. Біз ол жерді 7 миллионға сатып ала алмаймыз", - дейді саудагер Гүлнәр Тұрлыбаева. Тілші мәліметінше, "Алтын орданың" кіреберісінде орналасқан аядай шатырлар Гүлнәр секілді 30 шақты саудагердің жанбағыс көзі. Олар 7 миллион теңге төлемесе, орнынан айыралатыны туралы хабарды естіп, төбеден жай түскендей күйде болған. "Шын ба, өтірік пе деп, басшылыққа бардық. "Сатылып жатыр, қалғаны болса аласыңдар, қалмаған болса, кете беріңдер" деді. Бірақ менің басымда 7 миллион жоқ. Жағдайымызды түсінгісі жоқ. Үшінші павильон біткенше, осы жерде тұра беріңдер деген. Осы бастықтар келгенде де "тұра беріңдер" деген. Біз бұл жерді ешкімге сатпаймыз деген сияқты", - дейді саудагер Жанар Қалымбетова. Саудагерлер бұл шағымына қатысты базар директорымен тілдесе алмаған. Олардың жанайқайына базар директорының орынбасары жауап берген. Оның айтуынша, жол жиегінде саудагерлер тұрған жер әкімшіліктің қарауында. Сондықтан заңға сәйкес, ол жерді үш метр бері жылжытып, жаңа орындар ұсынылады. Кейін шатырдың орнына дүңгіршектер қою жоспарлануда. "Фирмаларға өтініш бергенбіз. Сол кісілер смета бағасын шығарып берген. 7 миллионға дегенде, қазір бәрі арзан емес, материалдарының бәрі сондай. Өз материалдарына бізге өтініш берген. Ол бойынша біздің фирмалар сол жерге салып береді", - дейді" Алтын орда" базары директорының орынбасары Қанат Кенжебайұлы. Дереккөз: КТК арнасы
Алматыдағы "Алтын орда" базарының бір топ саудагері жанайқайын жеткізді. Олар базар әкімшілігі шатырлардың орнына жаңа дүңгіршектер қоятынын, сауда нүктесінен айырылғысы келмейтіндерге "7 миллион теңге төлеңдер" деп талап қойғанын айтады, деп хабарлайды КТК арнасы. Телеарна ақпаратынша, базар басшылығы саудагерлердің тұрған жері заңсыз екенін, үш метр бері жылжытатынын атап өткен. "Біз күнделікті екі мың теңгеден беріп тұрамыз, екі метр жерге. Мына жерде 7 миллионның да тауары жоқ. Біз ол жерді 7 миллионға сатып ала алмаймыз", - дейді саудагер Гүлнәр Тұрлыбаева. Тілші мәліметінше, "Алтын орданың" кіреберісінде орналасқан аядай шатырлар Гүлнәр секілді 30 шақты саудагердің жанбағыс көзі. Олар 7 миллион теңге төлемесе, орнынан айыралатыны туралы хабарды естіп, төбеден жай түскендей күйде болған. "Шын ба, өтірік пе деп, басшылыққа бардық. "Сатылып жатыр, қалғаны болса аласыңдар, қалмаған болса, кете беріңдер" деді. Бірақ менің басымда 7 миллион жоқ. Жағдайымызды түсінгісі жоқ. Үшінші павильон біткенше, осы жерде тұра беріңдер деген. Осы бастықтар келгенде де "тұра беріңдер" деген. Біз бұл жерді ешкімге сатпаймыз деген сияқты", - дейді саудагер Жанар Қалымбетова. Саудагерлер бұл шағымына қатысты базар директорымен тілдесе алмаған. Олардың жанайқайына базар директорының орынбасары жауап берген. Оның айтуынша, жол жиегінде саудагерлер тұрған жер әкімшіліктің қарауында. Сондықтан заңға сәйкес, ол жерді үш метр бері жылжытып, жаңа орындар ұсынылады. Кейін шатырдың орнына дүңгіршектер қою жоспарлануда. "Фирмаларға өтініш бергенбіз. Сол кісілер смета бағасын шығарып берген. 7 миллионға дегенде, қазір бәрі арзан емес, материалдарының бәрі сондай. Өз материалдарына бізге өтініш берген. Ол бойынша біздің фирмалар сол жерге салып береді", - дейді" Алтын орда" базары директорының орынбасары Қанат Кенжебайұлы.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033902-7-million-tenge-bermesek-ornymyzdan-aiyrylamyz-altyn-orda-bazarynda-tagy-su-syqty/
25 тамыз 2023, 08:01
kk
Бүгін еліміздің бір өңірінде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде
Синоптиктер 25 тамыз, жұмада ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында. Метеорологтардың мәліметінше, бүгін де еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Яғни, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде дауыл тұрып, жел күшеюі ықтимал. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Сондай-ақ солтүстікте, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Сонымен қатар күндіз Жетісу, Абай, Алматы облыстарында 35-37°С-қа дейін қатты ыстық күтіледі. Бұдан бөлек Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Атырау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысы мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады. Синоптиктер ал Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Павлодар облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп отыр.
Синоптиктер 25 тамыз, жұмада ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында. Метеорологтардың мәліметінше, бүгін де еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Яғни, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде дауыл тұрып, жел күшеюі ықтимал. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Сондай-ақ солтүстікте, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Сонымен қатар күндіз Жетісу, Абай, Алматы облыстарында 35-37°С-қа дейін қатты ыстық күтіледі. Бұдан бөлек Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Атырау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысы мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033903-bugin-elimizdin-bir-onirinde-qatty-zanbyr-zauady-dep-kutilude/
25 тамыз 2023, 07:30
kk
"Күйеуім - араб, хиджаб киемін": қазақстандық спортшы Маргарита Елисеева шетелден қалай бақытын тапты (фото)
Ауыр атлетикадан 2014 жылғы жазғы Азия ойындарының чемпионы Маргарита Елисеева бүгінде Сауд Арабиясында тұрып жатыр. Ол жергілікті футболшыға тұрмысқа шыққан, деп хабарлайды Bassport.kz. "Қазіргі кезде Сауд Арабиясында тұрып жатырмын. Тұрмысқа шықтым. Ауыр атлетикадан топтық бағдарлама бойынша студия ашқанмын. Яғни, сол жақта жұлқа, серпе көтеруді үйретемін. Менен тәлім алып жүргендерден жергілікті азаматтар, шетелдіктер де бар. Қазақстаннан да өте көп", - дейді ол. Елисееваның араб елінде тұрып жатқанына бесінші жыл. Ол алғашында фитнес-жаттықтырушы болып жұмыс істеген. "Әлі күнге дейін адаптация жүріп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда табиғатымыз қандай керемет. Тіпті, біздің тамағымызға ештеңе жетпейді. Ал Сауд Арабиясы мүлдем бөлек. Сондықтан елге жиі келіп тұрамын. Ұлттық құрамада болған Жазира Жапарқұл, Карина Горичевамен сөйлесіп тұрамын", - дейді бұрынғы спортшы. Маргаританың күйеуі араб ұлтынан және ол да спорттан алшақ емес. "Иә, араб жігіті. Біз екеуіміз жарыс кезінде танысқанбыз. Ол – экс-футболшы. Арабияның жасөспірімдер құрамасында ойнаған", - деді ол. Сондай-ақ қазақстандық спортшы хиджаб киетінін де жасырмады. "Ол жақта хиджаб киемін. Болашақта толықтай жабық киінетін боламын. Бәрі бірден болмайды. Үйренуге тырысып жүрмін. Күйеуім түсінеді. Ол күтеді. Мен мұсылманмын. Бұрын спортта жүргенде шарттарын орындаған емеспін. Күйеуге шыққан соң, шыңдап кірісуге тура келді. Оның үстіне, Сауд Арабиясы – ислам дінің жүрегі. Оқып, үйреніп жүрмін", - дейді ауыр атлет. Маргарита Елисеева Қазақстан азаматтығынан бас тартпаған. Ол Сауд Арабиясында ықтиярхатпен тұрып жатыр.
Ауыр атлетикадан 2014 жылғы жазғы Азия ойындарының чемпионы Маргарита Елисеева бүгінде Сауд Арабиясында тұрып жатыр. Ол жергілікті футболшыға тұрмысқа шыққан, деп хабарлайды "Қазіргі кезде Сауд Арабиясында тұрып жатырмын. Тұрмысқа шықтым. Ауыр атлетикадан топтық бағдарлама бойынша студия ашқанмын. Яғни, сол жақта жұлқа, серпе көтеруді үйретемін. Менен тәлім алып жүргендерден жергілікті азаматтар, шетелдіктер де бар. Қазақстаннан да өте көп", - дейді ол. Елисееваның араб елінде тұрып жатқанына бесінші жыл. Ол алғашында фитнес-жаттықтырушы болып жұмыс істеген. "Әлі күнге дейін адаптация жүріп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда табиғатымыз қандай керемет. Тіпті, біздің тамағымызға ештеңе жетпейді. Ал Сауд Арабиясы мүлдем бөлек. Сондықтан елге жиі келіп тұрамын. Ұлттық құрамада болған Жазира Жапарқұл, Карина Горичевамен сөйлесіп тұрамын", - дейді бұрынғы спортшы. Маргаританың күйеуі араб ұлтынан және ол да спорттан алшақ емес. "Иә, араб жігіті. Біз екеуіміз жарыс кезінде танысқанбыз. Ол – экс-футболшы. Арабияның жасөспірімдер құрамасында ойнаған", - деді ол. Сондай-ақ қазақстандық спортшы хиджаб киетінін де жасырмады. "Ол жақта хиджаб киемін. Болашақта толықтай жабық киінетін боламын. Бәрі бірден болмайды. Үйренуге тырысып жүрмін. Күйеуім түсінеді. Ол күтеді. Мен мұсылманмын. Бұрын спортта жүргенде шарттарын орындаған емеспін. Күйеуге шыққан соң, шыңдап кірісуге тура келді. Оның үстіне, Сауд Арабиясы – ислам дінің жүрегі. Оқып, үйреніп жүрмін", - дейді ауыр атлет. Маргарита Елисеева Қазақстан азаматтығынан бас тартпаған.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033894-kuieuim-arab-xidzab-kiemin-qazaqstandyq-sportsy-margarita-eliseeva-setelden-qalai-baqytyn-tapty-foto/
25 тамыз 2023, 07:15
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 25 тамыз күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Белсенді демалыс үшін бүгінгі кеш өте қолайлы. Таза ауада ұзақ серуендеу, спортпен шұғылданудың пайдасы зор болмақ. Бүгін сүйіктіңізбен қарым-қатынасты өз қолыңызға алатын күн. Араңыз суып қалса, онда қарым-қатынасты өзіңіз жандандырыңыз. Бүкіл отбасымен табиғат аясында уақыт өткізіңіз, пикникке барыңыз. Созылмалы шаршау сізге бүгін өз пайдсын тигізуі мүмкін, демалып, қалыпқа келу үшін уақыт бөліңіз. Досыңызға бергіңіз келетін кез келген тікелей кеңесті алдымен өзіңіз орындап көріңіз. Егер сіз мұндай кеңесті орындамақ түгілі, өзгеден естуді қаламайтын болсаңыз, бұл кеңесті досыңызға да айтпағаныңыз абзал. Сіз оған бұл кеңесіңізбен көмектеспейсіз, тек зиян келтіресіз. Достарыңызбен бәстесу арақатынасқа өте пайдалы. Осы арқылы достар бір-бірінің алдындағы жауапкершілікті сезінеді. Жануарлар мен құстарға азық беріңіз, гүлдерді суарып, үй жинаңыз. Жеке қарым-қатынаста эмоцияларға бой алдырмаңыз. Әйтпесе сіз өзіңіздің сүйікті адамыңызды ренжітесіз. Ашуыңызды құмарлыққа жеңдіріп, ұмытылмас сәттерді өзіңіз жасаңыз Гирлянда мен шамдар сатып алып, жатын бөлмеңізге немесе қонақ үйге іліп қойыңыз. Бұл сізге және отбасыңызға кешкісін мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізіңіз, бірақ асықпаңыз. Алдымен ағымдағы мәселелерді шешіңіз, қателерді түзетіңіз. Көмек күтпеңіз, тек өз күшіңізге сеніңіз. Кешке күйзеліс тудыратын жағдайлардан аулақ болыңыз, көбірек демалыңыз. Сіз қатты шаршағаныңызды сезінуіңіз мүмкін, бірақ тез қалпыңызға келесіз. Өз жұбыңызды ертіп, достарыңызбен кездесіңіз. Достарыңызға да сүйіктісін ерте келуін ұсыныңыз. Достарыңызбен әрі сүйіктіңізбен бірге уақыт өткізу көңілдірек болмақ. Отбасыңызда жаңа дәстүр ойлап табыңыз: бұл арақатынасыңызды нығайтып, көңіл-күйіңізді көтереді. Күн қарбалас, оқиғаларға толы және қызықты болады. Толассыз тіршіліктен бос минутыңыз болмайды. Жоспардан тыс сапарлар болуы мүмкін, бірақ олар еш қиындық тудырмайды. Денсаулығыңызды күтудің оңай жолын көптен бері іздеп жүрсеңіз, шөп шайларына назар аударыңыз. Кез келген дәріханада сіз шайды дәміне қарай таңдап ала аласыз, бұл сіздің денсаулығыңызды нығайтуға көмектеседі. Күннен қорғайтын кремді қолдануды әдетке айналдырыңыз. Мұндай негізгі қорғаныс терімізге жыл бойы қажет, ол теріні ұзақ жылдарға жас ұстауға көмектеседі. Жеке өмір мен жұмыс арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз, жұмыс үшін жеке уақытыңызды ұрлап, артығынан отырмаңыз. Жақсы адамдардың ортасында уақыт өткізіңіз. Негативке назар аударуды қойып, достарыңызға қоңырау шалсаңыз, көңіл күйіңіз бірден көтеріледі. Ауа райына сай киінуге тырысыңыз және "журналдағы" сәнді қумай, денсаулығыңызға мән беріңіз. Қаржылық мәслелерге баса мән беріңіз, өзіңіз үшін тиімді сауда жасау мүмкіндігі туындайды. Бұл күнгі барлық сапар сәтті өтеді. Келесі ай - басшылықтың сізді жоғарылату туралы шешім қабылдайтын шешуші уақыты. Бұл - өзіңіздің жақсы маман екеніңізді дәлелдеуге берілген мүмкіндік. Қарым-қатынаста өзара бір ортақ шешімге келу маңызды. Өз пікіріңізді ғана басшылыққа алып, дауласа бермеңіз. Ақылға құлақ асыңыз, өз күшіңізді асыра бағаламаңыз, әсіресе қаржы мәселесінде. Жағдайды дұрыс бағалауға тырысыңыз. Сәтсіздікке жол бермеңіз және өзіңізді тығырыққа тіремеңіз.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Белсенді демалыс үшін бүгінгі кеш өте қолайлы. Таза ауада ұзақ серуендеу, спортпен шұғылданудың пайдасы зор болмақ. Бүгін сүйіктіңізбен қарым-қатынасты өз қолыңызға алатын күн. Араңыз суып қалса, онда қарым-қатынасты өзіңіз жандандырыңыз. Бүкіл отбасымен табиғат аясында уақыт өткізіңіз, пикникке барыңыз. Созылмалы шаршау сізге бүгін өз пайдсын тигізуі мүмкін, демалып, қалыпқа келу үшін уақыт бөліңіз. Досыңызға бергіңіз келетін кез келген тікелей кеңесті алдымен өзіңіз орындап көріңіз. Егер сіз мұндай кеңесті орындамақ түгілі, өзгеден естуді қаламайтын болсаңыз, бұл кеңесті досыңызға да айтпағаныңыз абзал. Сіз оған бұл кеңесіңізбен көмектеспейсіз, тек зиян келтіресіз. Достарыңызбен бәстесу арақатынасқа өте пайдалы. Осы арқылы достар бір-бірінің алдындағы жауапкершілікті сезінеді. Жануарлар мен құстарға азық беріңіз, гүлдерді суарып, үй жинаңыз. Жеке қарым-қатынаста эмоцияларға бой алдырмаңыз. Әйтпесе сіз өзіңіздің сүйікті адамыңызды ренжітесіз. Ашуыңызды құмарлыққа жеңдіріп, ұмытылмас сәттерді өзіңіз жасаңыз Гирлянда мен шамдар сатып алып, жатын бөлмеңізге немесе қонақ үйге іліп қойыңыз. Бұл сізге және отбасыңызға кешкісін мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізіңіз, бірақ асықпаңыз. Алдымен ағымдағы мәселелерді шешіңіз, қателерді түзетіңіз. Көмек күтпеңіз, тек өз күшіңізге сеніңіз. Кешке күйзеліс тудыратын жағдайлардан аулақ болыңыз, көбірек демалыңыз. Сіз қатты шаршағаныңызды сезінуіңіз мүмкін, бірақ тез қалпыңызға келесіз. Өз жұбыңызды ертіп, достарыңызбен кездесіңіз. Достарыңызға да сүйіктісін ерте келуін ұсыныңыз. Достарыңызбен әрі сүйіктіңізбен бірге уақыт өткізу көңілдірек болмақ. Отбасыңызда жаңа дәстүр ойлап табыңыз: бұл арақатынасыңызды нығайтып, көңіл-күйіңізді көтереді. Күн қарбалас, оқиғаларға толы және қызықты болады. Толассыз тіршіліктен бос минутыңыз болмайды. Жоспардан тыс сапарлар болуы мүмкін, бірақ олар еш қиындық тудырмайды. Денсаулығыңызды күтудің оңай жолын көптен бері іздеп жүрсеңіз, шөп шайларына назар аударыңыз. Кез келген дәріханада сіз шайды дәміне қарай таңдап ала аласыз, бұл сіздің денсаулығыңызды нығайтуға көмектеседі. Күннен қорғайтын кремді қолдануды әдетке айналдырыңыз. Мұндай негізгі қорғаныс терімізге жыл бойы қажет, ол теріні ұзақ жылдарға жас ұстауға көмектеседі. Жеке өмір мен жұмыс арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз, жұмыс үшін жеке уақытыңызды ұрлап, артығынан отырмаңыз. Жақсы адамдардың ортасында уақыт өткізіңіз. Негативке назар аударуды қойып, достарыңызға қоңырау шалсаңыз, көңіл күйіңіз бірден көтеріледі. Ауа райына сай киінуге тырысыңыз және "журналдағы" сәнді қумай, денсаулығыңызға мән беріңіз. Қаржылық мәслелерге баса мән беріңіз, өзіңіз үшін тиімді сауда жасау мүмкіндігі туындайды. Бұл күнгі барлық сапар сәтті өтеді. Келесі ай - басшылықтың сізді жоғарылату туралы шешім қабылдайтын шешуші уақыты. Бұл - өзіңіздің жақсы маман екеніңізді дәлелдеуге берілген мүмкіндік. Қарым-қатынаста өзара бір ортақ шешімге келу маңызды. Өз пікіріңізді ғана басшылыққа алып, дауласа бермеңіз. Ақылға құлақ асыңыз, өз күшіңізді асыра бағаламаңыз, әсіресе қаржы мәселесінде. Жағдайды дұрыс бағалауға тырысыңыз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2033748-bugingi-zuldyz-zoramal-25-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
25 тамыз 2023, 00:01
kk
Конференция лигасы: "Астана" жеңіске жетіп, "Тобыл" есе жіберді
УЕФА Конференция лигасында сынға түсіп жатқан "Астана" өз алаңында албаниялық "Партизаниді" жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Ойындағы жалғыз голды матчтың 41-минутында Степан Лончар соқты. Ал Абат Айымбетов пен Марин Томасовтың соққан голдарын төреші есепке алған жоқ. Қарымта матч 31 тамыз күні Албанияның Тирани қаласында өтеді. Қостанайлық "Тобыл" чехиялық "Викторияға" өз алаңында 1:2 есебімен жол берді. "Тобыл" сапынан Серж Дебле пенальтиді сәтті орындаған. Қарымта кездесу 31 тамызда сырт алаңда өтеді.
УЕФА Конференция лигасында сынға түсіп жатқан "Астана" өз алаңында албаниялық "Партизаниді" жеңді. Бұл туралы хабарлайды. Ойындағы жалғыз голды матчтың 41-минутында Степан Лончар соқты. Ал Абат Айымбетов пен Марин Томасовтың соққан голдарын төреші есепке алған жоқ. Қарымта матч 31 тамыз күні Албанияның Тирани қаласында өтеді. Қостанайлық "Тобыл" чехиялық "Викторияға" өз алаңында 1:2 есебімен жол берді. "Тобыл" сапынан Серж Дебле пенальтиді сәтті орындаған.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033889-konferenciya-ligasy-astana-zeniske-zetip-tobyl-ese-ziberdi/
24 тамыз 2023, 23:15
kk
Атырауда тек қана қыздар оқитын мектеп сот үкімімен қызметін тоқтатты
Атырауда 7-сынып оқушыларын лицензиясыз оқытқан қыздар мектебі жұмысын тоқтатты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Атырау облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті" ММ-нің "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" ЖШС-не серіктестік қызметін тоқтату туралы талап қою бойынша азаматтық іс қаралды. "Сотпен анықталғаны, "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" ЖШС заңды тұлға ретінде 2022 жылғы 18 маусымда лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрімен Азаматтарға арналған үкіметте тіркелген. Алайда Атырау қаласында 2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйегінде мектеп өз қызметін 7 сыныптан бастап 117 баланы қабылдап, жеке білім беру ұйымы ретінде бастаған. Іс құжаттарымен, "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" ЖШС тарапынан Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасын бұзуға, атап айтқанда лицензия болмаған кезде қызметті жүзеге асыруға жол берілді. Соттың 2023 жылғы 13 шілдедегі шешімімен талап қанағаттандырылды, "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" ЖШС-нің білім беру қызметі тоқтатылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ", - делінген Атырау облыстық соты таратқан хабарламада.
Атырауда 7-сынып оқушыларын лицензиясыз оқытқан қыздар мектебі жұмысын тоқтатты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады . Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Атырау облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті" ММ-нің "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" ЖШС-не серіктестік қызметін тоқтату туралы талап қою бойынша азаматтық іс қаралды. "Сотпен анықталғаны, "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" ЖШС заңды тұлға ретінде 2022 жылғы 18 маусымда лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрімен Азаматтарға арналған үкіметте тіркелген. Алайда Атырау қаласында 2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйегінде мектеп өз қызметін 7 сыныптан бастап 117 баланы қабылдап, жеке білім беру ұйымы ретінде бастаған. Іс құжаттарымен, "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" ЖШС тарапынан Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасын бұзуға, атап айтқанда лицензия болмаған кезде қызметті жүзеге асыруға жол берілді. Соттың 2023 жылғы 13 шілдедегі шешімімен талап қанағаттандырылды, "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" ЖШС-нің білім беру қызметі тоқтатылды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033886-atyrauda-tek-qana-qyzdar-oqityn-mektep-sot-ukimimen-qyzmetin-toqtatty/
24 тамыз 2023, 23:04
kk
"Тағдырлы адам еді": Путин ұшақ апатынан соң алғаш рет Пригожин туралы сөз қозғады
Ресей президенті Владимир Путин Тверь облысындағы ұшақ апатынан соң алғаш рет Евгений Пригожин туралы сөз қозғады. Бұл туралы РБК порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Путин ұшақ апатын үлкен қайғылы жағдайға теңеп, Евгений Пригожинді табысты әрі тағдырлы адам деп атады. "Ұшақ апатына келер болсам, ең алдымен марқұмдардың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Пригожинді мен баяғыдан, тоқсаныншы жылдардың басынан білемін. Ол тағдыры қиын адам еді, өзіне тән қателіктері де, жетістіктері де болды. Ол соңғы кездері мен айтқан соң, ортақ істерге де барын салды. Ол талантты адам, талантты бизнесмен болатын", - деді Путин. Айта кетелік, 23 тамыз күні Евгений Пригожин мінген жеке ұшақ апатқа ұшырап, жалпы есебі он адам қайтыс болды.
Ресей президенті Владимир Путин Тверь облысындағы ұшақ апатынан соң алғаш рет Евгений Пригожин туралы сөз қозғады. Бұл туралы РБК порталына сілтеме жасаған хабарлайды. Путин ұшақ апатын үлкен қайғылы жағдайға теңеп, Евгений Пригожинді табысты әрі тағдырлы адам деп атады. "Ұшақ апатына келер болсам, ең алдымен марқұмдардың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Пригожинді мен баяғыдан, тоқсаныншы жылдардың басынан білемін. Ол тағдыры қиын адам еді, өзіне тән қателіктері де, жетістіктері де болды. Ол соңғы кездері мен айтқан соң, ортақ істерге де барын салды. Ол талантты адам, талантты бизнесмен болатын", - деді Путин.
Әлемде
false
https://kaz.nur.kz/world/2033885-tagdyrly-adam-edi-putin-usaq-apatynan-son-algas-ret-prigozin-turaly-soz-qozgady/
24 тамыз 2023, 22:52
kk
Қостанайда үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен 3 жасар қыз аман қалды
Қостанайда үшінші қабаттың терезесінен 3 жасар қыз құлап түсті. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. "22 тамыз күні сағат 13:30-да 9 шағын аудандағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан 2019 жылы туған қыз бала құлап түсті. Оқыс оқиға кезінде бала ересектердің қарауынсыз болған. Зардап шегуші қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оған мидың шайқалуы, қабақтың ашық жарасы, іштің доғал жарақаты диагнозын қойды. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда. Айта кету керек, бұл биыл Қостанайда болған жетінші және облыста орын алған 13-жағдай", - делінген хабарламада.
Қостанайда үшінші қабаттың терезесінен 3 жасар қыз құлап түсті. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. "22 тамыз күні сағат 13:30-да 9 шағын аудандағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан 2019 жылы туған қыз бала құлап түсті. Оқыс оқиға кезінде бала ересектердің қарауынсыз болған. Зардап шегуші қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оған мидың шайқалуы, қабақтың ашық жарасы, іштің доғал жарақаты диагнозын қойды. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033880-qostanaida-usinsi-qabattyn-terezesinen-qulap-ketken-3-zasar-qyz-aman-qaldy/
24 тамыз 2023, 21:45
kk
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тұңғыш басшысы Болат Баекенов өмірден өтті
Әскери қайраткер, генерал-лейтенант, әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік қызметін басқарған Болат Баекенов қайтыс болды. Қаралы хабарды Мемлекеттік күзет қызметі жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Бүгін ұзаққа созылған науқастан кейін еліміздің арнаулы мемлекеттік органдар ардагері генерал-лейтенант Болат Баекенов қайтыс болды. Болат Әбдірахманұлы әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Ішкі істер министрлігін басқарды, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 1997-2001 жылдары генерал-лейтенант Қазақстан президентінің күзет қызметіне жетекшілік етіп, ведомствоның дамуына зор үлес қосты. Мемлекеттік күзет қызметі генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Әскери қайраткер, генерал-лейтенант, әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік қызметін басқарған Болат Баекенов қайтыс болды. Қаралы хабарды Мемлекеттік күзет қызметі жариялады, деп жазады . "Бүгін ұзаққа созылған науқастан кейін еліміздің арнаулы мемлекеттік органдар ардагері генерал-лейтенант Болат Баекенов қайтыс болды. Болат Әбдірахманұлы әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Ішкі істер министрлігін басқарды, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 1997-2001 жылдары генерал-лейтенант Қазақстан президентінің күзет қызметіне жетекшілік етіп, ведомствоның дамуына зор үлес қосты.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033881-ulttyq-qauipsizdik-komitetinin-tungys-bassysy-bolat-baekenov-omirden-otti/
24 тамыз 2023, 21:03
kk
Қазақстандықтар көбіне қандай аурудан қайтыс болады
Отандастарымыз жиі шалдығатын ауру түрлері белгілі болды. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлайды. "2021 жылмен салыстырғанда өткен жылы ауруға шалдығу көрсеткіші 5,7%-ға төмендеп, 48301,40 құрады. Соңғы жылдары азаматтар көбіне тыныс алу органдары ауруларына жиі ұшырайды (2021 жылы – 21964,12, 2022 жылы – 18883,3). Екінші орында - ас қорыту жүйесінің аурулары (2021 жылы – 3981,2, 2022 жылы – 3691). Отандастарымыз жиі шалдығатын келесі дерт қан айналымы жүйесіне қатысты (2021 жылы – 3000,6, 2022 жылы –2759,6)", - делінген Денсаулық сақтау министрлігі берген жауапта. Сондай-ақ, аталған ведомство ұлттық статистика бюросының биылғы 6 айдағы өлім-жітім жайлы мәліметін ұсынды. "Өлім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 9,3% төмендеді. Өлім-жітімге жиі алып келетін - қан айналым жүйесі аурулары. Аталған дерттен биыл 6 айда 147,22 адам қайтыс болған. Екінші орында - қатерлік ісік түрлері, биыл жарты жылда 66,13 өлім тіркелді. Үшінші кезекте тыныс алу органдары аурулары, ол 64,42 адамды өлімге алып келген", - дейді министрліктен. Айта кетсек, биыл жарты жылда медицина сапасына 4,6 мыңнан астам шағым түскен.
Отандастарымыз жиі шалдығатын ауру түрлері белгілі болды. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлайды. "2021 жылмен салыстырғанда өткен жылы ауруға шалдығу көрсеткіші 5,7%-ға төмендеп, 48301,40 құрады. Соңғы жылдары азаматтар көбіне тыныс алу органдары ауруларына жиі ұшырайды (2021 жылы – 21964,12, 2022 жылы – 18883,3). Екінші орында - ас қорыту жүйесінің аурулары (2021 жылы – 3981,2, 2022 жылы – 3691). Отандастарымыз жиі шалдығатын келесі дерт қан айналымы жүйесіне қатысты (2021 жылы – 3000,6, 2022 жылы –2759,6)", - делінген Денсаулық сақтау министрлігі берген жауапта. Сондай-ақ, аталған ведомство ұлттық статистика бюросының биылғы 6 айдағы өлім-жітім жайлы мәліметін ұсынды. "Өлім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 9,3% төмендеді. Өлім-жітімге жиі алып келетін - қан айналым жүйесі аурулары. Аталған дерттен биыл 6 айда 147,22 адам қайтыс болған. Екінші орында - қатерлік ісік түрлері, биыл жарты жылда 66,13 өлім тіркелді. Үшінші кезекте тыныс алу органдары аурулары, ол 64,42 адамды өлімге алып келген", - дейді министрліктен.
Денсаулық
false
https://kaz.nur.kz/health/2033878-qazaqstandyqtar-kobine-qandai-aurudan-qaitys-bolady/
24 тамыз 2023, 20:42
kk
Атыраулық жасөспірімге ұшақ бортында темекі шеккені үшін айыппұл салынды
Атыраулық 17 жастағы жасөспірім ұшақ бортында темекі шеккені ата-анасымен бірге әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады. Медиа-порталдың мәліметінше, Air Astana әуе компаниясының “Атырау – Алматы” бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе кемесі командирінің актісі бойынша құқық бұзушыны анықтады. Басылымның жазуынша, ұшу кезінде әуе кемесінің дәретханасында темекі өнімдерін тұтынған Атырау қаласының 17 жастағы тұрғыны болып шықты. "Аталған құқық бұзушы заңды өкілдерінің қатысуымен ӘҚБтК-тің 441-бабының 1, 2-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылып, оған 10 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жәсөспірімнің заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", - деді ІІМ өкілдері.
Атыраулық 17 жастағы жасөспірім ұшақ бортында темекі шеккені ата-анасымен бірге әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы ақпараттық медиа-порталы хабарлады. Медиа-порталдың мәліметінше, Air Astana әуе компаниясының “Атырау – Алматы” бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе кемесі командирінің актісі бойынша құқық бұзушыны анықтады. Басылымның жазуынша, ұшу кезінде әуе кемесінің дәретханасында темекі өнімдерін тұтынған Атырау қаласының 17 жастағы тұрғыны болып шықты. "Аталған құқық бұзушы заңды өкілдерінің қатысуымен ӘҚБтК-тің 441-бабының 1, 2-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылып, оған 10 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033872-atyraulyq-zasospirimge-usaq-bortynda-temeki-sekkeni-usin-aiyppul-salyndy/
24 тамыз 2023, 19:55
kk
Алматыда екі көліктің үстіне ағаш құлады (фото)
Бүгін түс кезінде Алматының Алмалы ауданында ағаш бірден екі көліктің үстіне құлады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. ТЖД мәліметінше, Алмалы ауданында Әди Шәріпов көшесінде бүгін, 24 тамызда сағат 13:05-те ағаш екі көліктің үстіне құлады. Тиісті хабарлама жолдан өтіп бара жатқан тұрғындардан келген. Оқиға орнын тазарту үшін Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметі жіберілді. Сондай-ақ ведомство зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп хабарлады. Еске салайық, мамыр айында Алматыдағы мейрамханалардың бірінің жазғы алаңының аумағына ағаш құлаған еді. Сол сәтте мейрамханаға келушілер болған. Сол кезде де қала әкімдігінің баспасөз қызметі зардап шеккендер болмағанын мәлімдеген еді.
Бүгін түс кезінде Алматының Алмалы ауданында ағаш бірден екі көліктің үстіне құлады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған . ТЖД мәліметінше, Алмалы ауданында Әди Шәріпов көшесінде бүгін, 24 тамызда сағат 13:05-те ағаш екі көліктің үстіне құлады. Тиісті хабарлама жолдан өтіп бара жатқан тұрғындардан келген. Оқиға орнын тазарту үшін Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметі жіберілді. Сондай-ақ ведомство зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп хабарлады. Еске салайық, мамыр айында Алматыдағы мейрамханалардың бірінің жазғы алаңының аумағына ағаш құлаған еді. Сол сәтте мейрамханаға келушілер болған.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033870-almatyda-eki-koliktin-ustine-agas-qulady-foto/
24 тамыз 2023, 19:32
kk
Зеленский Пригожин ұшағының апатқа ұшырауына қатысты пікір білдірді
Украина президенті Владимир Зеленский Евгений Пригожин қайтыс болуы мүмкін Ресейдің Тверь облысында болған ұшақ апатына өз елінің қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды РБК-Украина ақпараттық агенттігі. Зеленский оқиға туралы Португалия басшысымен өткен баспасөз мәслихатында айтты. "Украина әлем елдеріне әуе кемелеріне қатысты үндеу жасағанда, біз бұл туралы айтқымыз келмеген. Біз басқа нәрсені ойладық және қолдауды қаладық. Біріншіден, бұл жағдайға біздің ешқандай қатысымыз жоқ, бұл - анық. Менің ойымша, барлығы кімнің қатысы бар екенін біледі", - деді ол. Еске сала кетейік, 23 тамызда кешкісін Ресейдің Тверь облысында Мәскеуден Санкт-Петербургке бағыт алған жекеменшік Embraer Legacy ұшағы құлаған болатын. Кей мәліметтерге сәйкес, ұшақтың ішінде "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин болуы мүмкін. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 10 адам болған. Оның үшеуі экипаж мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша 10 адамның барлығы да көз жұмған. Бейсенбіге қараған түні Росавиация ұшақ апатынан қаза болған адамдардың тізімін жариялады. Оның ішінде Евгений Пригожиннің де есімі бар. Бұл ретте "BBC-дің Орыс қызметінің" жазуынша, апат кезінде Евгений Пригожиннің қаза болғанын бірнеше БАҚ хабарлаған.
Украина президенті Владимир Зеленский Евгений Пригожин қайтыс болуы мүмкін Ресейдің Тверь облысында болған ұшақ апатына өз елінің қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды РБК-Украина ақпараттық агенттігі. Зеленский оқиға туралы Португалия басшысымен өткен баспасөз мәслихатында айтты. "Украина әлем елдеріне әуе кемелеріне қатысты үндеу жасағанда, біз бұл туралы айтқымыз келмеген. Біз басқа нәрсені ойладық және қолдауды қаладық. Біріншіден, бұл жағдайға біздің ешқандай қатысымыз жоқ, бұл - анық. Менің ойымша, барлығы кімнің қатысы бар екенін біледі", - деді ол. Еске сала кетейік, 23 тамызда кешкісін Ресейдің Тверь облысында Мәскеуден Санкт-Петербургке бағыт алған жекеменшік Embraer Legacy ұшағы құлаған болатын. Кей мәліметтерге сәйкес, ұшақтың ішінде "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин болуы мүмкін. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 10 адам болған. Оның үшеуі экипаж мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша 10 адамның барлығы да көз жұмған. Бейсенбіге қараған түні Росавиация ұшақ апатынан қаза болған адамдардың тізімін жариялады. Оның ішінде Евгений Пригожиннің де есімі бар.
Әлемде
false
https://kaz.nur.kz/world/2033867-zelenskii-prigozin-usagynyn-apatqa-usyrauyna-qatysty-pikir-bildirdi/
24 тамыз 2023, 19:11
kk
"Сүйінші": Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады (видео)
Бүгін ерлі-зайыпты Раим мен Ерке Есмахан көпшілікке алғашқы бірге орындаған әндерін ұсынды. "Бұл махаббат" деп аталатын әннің бейнебаянынан Ерке Есмаханның аяғы ауыр екенін көруге болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бейнебаянның жарық көргенін қос әнші өздерінің Instagram парақшаларында хабарлады. "Сүйінші", - деп жазды Ерке Есмахан. Ал Youtube желісінде бейнебаянды көргендер бұл жаңалыққа қуанышты екендерін жеткізді. "Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт", "Керемет, сіздерді жақсы көремін", "Жарайсыздар", "Бөпеңізді аман-есен қолыңызға алыңыз", "Еркеге аяғы ауыр болған күшті жарасады, көзімнен жас шығып кетті", - деп жазуда көпшілік. Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтар айында қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет желіге тарап, кейінірек Раим бұл ақпаратты растаған болатын. Ал арада бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.
Бүгін ерлі-зайыпты Раим мен Ерке Есмахан көпшілікке алғашқы бірге орындаған әндерін ұсынды. "Бұл махаббат" деп аталатын әннің бейнебаянынан Ерке Есмаханның аяғы ауыр екенін көруге болады, деп жазады . Бейнебаянның жарық көргенін қос әнші өздерінің Instagram парақшаларында хабарлады. "Сүйінші", - деп жазды Ерке Есмахан. Ал Youtube желісінде бейнебаянды көргендер бұл жаңалыққа қуанышты екендерін жеткізді. "Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт", "Керемет, сіздерді жақсы көремін", "Жарайсыздар", "Бөпеңізді аман-есен қолыңызға алыңыз", "Еркеге аяғы ауыр болған күшті жарасады, көзімнен жас шығып кетті", - деп жазуда көпшілік. Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтар айында қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет желіге тарап, кейінірек Раим бұл ақпаратты растаған болатын.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033862-suiinsi-raim-men-erke-esmaxan-zuyrda-sabili-bolatynyn-xabarlady-video/
24 тамыз 2023, 18:58
kk
Тоқаев БРИКС саммитінде қандай мәселелерді көтерді
Мемлекет басшысы 15-ші БРИКС саммиті аясында Йохханесбургте өткен мемлекеттер басшыларының "БРИКС Плюс диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысып, форумда Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады. Президент форумда Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйледі. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирила Рамафосаға шақырту үшін алғыс айтты. Сондай-ақ бүгінгі саммит БРИКС-тің рөлін елеулі түрде күшейтіп, жаһандағы көптеген өзекті мәселені шешуге ықпал ететінін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл маңызды шара халықаралық аренадағы жағдай шиеленіскен кезеңде өтіп жатыр. Оның сипаттары саяси қысым жасаудан, конфронтациядан және жаппай санкция салудан көрінеді. Бұл ретте президент өңіраралық ынтымақтастықтың перспективасы жөнінде өз көзқарасын білдірді. "Бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының уақыт өткен сайын артып келе жатқан беделі кең көлемде мойындалып отыр. Ұйым адами ресурстары, табиғи байлығы және технологиялық әлеуеті орасан зор, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдерді біріктіреді. Қазақстан, Ұйымның негізін қалаушылардың бірі ретінде, өзінің төрағалық ету кезеңінде ШЫҰ-ны алдымыздағы сын-қатерлерге төтеп беретін анағұрлым тиімді алаңға айналдыруды көздеп отыр. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы көпжақты қарым-қатынасты және өңірлік деңгейдегі ынтымақтастықты дамытуда мол тәжірибе жинады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. БРИКС пен ШЫҰ-ға ортақ мүдделер мен басымдықтарды ескере отырып, Президент мынадай негізгі бағыттар бойынша күш біріктіруді ұсынды. "Біз бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің БҰҰ Жарғысына негізделген лайықты формуласын іздеуіміз керек. Осы мақсатта мен биылғы ШЫҰ саммитінде "Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы" бастама көтердім. Бұл бастама жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау ісін ілгерілетуге, сондай-ақ анағұрлым рационалды әлемдік саяси және экономикалық тәртіпті қалыптастыруға бағытталған", – деді мемлекет басшысы. Президенттің пікірінше, БРИКС және БРИКС Плюс құрамындағы серіктестер осы бастаманы жүзеге асыру ісінде бірлесе әрекет ете алады. Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ, БРИКС және "БРИКС Плюс" құрамындағы елдердің өте маңызды саналатын цифрлық орта, электрондық коммерция, киберқауіпсіздік салаларындағы әлеуеттерін біріктіріп, ақпарат алмасу ісін кеңейтуді ұсынды. Сондай-ақ Президент барша серіктестерді «"Солтүстік-Шығыс" және "Шығыс-Батыс" көлік дәліздеріне қатысты экономикалық, сауда, көлік және инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды. "Аса маңызды "Бір белдеу – бір жол" бастамасын толықтыратын Транскаспий халықаралық көлік дәлізі сауда саласындағы ынтымақтастыққа кең мүмкіндік ашады. Мұндай ықпалдастық өңіраралық сауда-саттықтың дамуына және біздің аймақтардың көлік-транзит әлеуетін толық танытуға септігін тигізеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы әлемдегі климаттың өзгеру проблемасына тоқталды. "Климаттың өзгеруі жаһандық ауқымдағы теріс салдарға әкеліп соғатыны баршамызға мәлім. Соңғы бірнеше жылда Жаһандық Оңтүстік және Орталық Азия елдерінде өте қатты қуаншылық белең алып, басқа да табиғат апаттар жиілеп кетті. Осыған орай Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымында 2024 жылды "Экология жылы" деп жариялауды ұсынып, осы өзекті проблеманы шешу жолындағы ортақ күш-жігерді ұйымдастыруға дайын екенін білдірді. ШЫҰ-ның Экология жылын өткізу жөніндегі іс-қимыл жоспары – уақтылы көтерілген бастама. Бұл бастама БРИКС-ке мүше мемлекеттер тарапынан да қолдау табады деп үміттенемін", – деді президент. Мемлекет басшысы сондай-ақ жаһандық күн тәртібінде айрықша маңызға ие бола бастаған азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін көтерді. Президент бүгінде әлемдегі азық-түлік өндіруші төрт ірі елдің үшеуі – БРИКС мүшелері екеніне, ал БРИКС елдерінің ауыл шаруашылығы саласындағы ЖІӨ-нің жиынтық мөлшері әлемдік көрсеткіштің жартысынан асатынына назар аударды. Осыған байланысты елдеріміз арасындағы азық-түлік теңгерімсіздігін азайту үшін тиісті шаралар қабылдау қажет екенін айтты. "Біз әлемдегі азық-түлік пен тыңайтқыш жеткізу ісіне саясатты араластырмай, оларды кез келген санкциялар мен шектеулер ықпалынан босатуымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент Қазақстанның БРИКС елдерімен және Африка одағымен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан қатысушы мемлекет ретінде БРИКС әлеуетін арттыруға үлес қосқысы келеді. "Мен жаһандық қауіпсіздікті, орнықты дамуды және инклюзивтілікті қамтамасыз етуге бағытталған ұжымдық күш-жігерді арттыру қажет екеніне сенімдімін", – деді президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиді Айдың Оңтүстік полюсіне таяу жерге үндістандық ғарыш аппаратының сәтті қонуымен шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар жиында Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирил Рамафоса, Бразилия президенті Лулу да Силва, Ресей президенті Владимир Путин, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Индонезия президенті – Оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) төрағасы Джоко Видодо және тағы басқалары сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы 15-ші БРИКС саммиті аясында Йохханесбургте өткен мемлекеттер басшыларының "БРИКС Плюс диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысып, форумда Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады. Президент форумда Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйледі. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирила Рамафосаға шақырту үшін алғыс айтты. Сондай-ақ бүгінгі саммит БРИКС-тің рөлін елеулі түрде күшейтіп, жаһандағы көптеген өзекті мәселені шешуге ықпал ететінін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл маңызды шара халықаралық аренадағы жағдай шиеленіскен кезеңде өтіп жатыр. Оның сипаттары саяси қысым жасаудан, конфронтациядан және жаппай санкция салудан көрінеді. Бұл ретте президент өңіраралық ынтымақтастықтың перспективасы жөнінде өз көзқарасын білдірді. "Бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының уақыт өткен сайын артып келе жатқан беделі кең көлемде мойындалып отыр. Ұйым адами ресурстары, табиғи байлығы және технологиялық әлеуеті орасан зор, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдерді біріктіреді. Қазақстан, Ұйымның негізін қалаушылардың бірі ретінде, өзінің төрағалық ету кезеңінде ШЫҰ-ны алдымыздағы сын-қатерлерге төтеп беретін анағұрлым тиімді алаңға айналдыруды көздеп отыр. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы көпжақты қарым-қатынасты және өңірлік деңгейдегі ынтымақтастықты дамытуда мол тәжірибе жинады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. БРИКС пен ШЫҰ-ға ортақ мүдделер мен басымдықтарды ескере отырып, Президент мынадай негізгі бағыттар бойынша күш біріктіруді ұсынды. "Біз бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің БҰҰ Жарғысына негізделген лайықты формуласын іздеуіміз керек. Осы мақсатта мен биылғы ШЫҰ саммитінде "Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы" бастама көтердім. Бұл бастама жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау ісін ілгерілетуге, сондай-ақ анағұрлым рационалды әлемдік саяси және экономикалық тәртіпті қалыптастыруға бағытталған", – деді мемлекет басшысы. Президенттің пікірінше, БРИКС және БРИКС Плюс құрамындағы серіктестер осы бастаманы жүзеге асыру ісінде бірлесе әрекет ете алады. Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ, БРИКС және "БРИКС Плюс" құрамындағы елдердің өте маңызды саналатын цифрлық орта, электрондық коммерция, киберқауіпсіздік салаларындағы әлеуеттерін біріктіріп, ақпарат алмасу ісін кеңейтуді ұсынды. Сондай-ақ Президент барша серіктестерді «"Солтүстік-Шығыс" және "Шығыс-Батыс" көлік дәліздеріне қатысты экономикалық, сауда, көлік және инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды. "Аса маңызды "Бір белдеу – бір жол" бастамасын толықтыратын Транскаспий халықаралық көлік дәлізі сауда саласындағы ынтымақтастыққа кең мүмкіндік ашады. Мұндай ықпалдастық өңіраралық сауда-саттықтың дамуына және біздің аймақтардың көлік-транзит әлеуетін толық танытуға септігін тигізеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы әлемдегі климаттың өзгеру проблемасына тоқталды. "Климаттың өзгеруі жаһандық ауқымдағы теріс салдарға әкеліп соғатыны баршамызға мәлім. Соңғы бірнеше жылда Жаһандық Оңтүстік және Орталық Азия елдерінде өте қатты қуаншылық белең алып, басқа да табиғат апаттар жиілеп кетті. Осыған орай Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымында 2024 жылды "Экология жылы" деп жариялауды ұсынып, осы өзекті проблеманы шешу жолындағы ортақ күш-жігерді ұйымдастыруға дайын екенін білдірді. ШЫҰ-ның Экология жылын өткізу жөніндегі іс-қимыл жоспары – уақтылы көтерілген бастама. Бұл бастама БРИКС-ке мүше мемлекеттер тарапынан да қолдау табады деп үміттенемін", – деді президент. Мемлекет басшысы сондай-ақ жаһандық күн тәртібінде айрықша маңызға ие бола бастаған азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін көтерді. Президент бүгінде әлемдегі азық-түлік өндіруші төрт ірі елдің үшеуі – БРИКС мүшелері екеніне, ал БРИКС елдерінің ауыл шаруашылығы саласындағы ЖІӨ-нің жиынтық мөлшері әлемдік көрсеткіштің жартысынан асатынына назар аударды. Осыған байланысты елдеріміз арасындағы азық-түлік теңгерімсіздігін азайту үшін тиісті шаралар қабылдау қажет екенін айтты. "Біз әлемдегі азық-түлік пен тыңайтқыш жеткізу ісіне саясатты араластырмай, оларды кез келген санкциялар мен шектеулер ықпалынан босатуымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент Қазақстанның БРИКС елдерімен және Африка одағымен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан қатысушы мемлекет ретінде БРИКС әлеуетін арттыруға үлес қосқысы келеді. "Мен жаһандық қауіпсіздікті, орнықты дамуды және инклюзивтілікті қамтамасыз етуге бағытталған ұжымдық күш-жігерді арттыру қажет екеніне сенімдімін", – деді президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиді Айдың Оңтүстік полюсіне таяу жерге үндістандық ғарыш аппаратының сәтті қонуымен шын жүректен құттықтады.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033863-toqaev-briks-sammitinde-qandai-maselelerdi-koterdi/
24 тамыз 2023, 18:17
kk
Қазақстанда 5G технологиясын енгізу: жоғары жылдамдықтағы интернет енді үйлерге де тартылмақ
Қазақстанда 5G мобильді интернет желілері енді үйлерге да тартылады. Бұл туралы Kcell Eurasian Mobile Summit 2023 халықаралық телекоммуникациялық конференциясы кезінде белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Алматыда өтіп жатқан Kcell Eurasian Mobile Summit 2023 ауқымды шарасына әлемнің түкпір-түкпірінен мыңнан астам спикер қатысып, телекоммуникация саласына қатысты көптеген маңызды мәселені талқылады. Басты тақырыптардың қатарында жасанды интеллект және 5G дәуіріндегі бизнесті дамыту, елдегі байланыс сапасын арттыру, телекоммуникация және өнеркәсіп саласында генеративті жасанды интеллект пен заттар интернетін енгізу, жаңа цифрлық дағдылар сынды мәселелер болды. Еліміздегі үш ірі байланыс операторы - «Кселл» АҚ, «Beeline Қазақстан» және Tele2/Altel жетекшілері қатысқан панельдік сессия барысында Қазақстандағы аса өзекті тақырыптар - тарифтердің өсуі, соңғы жылдары ұялы деректерге сұраныстың артуы, сондай-ақ 5G дамуы мен оны енгізуге қатысты проблемалар қозғалды. Айта кету керек, бүгінде Алматы, Астана, Шымкент және Түркістан қалаларында 200-ге жуық 5g базалық станциясы жұмыс істеп тұр.«Қазақтелеком» компаниялар тобына кіретін «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Өзбековтің айтуынша, бүгінгі таңда бұл жұмыстар Tele2/Altel-мен бірлесе атқарылуда. «Біз Tele2/Altel-мен бірге желі құрып, бір базалық станцияда өткізу қабілеттілігін екі есе арттыруға мүмкіндік беретін жиілік ресурсын біріктіріп жатырмыз», - деген ол бұл іс шығындарды оңтайландыру тұрғысынан да, тұтынушыларға жақсырақ қызмет көрсету тұрғысынан да пайдалы екенін жеткізді. Ал Tele2/Altel бас директоры Сергей Коньков болса, технология іс жүзінде операторларға трафиктің анағұрлым үлкен көлемін сіңіруге мүмкіндік беретінін айтты. Бұл қазір ең заманауи әдіс болып саналады, дейді ол. «Бізде бір-бірімізбен бәсекелесудің екі жолы бар. Желі құрыңыз және өнімдер жасаңыз, басқаларға қарағанда тиімдірек ұсыныстар дайындаңыз. Бұл мәселені шешеді», - деп түсіндірді Сергей Коньков. Сонымен бірге Коньков болашақта бұл желілер арқылы жаңа қызметтер ұсыну мүмкіндігі барын айтты. Мәселен, егер бұрын 5G белгілі бір қалалық жерлерде ғана қолжетімді болса, қазір 5G-ді үйлерге тартуға дайындық жүргізілуде. 5G Kcell жобасының директоры Магомедгирей Катиевтің сөзінше, қыркүйек айында 5G аясындағы жаңа өнім жұртшылық назарына ұсынылмақ. «Қыркүйек айында біз 5G технологиясы бойынша FWA өнімін шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл үйінде талшықты-оптикалық байланыс орнатылмаған абоненттер үшін үйдегі интернетке қол жеткізуге жақсы мүмкіндік. Радиожелі арқылы Кселл оптикаға ұқсас және одан да жоғары жылдамдықтағы үйдегі интернетті ұсынады. FWA артықшылығына келер болсақ, сымдарды тарту, қабырғаларды бұрғылау қажет емес», - дейді Катиев. Қазақстанда жаңа форматтағы көптеген станцияны, сонымен бірге базалық 4G станцияларын салу жоспарланып отыр, деді өз сөзінде "Кселл" АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков: "Бұған қоса, біз 4G станциясын да салып жатырмыз, бұл жерде мен 2,5 мың жаңа базалық станция туралы айтып отырмын. Биыл компания абоненттері анағұрлым жағымды өзгерістерге куә болады деп үміттенемін", - деді компания басшысы. Дегенмен базалық станцияларды салу барысында кедергілер де жоқ емес. Beeline бас атқарушы директоры Евгений Настрадин құжат рәсімдеу өте көп уақытты қажет ететінін атап өтті. «Базалық станцияның құрылысына құжат рәсімдеу 5-9 қабатты үйге құжат рәсімдеу сияқты күрделі. Бұл процесс 6-9 айға созылады. Мобильді интернетті тұтынудың қазіргі қарқыны үшін бұл тым ұзақ. Егер реттеуші бұл процесті жеңілдете алса, біз құрылысты тезірек жүргізе аламыз, демек байланыс сапасы бойынша оңтайлы жұмыс істей аламыз», - дейді ол. Бұл ретте саммитте сөз алған шетелдік сарапшы, APAC 5G Forum қауымдастығының жетекшісі және GSMA-ның Солтүстік-Шығыс Азиядағы басшысы Джонни Ким 4G-ді дамытуды да ұмытпауды еске салды. Сөзінше, бұл желіні ескерусіз қалдырмаған жөн. «Бұл бағытты одан әрі ілгерілету және дамыту үшін бүкіл экожүйені бірге қарау маңызды. Ұялы байланыс операторлары үшін мемлекетпен бірлесе жұмыс істеп, бірінші кезекте өз тұтынушыларына көңіл бөлу маңызды», - деп ой бөлісті маман. Айта кету керек, іс-шараны Қазақстандық Kcell ірі IT-компаниясы және цифрлық оператор, сондай-ақ конференцияның бағдарламалық серіктесі - MOST холдингі ұйымдастырған. *Серіктес материалы.
Қазақстанда 5G мобильді интернет желілері енді үйлерге да тартылады. Бұл туралы Kcell Eurasian Mobile Summit 2023 халықаралық телекоммуникациялық конференциясы кезінде белгілі болды, деп хабарлайды тілшісі. Алматыда өтіп жатқан Kcell Eurasian Mobile Summit 2023 ауқымды шарасына әлемнің түкпір-түкпірінен мыңнан астам спикер қатысып, телекоммуникация саласына қатысты көптеген маңызды мәселені талқылады. Басты тақырыптардың қатарында жасанды интеллект және 5G дәуіріндегі бизнесті дамыту, елдегі байланыс сапасын арттыру, телекоммуникация және өнеркәсіп саласында генеративті жасанды интеллект пен заттар интернетін енгізу, жаңа цифрлық дағдылар сынды мәселелер болды. Еліміздегі үш ірі байланыс операторы - «Кселл» АҚ, «Beeline Қазақстан» және Tele2/Altel жетекшілері қатысқан панельдік сессия барысында Қазақстандағы аса өзекті тақырыптар - тарифтердің өсуі, соңғы жылдары ұялы деректерге сұраныстың артуы, сондай-ақ 5G дамуы мен оны енгізуге қатысты проблемалар қозғалды. Айта кету керек, бүгінде Алматы, Астана, Шымкент және Түркістан қалаларында 200-ге жуық 5g базалық станциясы жұмыс істеп тұр.«Қазақтелеком» компаниялар тобына кіретін «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Өзбековтің айтуынша, бүгінгі таңда бұл жұмыстар Tele2/Altel-мен бірлесе атқарылуда. «Біз Tele2/Altel-мен бірге желі құрып, бір базалық станцияда өткізу қабілеттілігін екі есе арттыруға мүмкіндік беретін жиілік ресурсын біріктіріп жатырмыз», - деген ол бұл іс шығындарды оңтайландыру тұрғысынан да, тұтынушыларға жақсырақ қызмет көрсету тұрғысынан да пайдалы екенін жеткізді. Ал Tele2/Altel бас директоры Сергей Коньков болса, технология іс жүзінде операторларға трафиктің анағұрлым үлкен көлемін сіңіруге мүмкіндік беретінін айтты. Бұл қазір ең заманауи әдіс болып саналады, дейді ол. «Бізде бір-бірімізбен бәсекелесудің екі жолы бар. Желі құрыңыз және өнімдер жасаңыз, басқаларға қарағанда тиімдірек ұсыныстар дайындаңыз. Бұл мәселені шешеді», - деп түсіндірді Сергей Коньков. Сонымен бірге Коньков болашақта бұл желілер арқылы жаңа қызметтер ұсыну мүмкіндігі барын айтты. Мәселен, егер бұрын 5G белгілі бір қалалық жерлерде ғана қолжетімді болса, қазір 5G-ді үйлерге тартуға дайындық жүргізілуде. 5G Kcell жобасының директоры Магомедгирей Катиевтің сөзінше, қыркүйек айында 5G аясындағы жаңа өнім жұртшылық назарына ұсынылмақ. «Қыркүйек айында біз 5G технологиясы бойынша FWA өнімін шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл үйінде талшықты-оптикалық байланыс орнатылмаған абоненттер үшін үйдегі интернетке қол жеткізуге жақсы мүмкіндік. Радиожелі арқылы Кселл оптикаға ұқсас және одан да жоғары жылдамдықтағы үйдегі интернетті ұсынады. FWA артықшылығына келер болсақ, сымдарды тарту, қабырғаларды бұрғылау қажет емес», - дейді Катиев. Қазақстанда жаңа форматтағы көптеген станцияны, сонымен бірге базалық 4G станцияларын салу жоспарланып отыр, деді өз сөзінде "Кселл" АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков: "Бұған қоса, біз 4G станциясын да салып жатырмыз, бұл жерде мен 2,5 мың жаңа базалық станция туралы айтып отырмын. Биыл компания абоненттері анағұрлым жағымды өзгерістерге куә болады деп үміттенемін", - деді компания басшысы. Дегенмен базалық станцияларды салу барысында кедергілер де жоқ емес. Beeline бас атқарушы директоры Евгений Настрадин құжат рәсімдеу өте көп уақытты қажет ететінін атап өтті. «Базалық станцияның құрылысына құжат рәсімдеу 5-9 қабатты үйге құжат рәсімдеу сияқты күрделі. Бұл процесс 6-9 айға созылады. Мобильді интернетті тұтынудың қазіргі қарқыны үшін бұл тым ұзақ. Егер реттеуші бұл процесті жеңілдете алса, біз құрылысты тезірек жүргізе аламыз, демек байланыс сапасы бойынша оңтайлы жұмыс істей аламыз», - дейді ол. Бұл ретте саммитте сөз алған шетелдік сарапшы, APAC 5G Forum қауымдастығының жетекшісі және GSMA-ның Солтүстік-Шығыс Азиядағы басшысы Джонни Ким 4G-ді дамытуды да ұмытпауды еске салды. Сөзінше, бұл желіні ескерусіз қалдырмаған жөн. «Бұл бағытты одан әрі ілгерілету және дамыту үшін бүкіл экожүйені бірге қарау маңызды. Ұялы байланыс операторлары үшін мемлекетпен бірлесе жұмыс істеп, бірінші кезекте өз тұтынушыларына көңіл бөлу маңызды», - деп ой бөлісті маман.
Қоғам
true
https://kaz.nur.kz/society/2033796-qazaqstanda-5g-texnologiyasyn-engizu-zogary-zyldamdyqtagy-internet-endi-uilerge-de-tartylmaq/
24 тамыз 2023, 18:01
kk
"Үй тауып, сонда түнеп шыққан": құтқарушылар Талғар асуында адасып кеткен кореялық туристі тапты
Құтқарушылар 23 тамызда Алматы облысындағы Талғар асуында адасып кеткен шетелдік әйелді аман-есен тапты. Бұл туралы ТЖМ ресми сайтында хабарлады. ТЖМ мәліметінше, 23 тамызда таңғы сағат 9-да Корея Республикасынан 25 адамнан тұратын делегация "Комби-1" аспалы жолымен көтеріліп, Талғар асуына жаяу жеткен. Гид туристерге бос уақыт берген және Шымбұлаққа түсу кезінде топтың бір мүшесінің жетіспейтіні белгілі болған. Ведомство ақпаратынша, 24 тамызда құтқарушыларға консулдық өкіл жүгінген. "Сағат 12:05-те әйелді іздеуге 7 адамнан, оның ішінде бір кинологиялық есептен тұратын ТЖМ РЖҚЖ (Республикалық жедел-құтқару жасағы) құтқарушылары шықты. Сағат 14:22-де құтқарушылар Сол жақ Талғардан туристті аман-есен тауып алды, ол адасып, аспалы жолмен түсуге үлгермей қалған. Сәті түсіп ол үй тауып алып, сонда түнеп шыққан. Шетелдік әйелге медициналық көмек қажет болған жоқ", - делінген хабарламада. ТЖМ құтқарушылары туристік топпен бірге тауға шығу ережесін еске салды. "Туристік құрамның қатарында міндетті түрде басшы болуы керек. Жүріп өтетін маршрутта топты таратып жіберуге болмайды. Қозғалыс қарқынын топтағы ең әлсіз адамға қарай анықтау қажет. Тек топ басшысының рұқсатымен ғана топтан ажырап кетуге немесе тұрақтауға болады", - деп ескертті құтқарушылар.
Құтқарушылар 23 тамызда Алматы облысындағы Талғар асуында адасып кеткен шетелдік әйелді аман-есен тапты. Бұл туралы ТЖМ ресми сайтында хабарлады. ТЖМ мәліметінше, 23 тамызда таңғы сағат 9-да Корея Республикасынан 25 адамнан тұратын делегация "Комби-1" аспалы жолымен көтеріліп, Талғар асуына жаяу жеткен. Гид туристерге бос уақыт берген және Шымбұлаққа түсу кезінде топтың бір мүшесінің жетіспейтіні белгілі болған. Ведомство ақпаратынша, 24 тамызда құтқарушыларға консулдық өкіл жүгінген. "Сағат 12:05-те әйелді іздеуге 7 адамнан, оның ішінде бір кинологиялық есептен тұратын ТЖМ РЖҚЖ (Республикалық жедел-құтқару жасағы) құтқарушылары шықты. Сағат 14:22-де құтқарушылар Сол жақ Талғардан туристті аман-есен тауып алды, ол адасып, аспалы жолмен түсуге үлгермей қалған. Сәті түсіп ол үй тауып алып, сонда түнеп шыққан. Шетелдік әйелге медициналық көмек қажет болған жоқ", - делінген хабарламада. ТЖМ құтқарушылары туристік топпен бірге тауға шығу ережесін еске салды. "Туристік құрамның қатарында міндетті түрде басшы болуы керек. Жүріп өтетін маршрутта топты таратып жіберуге болмайды. Қозғалыс қарқынын топтағы ең әлсіз адамға қарай анықтау қажет.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033859-ui-tauyp-sonda-tunep-syqqan-qutqarusylar-talgar-asuynda-adasyp-ketken-koreyalyq-turisti-tapty/
24 тамыз 2023, 17:59
kk
БҚО полицейлері Ауғанcтанның 10 азаматын қолға түсірді
БҚО полицейлері Қазақстан шекарасын заңсыз өтпек болған Ауған Республикасының 10 азаматын қолға түсірді. Бұл туралы ІІМ ресми жаңалықтары Telegram-дағы арнасында хабарлады. ІІМ мәліметінше, 24 тамыз "Учаске" жедел-профликалық іс-шарасын өткізу барысында ПД Бөрлі аудандық полиция қызметкерлері ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтпекші болған Ауған Республикасының 10 азаматын қолға түсірді. "Болжамды мәліметтерге сүйенсек, олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған екен", - делінген хабарламада. Полиция ұсталған азаматтарға қатысты ӘҚБтК-нің 514-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын, кейін жинақталған материалдар әрі қарай шешім шығару үшін Бөрлі аудандық сотына жолданатынын мәлімдеді.
БҚО полицейлері Қазақстан шекарасын заңсыз өтпек болған Ауған Республикасының 10 азаматын қолға түсірді. Бұл туралы ІІМ ресми жаңалықтары Telegram-дағы арнасында хабарлады. ІІМ мәліметінше, 24 тамыз "Учаске" жедел-профликалық іс-шарасын өткізу барысында ПД Бөрлі аудандық полиция қызметкерлері ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтпекші болған Ауған Республикасының 10 азаматын қолға түсірді. "Болжамды мәліметтерге сүйенсек, олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған екен", - делінген хабарламада.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033852-bqo-policeileri-auganctannyn-10-azamatyn-qolga-tusirdi/
24 тамыз 2023, 17:30
kk
"Арадағы тыныштықты сақтайық": қырғыз президенті Садыр Жапаров өзі ат мінгізген қазақ ақынына қолдау білдірді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзі ат мінгізген ақын Біржан Қалдыбаевқа қолдау көрсетті. Бұл туралы Kabar сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Бұған дейін Садыр Жапаров Қырғызстанда өзіне жыр арнаған қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа арғымақ сыйлаған болатын. Кейін Қалдыбаевтың бұл әрекетін айтыскер ақын Аманжол Әлтаев қатал сынға алып, Біржанды ақындар санатына жатқызбайтынын жеткізді. Осы жағдайға қатысты қырғыз елінің президенті Садыр Жапаров пікір білдірген. "Иә, бауырымыз Аманжол Әлтаевтың әлеуметтік желідегі үндеуін мен де оқыдым. Әрине, бұл ыңғайсыз үндеу болды. Ең алдымен "Елшіге де, әншіге де өлім жоқ" дейді. Елшілер өз жұмысын жасайды. Әншілер, тіпті ақындар өздеріне ыңғайлы жерде ән салады. Сын айтып ән салады, мадақтап ән салады, бірдеңе сұрау үшін ән салады. Одан кемшілік, саясат іздеудің қажеті жоқ. Екіншіден, ақын Біржан Қалдыбаев қырғыздың жиені. Мен қазақтың жиенімін. Біз туысқанбыз. Бесінші атам Солтонқұлдың әйелі Нооча қазақтың қызы еді. Үшіншіден, біз қырғыз-қазақша сөйлейтін халықпыз. Сол сәтте арғымак сыйға тартпасам, ол маған бір кезде ән шырқайтын еді. "Нағашым жаяу жіберді, нағашымның бір арғымаққа алы жок па?" деп айтар еді. Ол жерге қатыспасам, сол ақынның әнін естімесем, әңгіме басқа болар еді. Сондықтан Аманжол мырзаға айтарым, сіз ешқашан жайсыз жағдайға тап болған жоқсыз. Ешқандай саясат жоқ. Айтыскер ақын жиенімнің сөзіне түсіп қалмас үшін ғана арғымақ сыйға тарттым. Ал енді мен Біржан Қалдыбаевтың қандай ақын екенін де білмеймін. Мен оны бұрын да танымайтынмын. Оны көше ақыны деп атаған. Қазір көше ақыны болса, ақыры қазақ қырғыз халқына белгілі ақын болып кетер? "Бесіктегі бала патша бола ма, кім білсін, құрсағындағы бала патша бола ма, кім білсін" дейді. Ол жас бала екен. Қолдау болса ақыры атақты ақын болып шығар. Қазақ пен қырғызды бізден басқа ешкім қолдамайды. Біз бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Қазіргі әлемдік жағдай өткір. Қазақ пен қырғыздың арасына от салғысы келетін үшінші күштер әлі де жоқ емес. Біз мұндай адасушылықтан аулақ болуымыз керек. Арамыздағы тыныштықты сақтайық. Онсыз да ат төбеліндей ғана елміз", - деп жауап берді Садыр Жапаров.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзі ат мінгізген ақын Біржан Қалдыбаевқа қолдау көрсетті. Бұл туралы Kabar сайтына сілтеме жасаған хабарлайды. Бұған дейін Садыр Жапаров Қырғызстанда өзіне жыр арнаған қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа арғымақ сыйлаған болатын. Кейін Қалдыбаевтың бұл әрекетін айтыскер ақын Аманжол Әлтаев қатал сынға алып, Біржанды ақындар санатына жатқызбайтынын жеткізді. Осы жағдайға қатысты қырғыз елінің президенті Садыр Жапаров пікір білдірген. "Иә, бауырымыз Аманжол Әлтаевтың әлеуметтік желідегі үндеуін мен де оқыдым. Әрине, бұл ыңғайсыз үндеу болды. Ең алдымен "Елшіге де, әншіге де өлім жоқ" дейді. Елшілер өз жұмысын жасайды. Әншілер, тіпті ақындар өздеріне ыңғайлы жерде ән салады. Сын айтып ән салады, мадақтап ән салады, бірдеңе сұрау үшін ән салады. Одан кемшілік, саясат іздеудің қажеті жоқ. Екіншіден, ақын Біржан Қалдыбаев қырғыздың жиені. Мен қазақтың жиенімін. Біз туысқанбыз. Бесінші атам Солтонқұлдың әйелі Нооча қазақтың қызы еді. Үшіншіден, біз қырғыз-қазақша сөйлейтін халықпыз. Сол сәтте арғымак сыйға тартпасам, ол маған бір кезде ән шырқайтын еді. "Нағашым жаяу жіберді, нағашымның бір арғымаққа алы жок па?" деп айтар еді. Ол жерге қатыспасам, сол ақынның әнін естімесем, әңгіме басқа болар еді. Сондықтан Аманжол мырзаға айтарым, сіз ешқашан жайсыз жағдайға тап болған жоқсыз. Ешқандай саясат жоқ. Айтыскер ақын жиенімнің сөзіне түсіп қалмас үшін ғана арғымақ сыйға тарттым. Ал енді мен Біржан Қалдыбаевтың қандай ақын екенін де білмеймін. Мен оны бұрын да танымайтынмын. Оны көше ақыны деп атаған. Қазір көше ақыны болса, ақыры қазақ қырғыз халқына белгілі ақын болып кетер? "Бесіктегі бала патша бола ма, кім білсін, құрсағындағы бала патша бола ма, кім білсін" дейді. Ол жас бала екен. Қолдау болса ақыры атақты ақын болып шығар. Қазақ пен қырғызды бізден басқа ешкім қолдамайды. Біз бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Қазіргі әлемдік жағдай өткір. Қазақ пен қырғыздың арасына от салғысы келетін үшінші күштер әлі де жоқ емес. Біз мұндай адасушылықтан аулақ болуымыз керек. Арамыздағы тыныштықты сақтайық.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033851-aradagy-tynystyqty-saqtaiyq-qyrgyz-prezidenti-sadyr-zaparov-ozi-at-mingizgen-qazaq-aqynyn-qoldap-syqty/
24 тамыз 2023, 17:19
kk
Тоқаев Үндістанның премьер-министрін ғарыш аппаратының сәтті қонуымен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15-ші БРИКС саммиті аясында өтіп жатқан мемлекеттер басшыларының "БРИКС Плюс" диалогы отырысында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Мемлекет басшысы бүгінгі саммит БРИКС-тің рөлін елеулі түрде күшейтіп, ашық диалог пен өзара түсіністік негізінде жаһандағы көптеген өзекті мәселені шешуге көмектесе алатынын атап өтті. "Бұл саммит халықаралық аренадағы жағдай шиеленіскен кезеңде өтіп жатыр. Оның сипаттары саяси қысым жасаудан, конфронтациядан және жаппай санкция салудан көрінеді. Сондықтан мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде өңіраралық ынтымақтастықтың перспективасы мен ортақ мүдделері туралы көзқарасымызды жеткізгім келеді Осы мүмкіндікті пайдаланып, Үндістанның премьер-министрі Модиді Айдың Оңтүстік полюсіне таяу жерге үндістандық ғарыш аппаратының сәтті қонуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – тарихи уақиға", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар президент климаттың өзгеруі туралы, соңғы бірнеше жылда Жаһандық Оңтүстік және Орталық Азия елдерінде өте қатты қуаншылық белең алып, басқа да табиғат апаттар жиілеп кеткені туралы айтты. "Осыған орай Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымында 2024 жылды "Экология жылы" деп жариялауды ұсынып, осы өзекті проблеманы шешу жолындағы ортақ күш-жігерді ұйымдастыруға дайын екенін білдірді ШЫҰ-ның Экология жылын өткізу жөніндегі іс-қимыл жоспары – уақтылы көтерілген бастама. Бұл бастама БРИКС-ке мүше мемлекеттер тарапынан да қолдау табады деп үміттенемін", - деді ол. Мемлекет басшысы Қазақстан қатысушы мемлекет ретінде БРИКС әлеуетін арттыруға үлес қосқысы келетінін жеткізді. "Оңтүстік Африка Республикасы төрағалығы аясындағы "БРИКС және Африка" ұранына сай, Қазақстан да БРИКС елдерімен және Африка одағымен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылады. Мен жаһандық қауіпсіздікті, орнықты дамуды және инклюзивтілікті қамтамасыз етуге бағытталған ұжымдық күш-жігерді арттыру қажет екеніне сенімдімін", - деп аяқтады саммиттегі сөзін.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15-ші БРИКС саммиті аясында өтіп жатқан мемлекеттер басшыларының "БРИКС Плюс" диалогы отырысында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Мемлекет басшысы бүгінгі саммит БРИКС-тің рөлін елеулі түрде күшейтіп, ашық диалог пен өзара түсіністік негізінде жаһандағы көптеген өзекті мәселені шешуге көмектесе алатынын атап өтті. "Бұл саммит халықаралық аренадағы жағдай шиеленіскен кезеңде өтіп жатыр. Оның сипаттары саяси қысым жасаудан, конфронтациядан және жаппай санкция салудан көрінеді. Сондықтан мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде өңіраралық ынтымақтастықтың перспективасы мен ортақ мүдделері туралы көзқарасымызды жеткізгім келеді Осы мүмкіндікті пайдаланып, Үндістанның премьер-министрі Модиді Айдың Оңтүстік полюсіне таяу жерге үндістандық ғарыш аппаратының сәтті қонуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – тарихи уақиға", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар президент климаттың өзгеруі туралы, соңғы бірнеше жылда Жаһандық Оңтүстік және Орталық Азия елдерінде өте қатты қуаншылық белең алып, басқа да табиғат апаттар жиілеп кеткені туралы айтты. "Осыған орай Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымында 2024 жылды "Экология жылы" деп жариялауды ұсынып, осы өзекті проблеманы шешу жолындағы ортақ күш-жігерді ұйымдастыруға дайын екенін білдірді ШЫҰ-ның Экология жылын өткізу жөніндегі іс-қимыл жоспары – уақтылы көтерілген бастама. Бұл бастама БРИКС-ке мүше мемлекеттер тарапынан да қолдау табады деп үміттенемін", - деді ол. Мемлекет басшысы Қазақстан қатысушы мемлекет ретінде БРИКС әлеуетін арттыруға үлес қосқысы келетінін жеткізді. "Оңтүстік Африка Республикасы төрағалығы аясындағы "БРИКС және Африка" ұранына сай, Қазақстан да БРИКС елдерімен және Африка одағымен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылады.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033848-toqaev-undistannyn-premer-ministrin-garys-apparatynyn-satti-qonuymen-quttyqtady/
24 тамыз 2023, 17:11
kk
Олимпиадаға іріктеу: гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы төрт ойынның үшеуінде жеңіліп қалды
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысты. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлайды. Жапонияның Хиросима қаласында қол добынан Париж Олимпиадасына іріктеу турнирі аяқталды. Қазақстан әйелдер құрамасы шешуші турда Үндістаннан 34-26 есебімен басым түсіп, сары құрлық бәсекесін 4-орынмен аяқтады. Отандастарымыз осыған дейінгі 3 кездесуде қарсыласқа жол берген. Мұнда барлық ойында жеңіске жеткен Оңтүстік Корея құрамасы Парижде өтетін олимпия ойындарына тікелей жолдама алды. Ал финалда жеңілген жарыс қожайыны Жапония 2024 жылғы 11-14 сәуір аралығында болатын кезекті лицензиялық турнирде бақ сынайды.
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысты. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлайды. Жапонияның Хиросима қаласында қол добынан Париж Олимпиадасына іріктеу турнирі аяқталды. Қазақстан әйелдер құрамасы шешуші турда Үндістаннан 34-26 есебімен басым түсіп, сары құрлық бәсекесін 4-орынмен аяқтады. Отандастарымыз осыған дейінгі 3 кездесуде қарсыласқа жол берген. Мұнда барлық ойында жеңіске жеткен Оңтүстік Корея құрамасы Парижде өтетін олимпия ойындарына тікелей жолдама алды.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033845-olimpiadaga-irikteu-gandboldan-qazaqstan-aielder-quramasy-tort-oiynnyn-useuinde-zenilip-qaldy/
24 тамыз 2023, 16:49
kk
Әлем чемпионатында белдескен екі қазақ баласының әрекеті жанкүйерлерді елжіретті (видео)
Дзюдодан Загребте өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында екі қазақ баласының белдесуі жанкүйер назарын аудартты. Бұл туралы Europeanudo арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. 55 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда екі қазақ дзюдошысы - Нұрлан Исатаев пен Оралбек Байзақ күресті. Аталған белдесуде Нұрлан жеңіске жетіп, кейін сол салмақта чемпион атанады. Жартылай финал белдесуінен соң Нұрлан өзінен жеңілген отандасы Оралбекті жұбатып, оған демеу көрсетеді. Екі қазақ баласының татамидегі бұл әрекеті әлемдік дзюдо мамандарының назарын аудартты. "Жартылай финалда командаласыңмен күрескен кезде... Дзюдо - бұл спорттан да артық", - деп жазды Еуропа дзюдо одағының ресми парақшасы. Айта кетелік, Нұрлан Исатаев финалда грузиялық спортшыны жеңіп, дзюдодан әлем чемпионы атанды.
Дзюдодан Загребте өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында екі қазақ баласының белдесуі жанкүйер назарын аудартты. Бұл туралы Europeanudo арнасына сілтеме жасаған хабарлайды. 55 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда екі қазақ дзюдошысы - Нұрлан Исатаев пен Оралбек Байзақ күресті. Аталған белдесуде Нұрлан жеңіске жетіп, кейін сол салмақта чемпион атанады. Жартылай финал белдесуінен соң Нұрлан өзінен жеңілген отандасы Оралбекті жұбатып, оған демеу көрсетеді. Екі қазақ баласының татамидегі бұл әрекеті әлемдік дзюдо мамандарының назарын аудартты. "Жартылай финалда командаласыңмен күрескен кезде... Дзюдо - бұл спорттан да артық", - деп жазды Еуропа дзюдо одағының ресми парақшасы.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033839-alem-cempionatynda-beldesken-eki-qazaq-balasynyn-areketi-zankuierlerdi-elziretti-video/
24 тамыз 2023, 16:36
kk
Былтырғы чемпион жоқ: Кениядан келген тағы бір легионер жартылай финалдан аса алмады
Бүгін Будапештегі әлем чемпионатында Қазақстанның атынан жарыс жолына Дэйзи Джепкемей шықты. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлайды. 3000 метрге кедергілермен жүгіруде (стипль-чез) өз өнерін ортаға салған Джепкемей іріктеу кезеңінен аса алмай, финалға шыға алмады. Естеріңізге сала кетсек, бір жыл бұрын АҚШ-тың Юджин штатында өткен әлем чемпионатында, дәл осы қашықтықта отандасымыз Нора Джеруто топ жарып, чемпион атанған. Бірақ Будапештегі жарысқа ол қатысып жатқан жоқ. Осылайша, Қазақстан былтырғы жеңісті қайталай алмады. Енді қазақстандық жанкүйерлердің назары қалған 5 атлетке ауады. 24 тамыз күні 35 шақырым спорттық жүрісте ел намысын Галина Якушева қорғайды. 25 тамызда 3 бірдей жерлесіміз – Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова және Елизавета Матвеева биіктікке секіруден сынға түседі. Егер іріктеуден өтсе – 27 тамыз күні олар финалда жүлдеге таласады. Ал 26 тамызда өтетін марафонда Жанна Мамажановаға жанкүйер боламыз. Әлем чемпионаты 27 тамызда аяқталады.
Бүгін Будапештегі әлем чемпионатында Қазақстанның атынан жарыс жолына Дэйзи Джепкемей шықты. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлайды. 3000 метрге кедергілермен жүгіруде (стипль-чез) өз өнерін ортаға салған Джепкемей іріктеу кезеңінен аса алмай, финалға шыға алмады. Естеріңізге сала кетсек, бір жыл бұрын АҚШ-тың Юджин штатында өткен әлем чемпионатында, дәл осы қашықтықта отандасымыз Нора Джеруто топ жарып, чемпион атанған. Бірақ Будапештегі жарысқа ол қатысып жатқан жоқ. Осылайша, Қазақстан былтырғы жеңісті қайталай алмады. Енді қазақстандық жанкүйерлердің назары қалған 5 атлетке ауады. 24 тамыз күні 35 шақырым спорттық жүрісте ел намысын Галина Якушева қорғайды. 25 тамызда 3 бірдей жерлесіміз – Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова және Елизавета Матвеева биіктікке секіруден сынға түседі. Егер іріктеуден өтсе – 27 тамыз күні олар финалда жүлдеге таласады. Ал 26 тамызда өтетін марафонда Жанна Мамажановаға жанкүйер боламыз.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033838-alem-cempionaty-keniyadan-kelgen-tagy-bir-legioner-zartylai-finalda-surindi/
24 тамыз 2023, 16:14
kk
Заңнамадағы өзгерістерге байланысты 1,4 млн қазақстандықтың зейнетақысы өсті
Елімізде инфляция деңгейі 2 пайызға артып, мемлекеттік зейнетақы төлемдерін тағайындау параметрлерін өзгерту есебінен 1,4 милионнан астам адамның зейнетақысы қосымша өсті. Бұл туралы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында хабарлады. Елімізде жыл сайын зейнетақы мөлшері өседі. Ведомство мәліметінше, осы жылдың басында базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 54 пайыздан 60 пайызға дейін көтерілді. Бұл өсім, ең алдымен, ең төменгі зейнетақы алушыларға бағытталған. Олар үшін базалық зейнетақының өсуі 21 пайызды құрады. Бес жыл ішінде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 50 пайызға дейін артады және бұл Қазақстанның барлық зейнеткерлеріне (бүгінгі күні 2,3 млн адам) қатысты болады. Бұл ретте базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің инфляция деңгейіне өзгеруіне байланысты жыл сайын арттырылады. "2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлікке шығатын азаматтар үшін ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды", - делінген хабарламада. Министрлік ақпаратынша, егер өткен жылы жасына байланысты зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 46 АЕК немесе 146 мың теңгені құраса, енді оны 55 АЕК-ке дейін арттырған кезде ол биыл шамамен 190 мыңын құрайды, бұл зейнетақы мөлшеріне тікелей әсер етті. Бұл өзгеріс зейнеткерлер мен енді зейнетке шыққан азаматтарға да әсер етті. Зейнетақыны есептеу кезінде қабылданатын ең жоғары табыстың артуы тағайындалған ынтымақты зейнетақылардың мөлшерін ұлғайтты және зейнетақы алдындағы кезеңдегі зейнетақы мен жалақы мөлшерінің салыстырымдылығын қамтамасыз етті. "Бұл ретте, тағайындалған ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2 пайызға артып жыл сайын өсіп отыратынын атап өткен жөн. Жоғарыда аталған барлық шаралар Әлеуметтік кодексте көзделген және зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға әрі азаматтарды зейнетақының барабар мөлшерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Елімізде инфляция деңгейі 2 пайызға артып, мемлекеттік зейнетақы төлемдерін тағайындау параметрлерін өзгерту есебінен 1,4 милионнан астам адамның зейнетақысы қосымша өсті. Бұл туралы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында хабарлады. Елімізде жыл сайын зейнетақы мөлшері өседі. Ведомство мәліметінше, осы жылдың басында базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 54 пайыздан 60 пайызға дейін көтерілді. Бұл өсім, ең алдымен, ең төменгі зейнетақы алушыларға бағытталған. Олар үшін базалық зейнетақының өсуі 21 пайызды құрады. Бес жыл ішінде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 50 пайызға дейін артады және бұл Қазақстанның барлық зейнеткерлеріне (бүгінгі күні 2,3 млн адам) қатысты болады. Бұл ретте базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің инфляция деңгейіне өзгеруіне байланысты жыл сайын арттырылады. "2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлікке шығатын азаматтар үшін ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды", - делінген хабарламада. Министрлік ақпаратынша, егер өткен жылы жасына байланысты зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 46 АЕК немесе 146 мың теңгені құраса, енді оны 55 АЕК-ке дейін арттырған кезде ол биыл шамамен 190 мыңын құрайды, бұл зейнетақы мөлшеріне тікелей әсер етті. Бұл өзгеріс зейнеткерлер мен енді зейнетке шыққан азаматтарға да әсер етті. Зейнетақыны есептеу кезінде қабылданатын ең жоғары табыстың артуы тағайындалған ынтымақты зейнетақылардың мөлшерін ұлғайтты және зейнетақы алдындағы кезеңдегі зейнетақы мен жалақы мөлшерінің салыстырымдылығын қамтамасыз етті. "Бұл ретте, тағайындалған ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2 пайызға артып жыл сайын өсіп отыратынын атап өткен жөн.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2033833-zannamadagy-ozgeristerge-bailanysty-14-million-qazaqstandyqtyn-zeinetaqysy-osti/
24 тамыз 2023, 16:10
kk
Астанаға көшетін тұрғындардың легін шектеу жоспарлануда
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көші-қон комитетінің басшысы Асқарбек Ертаев Астанадағы көші-қон ағынын бақылау қолға алынатынын, бұл мәселе әлі талқыланып жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Көші-қон комитетінің басшысы Асқарбек Ертаевқа ведомство елордаға келетін адам ағынын шектеу қалай жоспарланып жатқаны туралы сұрақ қойылды. "Елордаға көші-қон ағыны бойынша жұмыс әлі де жүргізілуде. Белгілі бір түзетулер әзірленді, бірақ олар әлі де талқыланып жатыр. Сондықтан қазір бұл туралы айтпаймын, өйткені әлі де талқылау болады. Әлі де келісім тұрғысынан жұмыс істеу қажет. Бұл шараның барлығы заңнамалық актілер аясында қарастырылады. Яғни заң жобасына енгізілген шаралар бар. Жұмыс жалғасуда, қыркүйектің ортасында алғашқы шаралар жариялануы мүмкін", - деп жауап берді комитет төрағасы. Ертаев бұл шаралардың президент тапсырмасы аясында қолға алынатынын айтты. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев елордаға көші-қонды бақылауды тапсырған болатын, өйткені Астанаға жыл сайын 50-60 мың адам келеді.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көші-қон комитетінің басшысы Асқарбек Ертаев Астанадағы көші-қон ағынын бақылау қолға алынатынын, бұл мәселе әлі талқыланып жатқанын айтты деп хабарлайды . Көші-қон комитетінің басшысы Асқарбек Ертаевқа ведомство елордаға келетін адам ағынын шектеу қалай жоспарланып жатқаны туралы сұрақ қойылды. "Елордаға көші-қон ағыны бойынша жұмыс әлі де жүргізілуде. Белгілі бір түзетулер әзірленді, бірақ олар әлі де талқыланып жатыр. Сондықтан қазір бұл туралы айтпаймын, өйткені әлі де талқылау болады. Әлі де келісім тұрғысынан жұмыс істеу қажет. Бұл шараның барлығы заңнамалық актілер аясында қарастырылады. Яғни заң жобасына енгізілген шаралар бар. Жұмыс жалғасуда, қыркүйектің ортасында алғашқы шаралар жариялануы мүмкін", - деп жауап берді комитет төрағасы. Ертаев бұл шаралардың президент тапсырмасы аясында қолға алынатынын айтты.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033821-astanaga-kosetin-turgyndardyn-legin-sekteu-zosparlanuda/
24 тамыз 2023, 15:41
kk
"Тиран күйеуіне шыдасын демеймін": Төреғали Төреәлінің жұбайы күйеуін сынағандарға жауап берді (фото)
Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын күйеуін сынағандарға желіде жауап қайтарды. Ол Instagram парақшасында оқырманы жазған хатты жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Желі қолданушысының бірі әншінің жұбайына "Толқын, ақыл үйретіп отырсың. Бірақ өзіңді жолдасың неше рет ұрып, қорлады. Сен соның бәріне төздің. Себебі, онсыз сен өмір сүре алмайсың, өзіңді материалдық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайсың. Күйеуіңмен ажырасып, бақытты өмірді таңдауыңа болатын еді. Құдайдан тиран күйеуден құтқаруын және тыныш өмір кешудісұрауға мүмкіндігің бар еді. Бірақ оның орнынатөзімді, шыдамды болуға үйретіп жүрсің", - деп жазған. Ал Толқын оқырманының бұл сынына жауап берді. "Жекеме өте көп хат келеді. Соның біреуіне қатысты ескерту айтқым келеді. Қыздар менімен өмір сүріп жатқандай сенімді жазғанда таңғаламын. Адамның ішін де, сыртын да бұл өмірде шын мәнісінде ешқашан біле алмаймыз. Көзбен көргеннің өзі жалған болып қалмасына ешкім кепіл емес. Сондықтан ақиқатты білмей, пікір айтудан аулақ болсаңыздар. Әйелдер қауымына тиран күйеуіне шыдасын демеймін. Бірақ күресудің әр түрлі жолы бар. Ақиқатты білгенде өте қатты ұялып қалмасаңыздар екен. Барлық нәрсенің ақырын білмей, тон пішуден аулақ болайықшы. Бәрі өзімізден басталады", - деп жауап берді Төреғали Төреәлінің жұбайы.
Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын күйеуін сынағандарға желіде жауап қайтарды. Ол Instagram парақшасында оқырманы жазған хатты жариялады, деп жазады . Желі қолданушысының бірі әншінің жұбайына "Толқын, ақыл үйретіп отырсың. Бірақ өзіңді жолдасың неше рет ұрып, қорлады. Сен соның бәріне төздің. Себебі, онсыз сен өмір сүре алмайсың, өзіңді материалдық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайсың. Күйеуіңмен ажырасып, бақытты өмірді таңдауыңа болатын еді. Құдайдан тиран күйеуден құтқаруын және тыныш өмір кешудісұрауға мүмкіндігің бар еді. Бірақ оның орнынатөзімді, шыдамды болуға үйретіп жүрсің", - деп жазған. Ал Толқын оқырманының бұл сынына жауап берді. "Жекеме өте көп хат келеді. Соның біреуіне қатысты ескерту айтқым келеді. Қыздар менімен өмір сүріп жатқандай сенімді жазғанда таңғаламын. Адамның ішін де, сыртын да бұл өмірде шын мәнісінде ешқашан біле алмаймыз. Көзбен көргеннің өзі жалған болып қалмасына ешкім кепіл емес. Сондықтан ақиқатты білмей, пікір айтудан аулақ болсаңыздар. Әйелдер қауымына тиран күйеуіне шыдасын демеймін. Бірақ күресудің әр түрлі жолы бар. Ақиқатты білгенде өте қатты ұялып қалмасаңыздар екен. Барлық нәрсенің ақырын білмей, тон пішуден аулақ болайықшы.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033819-tiran-kuieuge-sydasyn-demeimin-toregali-torealinin-zubaiy-kuieuin-synagandarga-zauap-berdi-foto/
24 тамыз 2023, 15:09
kk
Ақтөбе облысында кейбір санаттағы адамдарға Конституция күніне орай біржолғы төлем беріледі
Ақтөбе облысының әкімдігі 30 тамыз - Конституция күніне орай мүгедектігі бар адамдарға біржолғы төлем берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы облыс әкімдігі ресми сайтында хабарлады. "Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша төлем мөлшері 50 мың теңгені құрайды", - делінген хабарламада. Облыс әкімдігі жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 23,6 мыңнан астам азаматқа материалдық қолдау көрсетілетін мәлім етті. Оның ішінде мүгедектігі бар 5 мыңға жуық балаға біржолғы төлем берілетіні атап өтілді. Еске салайық, Атыраулық мүгедектігі бар әйел өз тағдырластарына тегін психология кабинетін ашқанын хабарлаған едік. Сонымен қатар мүгедектігі бар қазақстандықтарға қандай төлемдер қарастырылғаны туралы жазған болатынбыз.
Ақтөбе облысының әкімдігі 30 тамыз - Конституция күніне орай мүгедектігі бар адамдарға біржолғы төлем берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы облыс әкімдігі ресми сайтында хабарлады. "Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша төлем мөлшері 50 мың теңгені құрайды", - делінген хабарламада. Облыс әкімдігі жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 23,6 мыңнан астам азаматқа материалдық қолдау көрсетілетін мәлім етті. Оның ішінде мүгедектігі бар 5 мыңға жуық балаға біржолғы төлем берілетіні атап өтілді. Еске салайық, Атыраулық мүгедектігі бар әйел өз тағдырластарына тегін психология кабинетін ашқанын хабарлаған едік.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2033803-aqtobe-oblysynda-keibir-sanattagy-adamdarga-konstituciya-kunine-orai-birzolgy-tolem-beriledi/
24 тамыз 2023, 14:30
kk
Француз бәліші: Адельдің әдісі бойынша дайындалған ең дәмді рецепт
Бәліштер тек тәтті болу керек деп кім айтты? Адель ұсынған рецепт бойынша пияз қосып жасалған француз бәлішін қалай жасау керегін көрсетеміз. Ал сіз қолжетімді өнімдермен өте дәмді тіскебасар дайындап көріңіз. Ең дәмді тағам рецептерін Адельдің YouTube арнасынан таба аласыздар. Күнделікті және мерекелерге арналған ерекше идеяларды көргіңіз келсе, арнаға жазылып алыңыз. Онда қолжетімді өнімдерден дәмді, пайдалы және түпнұсқадағыдай болып шығатын тағамдарды қалай дайындау керегі айтылады. Дәстүрлі Лорен киш бәлішінің аздаған аспаздық модификациясы болып саналатын Эльзас киш тағамы француз асханасының классикасы болып саналады. Беті ашық тұратын бұл бәліштің басты ерекшелігі қуырылған пияз болса керек. Ал біз аз-мәз тәжірибе жасап, оған көк шөп қосып, бәліштің беткі бөлігін жауып пісіріп көрдік. Асханасы: Еуропалық Санаты: Тіскебасар Дайындау уақыты: 5 минут Пісетін уақыты: 40 минут Мөлшерлік калориясы: 206 ккал. Алдымен табаны қыздырып алыңыз. Пиязды қабығынан тазартып, кішкене текше пішінінде тураңыз. Алдын-ала қыздырылған табаға өсімдік майын құйып, пиязды қуырыңыз. Пияз табада қуырылып жатқан кезде бәлішке қосатын басқа өнімдерді дайындай бергеніңіз жөн. Табадағы пияз сарғылт болып қуырылуы керек. Шұңғыл ыдысқа ұнды елеуіштен өткізіңіз. Тесіктері үлкендеу үккішке ұн себіңіз. Салқындатылған сары майды ұн салынған ыдысқа үккіштен өткізіңіз. Сары майды ұнмен араластырыңыз. Сары май және ұн араласқан ыдысқа бір шымшым тұз және қаймақ салыңыз. Қаймақ неғұрлым майлы болса, қамыр соғұрлым жұмсақ болады. Содан соң қаймаққа ас содасын салып, барлық ингредиентті араластырыңыз. Қамыр салынған ыдысқа 1 жұмыртқа салып, қайтадан араластырып шығыңыз. Қажет болса, аздап ұн қосуға болады. Қамыр біркелкі болғанша илеп, бетін пергаментпен жабыңыз. Иленген қамырдың 30 минут салқын жерде тұрғаны дұрыс. Табадағы қуырылған пиязды салқындатып алыңыз. Күнзе, ақжелкен және көк жуаны жуып, кептіріңіз. Барлығын пышақпен майдалап тураңыз. Пияз бәлішін пісіру үшін күнзе, көк жуа, ақжелкен, балдыркөк қосқан дұрыс. Бәліш құрамында көк шөп неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Үлкендеу 4 жұмыртқаны шұңғыл ыдысқа жарып салыңыз. Бір шымшым тұз және ұнтақталған қара бұрыш қосыңыз. Жұмыртқа біркелкі болғанша бұлғауышпен былғаңыз. Жұмыртқаға туралған шөптерді қосыңыз. Содан кейін салқындатылған пиязды қосып, барлығын жақсылап араластырыңыз. Қамырды тоңазытқыштан алып, екі бөлікке теңдей бөліңіз. Бетіне ұн сеуіп, қамырдың бірінші бөлігін қалыңдығы 5 мм-дей етіп жайыңыз. Пеш табасына пергамент қағазын төсеп, үстіне жайылған қамырды салыңыз. Бұл - бәліштің негізі болып саналады. Қамырдың екінші жартысын жайыңыз. Бәліш негізіне салмасын біркелкі етіп салыңыз. Бәліштің ішіне дәміне қарай аздап балқытылған ірімшік қосуға болады. Қамырдың екінші бөлігін бетіне жауып, шеттерін жақсылап біріктіріп шығыңыз. Пешті 180 ° C дейін қыздырыңыз. Бәліштің үстіне жұмыртқаның сарысын жағыңыз. Табаны алдын-ала қыздырылған пешке қойып, шамамен 40 минут пісіріңіз. Рецепт видеосы
Бәліштер тек тәтті болу керек деп кім айтты? Адель ұсынған рецепт бойынша пияз қосып жасалған француз бәлішін қалай жасау керегін көрсетеміз. Ал сіз қолжетімді өнімдермен өте дәмді тіскебасар дайындап көріңіз. Ең дәмді тағам рецептерін Адельдің YouTube арнасынан таба аласыздар. Күнделікті және мерекелерге арналған ерекше идеяларды көргіңіз келсе, арнаға жазылып алыңыз. Онда қолжетімді өнімдерден дәмді, пайдалы және түпнұсқадағыдай болып шығатын тағамдарды қалай дайындау керегі айтылады. Дәстүрлі Лорен киш бәлішінің аздаған аспаздық модификациясы болып саналатын Эльзас киш тағамы француз асханасының классикасы болып саналады. Беті ашық тұратын бұл бәліштің басты ерекшелігі қуырылған пияз болса керек. Ал біз аз-мәз тәжірибе жасап, оған көк шөп қосып, бәліштің беткі бөлігін жауып пісіріп көрдік. Асханасы: Еуропалық Санаты: Тіскебасар Дайындау уақыты: 5 минут Пісетін уақыты: 40 минут Мөлшерлік калориясы: 206 ккал. Алдымен табаны қыздырып алыңыз. Пиязды қабығынан тазартып, кішкене текше пішінінде тураңыз. Алдын-ала қыздырылған табаға өсімдік майын құйып, пиязды қуырыңыз. Пияз табада қуырылып жатқан кезде бәлішке қосатын басқа өнімдерді дайындай бергеніңіз жөн. Табадағы пияз сарғылт болып қуырылуы керек. Шұңғыл ыдысқа ұнды елеуіштен өткізіңіз. Тесіктері үлкендеу үккішке ұн себіңіз. Салқындатылған сары майды ұн салынған ыдысқа үккіштен өткізіңіз. Сары майды ұнмен араластырыңыз. Сары май және ұн араласқан ыдысқа бір шымшым тұз және қаймақ салыңыз. Қаймақ неғұрлым майлы болса, қамыр соғұрлым жұмсақ болады. Содан соң қаймаққа ас содасын салып, барлық ингредиентті араластырыңыз. Қамыр салынған ыдысқа 1 жұмыртқа салып, қайтадан араластырып шығыңыз. Қажет болса, аздап ұн қосуға болады. Қамыр біркелкі болғанша илеп, бетін пергаментпен жабыңыз. Иленген қамырдың 30 минут салқын жерде тұрғаны дұрыс. Табадағы қуырылған пиязды салқындатып алыңыз. Күнзе, ақжелкен және көк жуаны жуып, кептіріңіз. Барлығын пышақпен майдалап тураңыз. Пияз бәлішін пісіру үшін күнзе, көк жуа, ақжелкен, балдыркөк қосқан дұрыс. Бәліш құрамында көк шөп неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Үлкендеу 4 жұмыртқаны шұңғыл ыдысқа жарып салыңыз. Бір шымшым тұз және ұнтақталған қара бұрыш қосыңыз. Жұмыртқа біркелкі болғанша бұлғауышпен былғаңыз. Жұмыртқаға туралған шөптерді қосыңыз. Содан кейін салқындатылған пиязды қосып, барлығын жақсылап араластырыңыз. Қамырды тоңазытқыштан алып, екі бөлікке теңдей бөліңіз. Бетіне ұн сеуіп, қамырдың бірінші бөлігін қалыңдығы 5 мм-дей етіп жайыңыз. Пеш табасына пергамент қағазын төсеп, үстіне жайылған қамырды салыңыз. Бұл - бәліштің негізі болып саналады. Қамырдың екінші жартысын жайыңыз. Бәліш негізіне салмасын біркелкі етіп салыңыз. Бәліштің ішіне дәміне қарай аздап балқытылған ірімшік қосуға болады. Қамырдың екінші бөлігін бетіне жауып, шеттерін жақсылап біріктіріп шығыңыз. Пешті 180 ° C дейін қыздырыңыз. Бәліштің үстіне жұмыртқаның сарысын жағыңыз.
Ханшайым
true
https://kaz.nur.kz/lady/2033664-francuz-balisi-adeldin-adisi-boiynsa-daiyndalgan-en-damdi-recept/
24 тамыз 2023, 14:17
kk
Тоқаев украин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы украин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033810-toqaev-ukrain-xalqyn-tauelsizdik-kunimen-quttyqtady/
24 тамыз 2023, 14:09
kk
"Ньюкасл" – " Ливерпуль": "Сауысқандар" өткен маусым үшін реваншқа қол жеткізе ала ма
"Ньюкасл" АПЛ-дың үшінші турында үлкен сынақтан өтеді. Жексенбіде "Ливерпуль" Премьер-лиганың өткен маусымында "сауысқандарды" екі рет жеңген "Сент Джеймс" стадионына келеді. Parimatch сарапшылары алдағы шайқасқа қатысты өз пікірлерін бөлісті. "Ньюкасл" "Сауысқандар" Премьер-Лиганың жаңа маусымын "Астон Вилланы" (5:1) ойсырата жеңіп бастады. Алайда екінші турда Эдди Хау командасы біраз қателік жіберіп, қазіргі чемпион "Манчестер Ситиге" минималды есеппен ұтылып қалды. "Ақ-қаралар" "қала тұрғындарына" қарсы шайқастағы қорғаныста жақсы жұмыс істеді, бірақ шабуылда олар ештеңе жасай алмай, тек қақпа бағынына бір рет соққы бере алды. Айта кету керек, "Ньюкасл" команда құрамына жаңадан келгендер Харви Барнс пен Сандро Тоналиді жақсы біріктірді. Англиялық және италиялық футболшылар командаға тастай батып, судай сіңіп, бірінші турда гол соға алды. Бірақ "Ситиге" қарсы матчта екеуі де жоғары деңгейдегі ойын көрсете алмаса да, олар сәтсіздікке ұшырады деп айтуға да келмейді. "Ливерпуль" "Скаузерлер" жаңа маусымда қысқы ұйқыдан оянған сияқты көрінеді. Бірінші турда "Клопп бандасы" "Челсимен" әсерлі матч өткізді, дегенмен командалар соңғы жылдардағы дәстүр бойынша ұпайларын бөлісті. Ал екінші турда жеңіске жетуге мүмкіншілік туындады, бірақ оның да қиындықдары болды: "шиелерден" жылдам гол соғылып, Макаллистерді ойын алаңынан алып тастау жағдайларына қарамастан, "қызылдар" 3 гол соғып жеңіске жетті. Ойын тұрғысынан қарағанда "Ливерпуль" керемет болып көрінеді. Жарақатына байланысты демалыста болып, команда құрамына оралған Луис Диас пен Диогу Дота голдарымен ерекшеленді. Жаңа ойыншылар, Доминик Собослаи мен Алексис МакАллистер бұл матчта өздерін жақсы көрсетті. Алайда аргентиналық спортшы әлі де мұқият болуы керек: АПЛ-дың бірінші турында оған сары карта көрсетілді, ал екіншісінде алаңнан мүлдем алып тасталды. Parimatch аналитикасы мен коэффициенттері "Ливерпуль" "Ньюкаслды" соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіп алды және өткен Премьер-лигада "сауысқандарды" екі рет жеңді. Дегенмен, Parimatch сарапшылары 2.15 коэффициенті берілген Эдди Хоу командасының жеңісіне сеніп отыр. Олар "Клопп бандасының" жеңіске жету ықтималдығын тек 3.15-те бағалайды, бұл дегеніміз толық бір ұпайға төмен. "Ливерпуль" АПЛ-дың соңғы 15 матчында ұпайларын қарсыластарымен тек төрт рет бөліскен, ол алдағы шайқастың тең есеппен аяқталуы екіталай екендігін көрсетеді. Parimatch сарапшылары осы нәтижеге 1.28-коэффициентін ұсынып отыр. Олар екі команданың да гол соғатынына сенімді, оның ықтималдығын 1.46-ға бағалайды. "Ньюкасл" мен "Ливерпуль" матчына ұтыс тігіп, Parimatch-пен бірге жарқын эмоциялардан ләззат алыңыз! Жаңа ойыншыларға арналған арнайы ұсыныс-шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін 100% бонус. Бонусты алыңыз да, игіліңізге жұмсаңыз! *Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.
"Ньюкасл" АПЛ-дың үшінші турында үлкен сынақтан өтеді. Жексенбіде "Ливерпуль" Премьер-лиганың өткен маусымында "сауысқандарды" екі рет жеңген "Сент Джеймс" стадионына келеді. Parimatch сарапшылары алдағы шайқасқа қатысты өз пікірлерін бөлісті. "Ньюкасл" "Сауысқандар" Премьер-Лиганың жаңа маусымын "Астон Вилланы" (5:1) ойсырата жеңіп бастады. Алайда екінші турда Эдди Хау командасы біраз қателік жіберіп, қазіргі чемпион "Манчестер Ситиге" минималды есеппен ұтылып қалды. "Ақ-қаралар" "қала тұрғындарына" қарсы шайқастағы қорғаныста жақсы жұмыс істеді, бірақ шабуылда олар ештеңе жасай алмай, тек қақпа бағынына бір рет соққы бере алды. Айта кету керек, "Ньюкасл" команда құрамына жаңадан келгендер Харви Барнс пен Сандро Тоналиді жақсы біріктірді. Англиялық және италиялық футболшылар командаға тастай батып, судай сіңіп, бірінші турда гол соға алды. Бірақ "Ситиге" қарсы матчта екеуі де жоғары деңгейдегі ойын көрсете алмаса да, олар сәтсіздікке ұшырады деп айтуға да келмейді. "Ливерпуль" "Скаузерлер" жаңа маусымда қысқы ұйқыдан оянған сияқты көрінеді. Бірінші турда "Клопп бандасы" "Челсимен" әсерлі матч өткізді, дегенмен командалар соңғы жылдардағы дәстүр бойынша ұпайларын бөлісті. Ал екінші турда жеңіске жетуге мүмкіншілік туындады, бірақ оның да қиындықдары болды: "шиелерден" жылдам гол соғылып, Макаллистерді ойын алаңынан алып тастау жағдайларына қарамастан, "қызылдар" 3 гол соғып жеңіске жетті. Ойын тұрғысынан қарағанда "Ливерпуль" керемет болып көрінеді. Жарақатына байланысты демалыста болып, команда құрамына оралған Луис Диас пен Диогу Дота голдарымен ерекшеленді. Жаңа ойыншылар, Доминик Собослаи мен Алексис МакАллистер бұл матчта өздерін жақсы көрсетті. Алайда аргентиналық спортшы әлі де мұқият болуы керек: АПЛ-дың бірінші турында оған сары карта көрсетілді, ал екіншісінде алаңнан мүлдем алып тасталды. Parimatch аналитикасы мен коэффициенттері "Ливерпуль" "Ньюкаслды" соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіп алды және өткен Премьер-лигада "сауысқандарды" екі рет жеңді. Дегенмен, Parimatch сарапшылары 2.15 коэффициенті берілген Эдди Хоу командасының жеңісіне сеніп отыр. Олар "Клопп бандасының" жеңіске жету ықтималдығын тек 3.15-те бағалайды, бұл дегеніміз толық бір ұпайға төмен. "Ливерпуль" АПЛ-дың соңғы 15 матчында ұпайларын қарсыластарымен тек төрт рет бөліскен, ол алдағы шайқастың тең есеппен аяқталуы екіталай екендігін көрсетеді. Parimatch сарапшылары осы нәтижеге 1.28-коэффициентін ұсынып отыр. Олар екі команданың да гол соғатынына сенімді, оның ықтималдығын 1.46-ға бағалайды. "Ньюкасл" мен "Ливерпуль" матчына ұтыс тігіп, Parimatch-пен бірге жарқын эмоциялардан ләззат алыңыз! Жаңа ойыншыларға арналған арнайы ұсыныс-шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін 100% бонус. Бонусты алыңыз да, игіліңізге жұмсаңыз! *Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033773-nyukasl-liverpul-sauysqandar-otken-mausym-usin-revansqa-qol-zetkize-ala-ma/
24 тамыз 2023, 14:00
kk
ІІМ полицейлердің көлігіне отырған қыздар туралы видеоға қатысты пікір білдірді
Желіде Шымкентте екі қыздың полицейлердің көлігіне отырған видеосы пайда болды. Желі қолданушыларының пайымдауынша, қызметтік көліктерге бөгде адамдардың отыруына болмайды. Бұған қатысты ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында пікір білдірді. Желіде тараған видеодан екі бойжеткеннің полиция көлігіне отырып жатқанын көруге болады. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Шымкент ҚПД қызметкерлері екі қыздың полицейлердің қызметтік автокөлігіне отырған сәті түсірілген бейнежазбаны анықтаған. "Бұл жайт 22 тамызда кешкі уақытта болған. Әкімшілік аумақта қызмет атқару кезінде Тұран АПБ патрульдік полиция полкінің автоэкипаж инспекторларынан екі қыз көмек сұраған. Қыздар саябақта белгісіз ер адамдардың тиіскенін хабарлаған (ауызша арызданған). Арызданушылармен бірге жақын маңдағы аумақтарды аралаған тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды таппай, қыздардың өтініші бойынша оларды қауіпсіз жерден түсіріп кеткен. Әлеуметтік желі қолданушыларынан жалған ақпарат таратпауды сұраймыз", - делінген ІІМ хабарламасында. Ескерту! Видеода бейәдеп сөз бар!
Желіде Шымкентте екі қыздың полицейлердің көлігіне отырған видеосы пайда болды. Желі қолданушыларының пайымдауынша, қызметтік көліктерге бөгде адамдардың отыруына болмайды. Бұған қатысты ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында пікір білдірді. Желіде тараған видеодан екі бойжеткеннің полиция көлігіне отырып жатқанын көруге болады. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Шымкент ҚПД қызметкерлері екі қыздың полицейлердің қызметтік автокөлігіне отырған сәті түсірілген бейнежазбаны анықтаған. "Бұл жайт 22 тамызда кешкі уақытта болған. Әкімшілік аумақта қызмет атқару кезінде Тұран АПБ патрульдік полиция полкінің автоэкипаж инспекторларынан екі қыз көмек сұраған. Қыздар саябақта белгісіз ер адамдардың тиіскенін хабарлаған (ауызша арызданған). Арызданушылармен бірге жақын маңдағы аумақтарды аралаған тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды таппай, қыздардың өтініші бойынша оларды қауіпсіз жерден түсіріп кеткен. Әлеуметтік желі қолданушыларынан жалған ақпарат таратпауды сұраймыз", - делінген ІІМ хабарламасында. Ескерту!
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033797-policiya-tartip-saqsylarynyn-koligine-otyrgan-qyzdar-turaly-videoga-qatysty-pikir-bildirdi/
24 тамыз 2023, 13:58
kk
Ақмола облысында дүкенге шығып оралмаған 17 жастағы жігіт іздестірілуде
Ақмола облысында 17 жастағы жігіт дүкенге шығып, қайта оралмаған. Жас жігітті қазіргі таңда тәртіп сақшылары іздестіруде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство ақпаратынша, 23 тамыз күні жергілікті тұрғын Қосшы полиция бөліміне жүгініп, 2005 жыл туған ұлы Сержан Елбрусовты табуға көмектесуін сұраған. Әйелдің сөзінше, ұлы шамамен кешкі 7-де дүкенге шығып, қайта оралмаған. Ал ұялы телефоны сөндірулі болған. Өздігінен іздеу нәтиже бермегеннен кейін полицияға жүгінген. Әйелдің айтуынша, ұлы бұған дейін де үйден кетіп қалған, бірақ осы жолы өзінің жеке заттарын алып кеткен. Жоғалған жігіттің белгілері: бойы - 170-180 см, арықтау келген, шашы қара және қысқа, көзі қара қоңыр, мұрны тік, ерні жіңішке. "Сержан Елбрусовтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін адам болса, дереу полицияға "102" нөміріне хабарласуын сұраймыз. Үйден шыққан кезде оның үстінде ақ жолақтары бар көк түсті спорт костюмі, өзімен бірге ұялы телефоны болған", - делінген Ақмола облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Ақмола облысында 17 жастағы жігіт дүкенге шығып, қайта оралмаған. Жас жігітті қазіргі таңда тәртіп сақшылары іздестіруде, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство ақпаратынша, 23 тамыз күні жергілікті тұрғын Қосшы полиция бөліміне жүгініп, 2005 жыл туған ұлы Сержан Елбрусовты табуға көмектесуін сұраған. Әйелдің сөзінше, ұлы шамамен кешкі 7-де дүкенге шығып, қайта оралмаған. Ал ұялы телефоны сөндірулі болған. Өздігінен іздеу нәтиже бермегеннен кейін полицияға жүгінген. Әйелдің айтуынша, ұлы бұған дейін де үйден кетіп қалған, бірақ осы жолы өзінің жеке заттарын алып кеткен. Жоғалған жігіттің белгілері: бойы - 170-180 см, арықтау келген, шашы қара және қысқа, көзі қара қоңыр, мұрны тік, ерні жіңішке. "Сержан Елбрусовтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін адам болса, дереу полицияға "102" нөміріне хабарласуын сұраймыз.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033788-aqmola-oblysynda-dukenge-sygyp-oralmagan-17-zastagy-zigit-izdestirilude/
24 тамыз 2023, 13:07
kk
"Бұл махаббат": Ерке мен Раим көпшілікке дуэт ұсынды (видео)
Биылғы жылдың қаңтарында шаңырақ көтерген жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Раим көпшілікке дуэт ұсынды. Бұл жаңалықты Раим Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Олардың ортақ туындысы "Бұл махаббат" деп аталады. Желі қолданушылары Раимның бұл жазбасын қызу талқыға салды. "Осының бәрі бір ән үшін жасалған хайп болып шықса", "Раим өте қарапайым еді. Еркеге қосылып, шаш үлгісі, стилі өзгеріпті", "Бірігіп бірнәрсе шықты-ау", "Күтіп жүр едім", "Маған да осындай махаббат бұйырсын", "Хиттің хиті болады", "Қызық көрінеді", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, әншінің мәліметінше, бейнебаянның толық нұсқасы 24 тамыз күні жарыққа шығады. Естеріңізге сала кетейік, қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет желіге тарап, кейінірек Раим бұл ақпаратты растаған болатын. Ал арада бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.
Биылғы жылдың қаңтарында шаңырақ көтерген жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Раим көпшілікке дуэт ұсынды. Бұл жаңалықты Раим Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады . Олардың ортақ туындысы "Бұл махаббат" деп аталады. Желі қолданушылары Раимның бұл жазбасын қызу талқыға салды. "Осының бәрі бір ән үшін жасалған хайп болып шықса", "Раим өте қарапайым еді. Еркеге қосылып, шаш үлгісі, стилі өзгеріпті", "Бірігіп бірнәрсе шықты-ау", "Күтіп жүр едім", "Маған да осындай махаббат бұйырсын", "Хиттің хиті болады", "Қызық көрінеді", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, әншінің мәліметінше, бейнебаянның толық нұсқасы 24 тамыз күні жарыққа шығады. Естеріңізге сала кетейік, қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет желіге тарап, кейінірек Раим бұл ақпаратты растаған болатын.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033620-bul-maxabbat-erke-men-raim-kopsilikke-duet-usyndy-video/
24 тамыз 2023, 12:56
kk
"Күмәнді сілтеме арқылы өтпеңіздер": СҚО полициясы желіде домофонға қатысты жалған ақпарат тарап жатқанын ескертті
Солтүстік Қазақстан облысының полициясы WhatsApp желісінде домофон ауыстыруға қатысты жалған ақпарат тарап жатқанын ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды. Бұл туралы Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары ресми арнасы хабарлады. Полиция мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының мессенджерлерінде QR-код көрсетілген домофонды ауыстыру туралы хабарландырудың фотосуреті тарап жатыр. "Әлеуметтік желілерде желі қолданушылары домофонды ауыстыру туралы басқарушы компаниялардың бірінің хабарландыруын таратуда. Таратылып жатқан хабарландыру анық емес ақпарат болып табылады. Осы сияқты хабарландыруларда көрсетілетін QR-кодтарды сканерлемеңіздер және күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіздер. Азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді не болмаса домофонды жөндеумен айналысатын қызмет көрсетуші компанияларға хабарласуды сұраймыз", - дейді СҚО полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.
Солтүстік Қазақстан облысының полициясы WhatsApp желісінде домофон ауыстыруға қатысты жалған ақпарат тарап жатқанын ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды. Бұл туралы Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары ресми арнасы хабарлады. Полиция мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының мессенджерлерінде QR-код көрсетілген домофонды ауыстыру туралы хабарландырудың фотосуреті тарап жатыр. "Әлеуметтік желілерде желі қолданушылары домофонды ауыстыру туралы басқарушы компаниялардың бірінің хабарландыруын таратуда. Таратылып жатқан хабарландыру анық емес ақпарат болып табылады. Осы сияқты хабарландыруларда көрсетілетін QR-кодтарды сканерлемеңіздер және күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіздер.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033771-kumandi-silteme-arqyly-otpenizder-sqo-policiyasy-zelide-domofonga-qatysty-zalgan-aqparat-tarap-zatqanyn-eskertti/
24 тамыз 2023, 12:40
kk
Ішінде Евгений Пригожин болуы мүмкін апатқа ұшыраған ұшақтың видеосы тарады
Куәгерлер Ресейдің Тверь облысы Куженкино елдімекеннің маңында құлаған жекеменшік ұшақтың видеосын жариялады. Қаза болғандар арасында "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин болуы мүмкін. Ұшақ апатының видеолары Тверь қаласы мен Тверь облысының пабликтерінде жарияланды. Автордың жазуынша, алғашқыда куәгерлер құлаған ұшақты ұшқышсыз басқарылатын аппаратпен шатастырып алған. Жарияланған кадрлардан түтіндеп жатқан ұшақтың жерге қарай құлап бара жатқанын, құлаған ұшақтан қою қара түтіннің шығып жатқанын байқауға болады. Кейін жергілікті пабликтер оқыс оқиға болған жерден басқа да кадрлар жариялады. Сондай-ақ желіде Росавиация мәліметінше, ішінде "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожин болған Embraer Legacy 600 ұшағының қалдықтары бейнеленген фотосуреттер жарияланды. Еске сала кетейік, 23 тамызда кешкісін Ресейдің Тверь облысында Мәскеуден Санкт-Петербургке бағыт алған жекеменшік Embraer Legacy ұшағы құлаған болатын. Кей мәліметтерге сәйкес, ұшақтың ішінде "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин болуы мүмкін. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 10 адам болған. Оның үшеуі экипаж мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша 10 адамның барлығы да көз жұмған. Бейсенбіге қараған түні Росавиация ұшақ апатынан қаза болған адамдардың тізімін жариялады. Оның ішінде Евгений Пригожиннің де есімі бар. Бұл ретте "BBC-дің Орыс қызметінің" жазуынша, апат кезінде Евгений Пригожиннің қаза болғанын бірнеше БАҚ хабарлаған.
Куәгерлер Ресейдің Тверь облысы Куженкино елдімекеннің маңында құлаған жекеменшік ұшақтың видеосын жариялады. Қаза болғандар арасында "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин болуы мүмкін. Ұшақ апатының видеолары Тверь қаласы мен Тверь облысының пабликтерінде жарияланды. Автордың жазуынша, алғашқыда куәгерлер құлаған ұшақты ұшқышсыз басқарылатын аппаратпен шатастырып алған. Жарияланған кадрлардан түтіндеп жатқан ұшақтың жерге қарай құлап бара жатқанын, құлаған ұшақтан қою қара түтіннің шығып жатқанын байқауға болады. Кейін жергілікті пабликтер оқыс оқиға болған жерден басқа да кадрлар жариялады. Сондай-ақ желіде Росавиация мәліметінше, ішінде "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожин болған Embraer Legacy 600 ұшағының қалдықтары бейнеленген фотосуреттер жарияланды. Еске сала кетейік, 23 тамызда кешкісін Ресейдің Тверь облысында Мәскеуден Санкт-Петербургке бағыт алған жекеменшік Embraer Legacy ұшағы құлаған болатын. Кей мәліметтерге сәйкес, ұшақтың ішінде "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин болуы мүмкін. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 10 адам болған. Оның үшеуі экипаж мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша 10 адамның барлығы да көз жұмған. Бейсенбіге қараған түні Росавиация ұшақ апатынан қаза болған адамдардың тізімін жариялады. Оның ішінде Евгений Пригожиннің де есімі бар.
Әлемде
false
https://kaz.nur.kz/world/2033756-isinde-evgenii-prigozin-boluy-mumkin-apatqa-usyragan-usaqtyn-videosy-tarady/
24 тамыз 2023, 11:44
kk
"Құмшекер мен нан алдым": "Шымкент шоу" театрының әзілкеші 5 мың теңгеге той жүргізген кезін еске алды
"Шымкент шоу" театрының мүшесі, әзілкеш Дәурен Жұмаділов алғаш асаба болып, 5 мың теңге тапқан кезін еске алды. QAJY MEDIA арнасына сұхбат берген актер тапқан табысына үйіне құмшекер мен нан алғанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Мен 500 теңгеге мектеп бітіру кештерін, кездесулерді жүргізіп жүрдім. Бір кезде Қасым деген досым "Балқаштан той түсіп тұр, 5 мың теңге береді" деді. 500 теңгеге тойға шығып жүрген маған 5 мың теңге өте көп ақша көрінді. Сонымен не керек жолға шығып кеттік. Үш күндік жолға костюм-шалбарды киіп шыққанмын. Пойыздың іші ыстық, киген костюмім қыж-мыж болып жеттік. Бізді мотоциклмен күтіп алды. Ары қарай той иесінің үйіне бардық. Үйлену тойды бастап кеттім", - деді Дәурен Жұмаділов. Сонымен қатар актер мұндай үлкен тойды алғаш көргенін және үзіліс кезінде көршінің үйіне барып ұйықтап қалғанын айтып берді. "Мұндай үлкен той көрмегенмін. Үзіліс басталып, дастарханға бата алдық. Содан кейін той бітті деп ойлап, көршінің үйіне барып, жатып қалғанбыз. Тойдың екінші кезеңін бастау үшін "Асаба қайда, асаба қайда" деп мені іздеген. "Мен ұйықтап қалды" деп айт дегенмін. Сөйтсем, тойдың екінші бөлігі бар екен. Әйтеуір тойды аман-есен атқарып, 5 мың теңгемді қолыма алып елге қайттым. Әлі есімде алғашқы көп табысым ғой деп, үйге құмшекер мен нан алып бардым", - деді ағынан жарылған актер.
"Шымкент шоу" театрының мүшесі, әзілкеш Дәурен Жұмаділов алғаш асаба болып, 5 мың теңге тапқан кезін еске алды. QAJY MEDIA арнасына сұхбат берген актер тапқан табысына үйіне құмшекер мен нан алғанын айтып берді, деп жазады . "Мен 500 теңгеге мектеп бітіру кештерін, кездесулерді жүргізіп жүрдім. Бір кезде Қасым деген досым "Балқаштан той түсіп тұр, 5 мың теңге береді" деді. 500 теңгеге тойға шығып жүрген маған 5 мың теңге өте көп ақша көрінді. Сонымен не керек жолға шығып кеттік. Үш күндік жолға костюм-шалбарды киіп шыққанмын. Пойыздың іші ыстық, киген костюмім қыж-мыж болып жеттік. Бізді мотоциклмен күтіп алды. Ары қарай той иесінің үйіне бардық. Үйлену тойды бастап кеттім", - деді Дәурен Жұмаділов. Сонымен қатар актер мұндай үлкен тойды алғаш көргенін және үзіліс кезінде көршінің үйіне барып ұйықтап қалғанын айтып берді. "Мұндай үлкен той көрмегенмін. Үзіліс басталып, дастарханға бата алдық. Содан кейін той бітті деп ойлап, көршінің үйіне барып, жатып қалғанбыз. Тойдың екінші кезеңін бастау үшін "Асаба қайда, асаба қайда" деп мені іздеген. "Мен ұйықтап қалды" деп айт дегенмін. Сөйтсем, тойдың екінші бөлігі бар екен. Әйтеуір тойды аман-есен атқарып, 5 мың теңгемді қолыма алып елге қайттым.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033736-qumseker-men-nan-aldym-azilkes-dauren-zumadilov-5000-tengege-toi-zurgizgen-kezin-eske-aldy/
24 тамыз 2023, 11:37
kk
Семей әкімі белгілі сәулетші Роман Шнайдерман қаладағы қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру туралы әңгімелесті
Семей әкімі әкімі Нұрбол Нұрсағатов ландшафт дизайнері, сәулетші Роман Шнайдерманмен бірлесіп Жамақаев пен Мәңгілік ел көшелеріндегі қоғамдық кеңістіктердің құрылыс барысын тексерді. Роман Шнайдерман - белгілі ландшафт сәулетшісі. Ол Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Шымкент, Тараз және еліміздің басқа қалаларын абаттандыруға бағытталған жобаларды әзірлеген. Ол Алматыдағы Панфилов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағын, Астанадағы ботаникалық бақты, сондай-ақ Түркістанның жаңартылған орталығын абаттандыру жұмыстарын жүргізген. Роман Шнайдер қазіргі таңда Семейдегі Жамақаев пен Мәңгілік ел көшелерінде жасалып жатқан қоғамдық кеңістіктер дизайнының авторы. Семей қаласы 25 жылдан кейін облыс орталғы мәртебесін алғаннан кейін, ол өз авторлық сызбасын семейліктерге сыйға тартуды ұйғарған. Роман Шнайдердің қала басшылығымен құрылыс барысын тексеру кезінде Жамақаев және Мәңгілік ел көшелеріндегі қоғамдық орындарды көгалдандыру, барлық тұрғын үшін жайлы демалыс аймақтарын жайластыру және жаяу жүргіншілердің кедергісіз қозғалысына жағдай жасау мәселелері қаралды. "Көктемде облыс және қала басшылығының шақыруымен іске кірістім. Ең алдымен, біз қала тұрғындарының нені қалайтынын зерттедік. Ең алдымен біз қоғамдық кеңістіктерді қай жерге салатынымызды ойластырдық. Дәл қазір сіздермен бірге Мәңгілік ел көшесінде тұрмыз, бұл қала орталығын жағалаумен байланыстыратын артерия, қоғамдық кеңістіктерді ұйымдастырудың ең перспективалы орны. Біз мұнда жайлы қалалық ортаның барлық заманауи әлемдік үрдістерін жүзеге асыруға тырысамыз. Бұл жаяу жүргіншілерге арналған ыңғайлы көше болады. Онда ойын алаңдары, спорт алаңдары, велосипед жолдары, тамақтану орындары, қызықты сәулеттік шамдар, автоматты суару жүйесі мен көпжылдық гүлдер отырғызылады", - дейді сәулетші Роман Шнайдерман. Жоба аясында, аталмыш көшелерде жаяу жүргіншілер аллеясын, балалар ойын және спорт алаңдарын, демалыс және фудкорт аймақтарын салу көзделіп отыр. Мұнда қала тұрғындарының тыныш және белсенді демалысы үшін арнайы орындар жабдықталады. "Біз көгалдандыруға ерекше мән бердік. Өйткені бұл біздің ойымызша қала үшін жетіспейтін нәрсе. Біз барлық жобаны облыс және қала басшылығымен бірнеше рет талқыладық, түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Біз бұл жобаға көп күш жұмсадық. Барлық жұмысты аяқтағаннан кейін, бұл аймақ қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орынына айналатындығына сенемін", - дейді Роман Шнайдерман. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Семейде 10-нан астам қоғамдық кеңістік абаттандырылуда.
Семей әкімі әкімі Нұрбол Нұрсағатов ландшафт дизайнері, сәулетші Роман Шнайдерманмен бірлесіп Жамақаев пен Мәңгілік ел көшелеріндегі қоғамдық кеңістіктердің құрылыс барысын тексерді. Роман Шнайдерман - белгілі ландшафт сәулетшісі. Ол Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Шымкент, Тараз және еліміздің басқа қалаларын абаттандыруға бағытталған жобаларды әзірлеген. Ол Алматыдағы Панфилов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағын, Астанадағы ботаникалық бақты, сондай-ақ Түркістанның жаңартылған орталығын абаттандыру жұмыстарын жүргізген. Роман Шнайдер қазіргі таңда Семейдегі Жамақаев пен Мәңгілік ел көшелерінде жасалып жатқан қоғамдық кеңістіктер дизайнының авторы. Семей қаласы 25 жылдан кейін облыс орталғы мәртебесін алғаннан кейін, ол өз авторлық сызбасын семейліктерге сыйға тартуды ұйғарған. Роман Шнайдердің қала басшылығымен құрылыс барысын тексеру кезінде Жамақаев және Мәңгілік ел көшелеріндегі қоғамдық орындарды көгалдандыру, барлық тұрғын үшін жайлы демалыс аймақтарын жайластыру және жаяу жүргіншілердің кедергісіз қозғалысына жағдай жасау мәселелері қаралды. "Көктемде облыс және қала басшылығының шақыруымен іске кірістім. Ең алдымен, біз қала тұрғындарының нені қалайтынын зерттедік. Ең алдымен біз қоғамдық кеңістіктерді қай жерге салатынымызды ойластырдық. Дәл қазір сіздермен бірге Мәңгілік ел көшесінде тұрмыз, бұл қала орталығын жағалаумен байланыстыратын артерия, қоғамдық кеңістіктерді ұйымдастырудың ең перспективалы орны. Біз мұнда жайлы қалалық ортаның барлық заманауи әлемдік үрдістерін жүзеге асыруға тырысамыз. Бұл жаяу жүргіншілерге арналған ыңғайлы көше болады. Онда ойын алаңдары, спорт алаңдары, велосипед жолдары, тамақтану орындары, қызықты сәулеттік шамдар, автоматты суару жүйесі мен көпжылдық гүлдер отырғызылады", - дейді сәулетші Роман Шнайдерман. Жоба аясында, аталмыш көшелерде жаяу жүргіншілер аллеясын, балалар ойын және спорт алаңдарын, демалыс және фудкорт аймақтарын салу көзделіп отыр. Мұнда қала тұрғындарының тыныш және белсенді демалысы үшін арнайы орындар жабдықталады. "Біз көгалдандыруға ерекше мән бердік. Өйткені бұл біздің ойымызша қала үшін жетіспейтін нәрсе. Біз барлық жобаны облыс және қала басшылығымен бірнеше рет талқыладық, түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Біз бұл жобаға көп күш жұмсадық. Барлық жұмысты аяқтағаннан кейін, бұл аймақ қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орынына айналатындығына сенемін", - дейді Роман Шнайдерман.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033752-semei-akimi-belgili-sauletsi-roman-snaiderman-qaladagy-qogamdyq-kenistikterdi-abattandyru-turaly-angimelesti/
24 тамыз 2023, 11:12
kk
Тоқаевтың шақыруымен Тәжікстан президенті Қазақстанға келе жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар екі ел басшысы Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды", - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетсек, Эмомали Рахмон елімізге мемлекеттік сапармен биыл мамыр айында келген еді. Сапар барысында Тәжікстан мен Қазақстан президенттері кеңейтілген және шағын құрамда келіссөз жүргізіп, маңызды құжаттарға қол қойды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденімен марапаттаған болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар екі ел басшысы Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды", - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетсек, Эмомали Рахмон елімізге мемлекеттік сапармен биыл мамыр айында келген еді. Сапар барысында Тәжікстан мен Қазақстан президенттері кеңейтілген және шағын құрамда келіссөз жүргізіп, маңызды құжаттарға қол қойды.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033751-tazikstan-prezidenti-zumys-saparymen-qazaqstanga-keledi/
24 тамыз 2023, 10:25